Байланысуы: Халықтың Құлагерге берген бағасы. Күреңбайдың сыны.
Дамуы: Батыраштың қызғаныштан егесуі.
Шиеленісуі: Бәйгенің басталуы.
Шарықтау шегі: Жыланды өзегі. Құлагердің көзден таса болып, қастандықпен өлтірілуі.
Шешімі: Ақан серінің бебеу қаққан зарлы - «Құлагер» әні.
«
Кейіпкерлері:
Ақан сері - ХІХ ғ. қазақ елінің рухани мәдениетінің тарихынан елеулі орын алатын белгілі өнер қайраткері,
ақын, сері , Құлагердің иесі.
«Жүйрік ат, сонар саят, қыз-қырқынмен,
Өмірді өткізген жан өз қарқынмен.
Өмірдің ащы емес, тұщысын да
Қызықтап жігіт ойын, қыз күлкіңмен.
Саңлақ ед шыққан мыңнан, озған жүзден,
Көп сұлу көзін сүзген күнді өткізген.
Қызықтың айдынына құлаш ұрып,
Армансыз қаздай қалқып, қудай жүзген...
Текті құс тазалықты қолына ұстап,
Арманы-ақ сұлулықты сүю деген.»
Күреңбай - тұлпарды тани білетін сыншы.
Батыраш - Бегайдардың ұрпағы, зұлымдық пен жауыздықтың өкілі, «Көктұйғын» аттың иесі. Ақан серіге кегі
бар, Құлагерді өлтірткен адам.
«Батыраш бала жастан атқа құмар,
Айқайшыл ат әперген баққа құмар.
Арам ой, ата намыс ұр-шоқпары,
Кір көңіл, сарайының батпағы бар»
Достарыңызбен бөлісу: