«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


Әміре шал көктем шығысымен-ақ, ауылдың сыртындағы бақшасына ба-



Pdf көрінісі
бет88/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

Әміре шал көктем шығысымен-ақ, ауылдың сыртындағы бақшасына ба-
рып, күрке жасап, соған көшіп алады. Сары күзге дейін оның қарасын көр-
мейсің. Сонда мектепті күзету – ұлы Оңалбек пен әпкесі Күлдәрінің ен-
шісінде. Шешесін сырқаты көп адам дейді.
Бізді жасырып мектептің ішіне кіргізетін – Оңалбек те, көре қалса, бізді
тырқыратып қуып шығатын – Күлдәрі. Оның қолына түссең, аямайды.
Ұрса бір сәрі ғой, құрғырың шымшиды.
Жаңбырлы күндегі балалардың ермегі - асық. Оңалбекке таба нанның бір


үзімін беріп, үш-төрт бала мектепке кіреді де, асық ойнайды. Ертайдың асыққа
сараңдығы жоқ, көздегенін мүлт жібермейді.
Иманбек арам ойнап, Ертайдың сақасын екі рет өлтіріп кетеді.
Дүниені күйдіре жалмап тұрған ыссы күннен қорынатын жерің – көлшік.
Танымайтын себебім, біздің колхоздан үш-төрт шақырым жерде тағы бір ауыл
бар. Айналдырған он шақты үй. Оларды сиыршы дейді. Себебі көлікке жігер
аты да, мінер көлігі де – сиыр мен өгіз.
Осы арада ойламаған жерден шатақ шықты. Ертайдың киімдерін Иманбек
тығып қойған екен. Ертай қарғысты жаудырған кезде, Иманбекпен төбелесіп қа-
лады. Иманбекті ұшырып түсірген де, мені итеріп жіберген де тәмпіш мұрын қа-
ра бала.
Екі алақан енді еш уақыт та ажырамастай шарт етіп қабысты. Қолы темірдей
қатты екен.
 Ертайдың үйіне келгендегі Шаншатайдың киген киімі пәлеңдей су жаңа
болмаса да, тап-таза. Бұтында шолақ балақ шалбар. Үстінде кеше суға ки-
ген торкөз көйлек. Аяғында сандал. Басына кигені көнетоз тақия. Галстук
тағып алған. Ертай да Шаншатайға қарап, оқуға киіп жүрген көк сәтен
жидесін, ақ жолақ жолы бар шалбарын, жуырда базардан әкесі әкелген са-
ры брезент бәтеңкесін киеді.
Ержан көре сала мазақтай бастайды, ата-әжесі «біздің ерке тайлақ та әп-әдемі»
деп қолпаштайды.
Шаншатай мектеп алдындағы қос терек түбінде тұрып, егіс қасына қырманға
барасың ба деп сұрады, комбайн келді деп айтты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет