Әйтеке би кенті 13 тамыз 2014 жыл 11 сағат 00 минут



Дата03.07.2016
өлшемі18.78 Kb.
#174824
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама
Қызылорда облысы «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне

бағынысты білім беру ұйымдарының 2014 жылға

шаруашылық тауарларын

мемлекеттік сатып алу
Әйтеке би кенті 13 тамыз 2014 жыл

11 сағат 00 минут
1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі № 112 үй) Қызылорда облысы «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты білім беру ұйымдарының 2014 жылға шаруашылық тауарларын мемлекеттік сатып алуға бір көзден алу тәсілімен сатып алуды жүргізді.

2. Сатып алуға бөлінген сома 1 167 040-00 (бір миллион бір жүз алпыс жеті мың қырық) теңге 00 тиын.

3. Осы тәсілді қолдануға негіздеме: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 07 тамыздағы №269 санды бұйрығына сәйкес.

4. Өнім беруші «Ақмешіт LTD Айка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1 тармағында көзделген жалпы және біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

5. Шарт жасалатын өнім беруші - «Ақмешіт LTD Айка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (индекс 120000, Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Сәулет мөлтек ауданы №10/7) және келісім шарттың жалпы сомасы – 1 042 000-00 (бір миллион қырық екі мың) теңге 00 тиын.

6. Сарапшылар тартылған жоқ.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) Қызылорда облысы «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бағынысты білім беру ұйымдарының 2014 жылға шаруашылық тауарларын жеткізіп беру үшін өнім беруші «Ақмешіт LTD Айка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (индекс 120000, Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласы, Сәулет мөлтек ауданы №10/7) сатып алынсын.

2) Тапсырыс беруші: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (индекс 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа Нұрмағамбетұлы көшесі №112 үй) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 37 бабының 1 тармағына сәйкес «Ақмешіт LTD Айка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім-шарт жасассын.

3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы: «Қазалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жіберсін.




Мемлекеттік сатып алуды

ұйымдастырушының уәкілетті өкілі Ж.Қалнияз
«Қазалы ауданының білім бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы Е.Қалнияз

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет