«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


«ТӘМПІШ ҚАРА» САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВ



Pdf көрінісі
бет86/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

«ТӘМПІШ ҚАРА» САНСЫЗБАЙ САРҒАСҚАЕВ
 Повесть 9 бөлімнен тұрады. Бөлімдері: "Танысу", "Тілеп алған азап",
"Әзілі ме шыны ма?" , "Өкініш", "Теке қарт", "Не болды бізге?", "Бұдан
кейінгі күндерде …", "Ойламаған жерден", "Үш күн қалғанда".
« Тақырыбы: Ауыл балаларының өмірі мен достық туралы
« Идеясы: Жас жеткіншектерді адамгершілікке,шыншылдыққа, қайырымды-
лыққа тәрбиелеу.
« Жанры: повесть
« Композициялық талдау:
Басталуы: Шаншатайдың ауылға келуі, ауыл балаларымен танысуы.
Байланысуы: Шаншатай Ертайдың суретші екенін білуі,екеуінің айырылма-
стай дос болуы.
Дамуы: Мектеп оқушыларының қырман даласына көмекке баруы. Тілеп
алған азап.
Шиеленісуі: Ауылға алғаш орнатылған радио
Шарықтау шегі: Шаншатайдың ауыл балаларына тигізген әсері.
Шешімі: Ертайдың салған суретінің «Октябрь балалары» газетіне шығуы.
« Кейіпкерлері:
Ертай - әңгімелеуші автордың өзі. Шаншатайдың суретші досы, ерке, сәл
мақтанша, қызғаншақтау бала.
Келдібай - мектептің кейіннен келген жаңа директоры.
Әміре - қатып-семген жүдеу, көк көз шал, шіңкілдек дауысты мектептің қа-
рауылы. Бір ұл, бір қызы бар.
Оңалбек - Әміренің ұлы, жазда Ертаймен бірге үшінші класты бітірген,
бірақ үш жас үлкен. Өзі аңқау, не айтсаң, соған сенгіш. Басқа балалар секілді
шымыр емес, болбыр әрі жуас. Сондықтан өзінен кішкентайлардан да таяқ
жеп қалатын.
Күлдәрі - Оңалбектің әпкесі, қиқар, тілі де қыршаңқы. Қыздан гөрі ер балаға
ұқсас: жауырынды келген, қол-аяғы балғадай ақсары.
Иманбек - балалар «Көсеуқол» дейді. Бойы да, қолы да ұзын бала, өзі ап-
арық. Жүргенде дәл сұрақ белгісі секілді басын төмен салып имиіп жүреді.
Жағына пышақ жанығандай, терісі сүйегіне жабысып қалған. Көзі де мөлиіп,
өлімтік малдың көзі ұқсап тұрады, кескінсіз. Қашан көрсең, кішкентайлар-
дың арасында жүреді. Балаларды шағыстырып, төбелестіріп қояды.
Шаншатай - «Тәмпіш қара» Келдібай директордың інісі, дөңгелек жүзіне
сүйкімді бір арай ойнап шығып, қысыңқы көзінің ноқаттай қара жанарында
ерекше бір ұшқын тұрды. Бейтаныс баланың түр-әлпетінде пәлендей сымбат
жоқ еді. Денесі түтін ге ысталғандай қара-қоңыр, әрі май жаққандай жылты-
рап тұр. Бұлшық еттері білеуленіп шығып, бүлк-бүлк етеді. Екі шекесі тор-
сықтай жалпақ маңдайынан ұйысып түскен бұйра қара шашында су тамшы-


лары күн сәулесімен таңғы шықтай жалтырайды. Қабағы да төңкере салған
кесе секілді бетінің еті де қалың. Бірақ ерні жұқа. Ақырын ғана жымиып күл-
генде, қаз-қатар аппақ тістері тізілген ақ моншақтай көрінеді. Оншама бой-
шаң да емес, төртпақ, шымыр. Ертайдың ата-әжесі айтқан қасиеттер: әдепті,
ұқыпты, кішіпейіл, ақжарқын, сыпайы, тәлім көрген бала екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет