Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы Екібастұз қаласы Мазмұны


Халықтың жұмыспен қамтылуы және өмір сүру деңгейі



бет5/15
Дата01.07.2016
өлшемі2.18 Mb.
#171205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2.2.2.2 Халықтың жұмыспен қамтылуы және өмір сүру деңгейі

Өңірдің экономикалық белсенді халқының саны 2009 жылы 80,8 мың адамды немесе халықтың жалпы санының 55,7%-ын құрады. 2007 жылмен салыстырғанда ол 6,7%-ға ұлғайды.


Екібастұз қаласының еңбек нарығының негізгі индикаторлары


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2007 жылға қарағанда 2009 жыл, %-бен

1

2

3

4

5

6

1.

Экономикалық белсенді халық саны, мың адам, соның ішінде:

75,7

78,5

80,8

106,7

1

2

3

4

5

6

2.

Экономикада жұмыспен қамтылғандар

69,7

72,4

74,6

107,0

3.

Жұмыссыздар

6,0

6,1

6,1

101,7

4.

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам

938

570

573

61,1

5.

Тіркелген жұмыссыздар деңгейі, %

1,2

0,7

0,9

Х

6.

Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздар деңгейі, %

8,0

7,8

7,6

Х

Соңғы үш жылдары халықтың жұмыспен қамтылуының барынша маңызды үрдісі жұмыссыздардың жалпы санының қысқаруы болып табылады, 2007 жылғы 8 %-дан 2009 жылы 7,6 %-ға дейін.

Халықтың жұмыспен қамтылуының салалық құрылымында барынша үлес салмағы Өнеркәсіп және құрылыста -60,2%,қызметтер саласына қамтылғандардың шамамен үштен бірі жұмыспен қамтылған.
Екібастұз қаласы халқының жұмыспен қамтылу құрылымы


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

1

2

3

4

5

1.

Экономикада қамтылғаны, барлығы, оның ішінде:

100,0

100,0

100,0

2.

Өнеркәсіп және құрылыс

62,1

61,0

60,2

3.

Ауыл шаруашылығы, аңшылық, орман шаруашылығы, балық шаруашылығы

2,6

3

3

4.

Қызметтер саласы,

Оның ішінде:



35,3

36

36,8

5.

Көлік және байланыс

8,3

8

8

6.

Басқа салалар

27

28

28,8

Еңбек нарығындағы негізгі проблемалар білікті жұмыс күшіне деген сұраным мен ұсыныстардың теңгерімсіздігі, халықтың жекелеген нысаналы топтары санаттарының (әйелдер, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босағандар, зейнетақы жасы алдындағы тұлғалар) жұмыспен қамтудың күрделілігі болып қалуда.

2007-2010 жылдары өңір халқының кірістерінде негізінен оң серпін байқалуда.

Халықтың жан басына орташа ақшалай кірісі 2009 жылғы деңгейге қарағанда 145,1% өсуімен 2009 жылы 40127 теңгені құрады. Күнкөріс минимумының көлемі 2009 жылы 10668 теңгеге жетті, 2007 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға көбейді.

Халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруына, бірінші кезекте, халықтың еңбек табысының ұлғаюы есебінен қол жеткізілді. 2007 жылмен, 71564 теңгені құрады.

Салалар, жекелеген кәсіпорындар мен жұмыс істейтіндер санаттары арасында жалақының саралануының жоғары болуы сақталуда. Жалақының барынша жоғары деңгейі қаржы қызметі (95200 тенге), кен өнеркәсібі (89982 теңге), электрмен қамтамасыз ету, газ,бу және ауамен кондиционерлеу (813071 теңге) сияқты салаларда істейтін қызметкерлерде қалыптасты.

Жалақының ең төменгі деңгейлері өнер, ойын сауық және демалу саласында (31870 теңге), сумен қамтамасыз ету (36079 теңге) байқалады.
Қала халқының өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің серпіні


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

1

2

3

4

5

1.

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

55080

61776

71564

2.

алдындағы жылға %-бен

122,2

112,2

115,8

3.

Ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен кірісі бар халықтың үлесі, %

2,34

2,3

2,24

Өңірде халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде 2007 жылдан бастап 2009 жылға дейін ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен кірісі бар халықтың үлесі 0,10 пайыздық тармаққа төмендеп, 2,24% құрады.


2.2.2.3 Денсаулық сақтау

Екібастұз өңірі аумағында 6 аурухана ұйымы мен диспансер, 3амбулаторлық-емханалық ұйым мен,қаланың аурухана және емханалар құрамына енетін 22 ауыл денсаулық нысандары, соның ішінде 18 медицина пунктері жұмыс істейді.


Өңір халқына емдеу-сауықтыру көмегінің негізгі көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

1

2

3

4

5

1.

Халықтың дәрігерлермен қамтамасыз етілуі,

10000 тұрғынға адам



23,5

24,0

27,2

1

2

3

4

5

2.

Халықтың орта медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілуі, 10000 тұрғынға адам

61,7

63,0

65,9

3.

Халықтың аурухана төсек-орынмен қамтамасыз етілуі, 10000 тұрғынға бірлік

64,7

64,2

63,7

Екібастұз өңірінің денсаулық сақтау жүйесінде барлық мамандықтар бойынша 372 дәрігер жұмыс істейді, орта медицина қызметкерлерінің саны – 922 адам.

Өңірде, соңғы үш жылда медико-демографиялық және негізгі әлеуметтік-маңызды аурулар бойыша көрсеткіш жақсарды.

Туу көрсеткіші 2007 жылы 15,8-ден 2009 жылы 16,59 дейін.

Жалпы өлім жітімі 2007 жылдағы серпінімен салыстырғанда төмендеді, 1000 тұрғынға 2007 жылы-11,0, 2008 жылы -17,63, 2009 жылы- 9,77 келді.

Табиғи өсім көрсеткішінің өсу байқалады, 100 тұрғынға 2007 жылы 4,8; 2008 жылы 7,83; 2009 жылы 7,5 құрады.

100 мың ересек тұрғынға жүрек-тамырлы ауру 2008 жылы 280,5, 2009 жылы 213,0, 2010 жылы (9 ай) 295,2 құрады. Соңғы 2 жылда аурудың өсуі байқалады.
Өңір халқының ауыруы бойынша негізгі көрсеткіштер


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2007 жылға қараған-да 2009 жылы,

%-бен

1

2

3

4

5

6

1.

Жүректің ишемиялық ауруы, 100 мың ересек тұрғынға

-

280,5

213,0

-

2.

Туберкулез, 100 мың адамға

135,7

127,7

99,0

-37,0%

3.

Қатерлі ісіктер, 100 мың адамға

219,6

194,0

251,2

+14,3%

2009 жылы туберкулез ауруы 2007 жылға қарағанда 37,0%-ға төмендеді.

Екібастұз өңірі онкологиялық ауруы бойынша Павлодар облысының қлалалар арасында 3 орынды иемденуде (100 мың тұрғынға шаққанда 271,5 оқиға).

Жүрек-тамырлы аурудың жоғары сырқаттылық проблемасын шешуге елеулі күш бағытталды, 2007 жылдың серпінімен салыстырғанда 100 мың тұрғынға қан айналым жүйесінің ауру көрсеткіші 2007 жылы 516,9, 2008 жылы 457 ге дейін, 2009 жылы 413,4-ке дейін. Облыстық көрсеткіш 598,3, 581,0,554,9, республикалық көрсеткіш 528,3, 489,6, 416,4. Павлодар облысының қалалар арасында көрсеткіштің ең төмені. өйткені бұл халықтың өлім-жітімінің басты себебі болып табылады (өлім-жітімінің барлық оқиғаларының 54%-нан астамы).

2009 жылдың қорытындылары бойынша 2007 жылмен салыстырғанда қатерлі ісіктерден 187-тен 150 оқиға болды, өлім жітім көрсеткіші 24,6%-ға төмендеді,Павлодар облысының қалалар арасына көп төмен. Өңірде көрсеткіш 100 мың тұрғынға 2007 жылы 131,6 (облыстық 166,0), 2008 жылы 121,4 (облыстық 166,9), 2009 жылы 103,8 (облыстық 154,8).

2007 кезеңінен 47,6 %-ға туберкулез ауруы абсалюттік оқиғалары көрсеткіштің төмендеді, серпінде 100 мың адамға 21,8 (2007 жыл) 14,5-ге (2009 жыл) құрады.

Бұған қоса, бала өлім-жітімінің көрсеткіші 24,8%-ға азайды. 1000 туған балаға бала өлім-жітімінің көрсеткіші 2008 жылы 18,24, 2009 жылы 12,52.

Тұтас алғанда, ересек және балалар тұрғындарының науқастылығы деңгейінің өсу қарқынының төмендеуіне қарамастан тұрғындар денсаулығының жағдайы бойынша Екібастұз өңірін проблемалық өңірге жатқызуға болады.


2.2.2.4 Білім беру

Екібастұз қаласының білім беру саласына 43 орта, 2 негізгі, 7 бастапқы мектеп,1 оқу-кәсіптік комбинат,23 балалар бақшасы мен 3 мектептен тыс мекемелер жатады.
Білім беру саласының негізгі көрсеткіштері


Р/с №

Көрсеткіш атауы

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жылы

1

2

3

4

5

6

1.

Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар саны

20

21

23

23

2.

Олардағы балалар, мың адам

4,4

4,7

5,4

6,9

3.

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер саны

54

52

52

52

4.

Олардағы оқушылар саны, мың адам

21,2

19,5

19,3

18,1


Соңғы жылдары қалада мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілер санының ұлғаюы байқалуда. Облыстағы орындар тапшылығы мен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту мектепке дейінгі мекемелерді салу, кеңейту, қалпына келтіру есебінен шешіледі.

Балалар бақшалары желісін қалпына келтіру мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 2007 жылы 50%-дан 2009 жылы 88,8%-ға ұлғайтуға алып келді.

Өңірдің 55,1 % мектебіне күрделі жөндеу қажет.

Пәндерді тереңдете оқытатын сыныптар ашу бойыншаоң серпін байқалады. 38 мектепте 113 сынып ашылды, соның ішінде 54 сынып қазақ тілінде оқыту (2006 жылы 93 сынып, соның ішінде 39 сынып қазақ тілінде).

ҰБТ және ПГК формаларында білім сапасын мемлекеттік бақылау процедураларында оқушылардың қатысуы қамтамасыз етілген. 2009-2010 оқу 4 сынып оқушыларының орта баллы 18,1 (2006 жылы-17,6), облыс бойынша ең үздік көрсеткіш. 9 сынып бойынша орташа балл 64,28 (облыс бойынша орта балл 61,13, республика -61,56)

Соның ішінде сапалы көрсеткіштер ҰБТ қорытындысы бойынша 2009-2010 оқу жылы:

-өңір орташа балл жақсарту 64,5-тен 84,4 –ке (19,9%);

-түлектедің санын арттыру, ҰБТ қорытындысы 100 баллдан жоғары, 45(4%) 214-ке дейін (26,2%);

Қазіргі уақытта 14 оқушыға бір компьютерден, ауылдық елді мекенде 7 оқушыға бір компьютерден келеді (2006 жылы – 16, ауылдық елді мекенде – 8).

Орта жалпы білім беру деңгейінде білімдік қызметтің сапасын арттыру,мектептерді 12 жылдық оқу мерзіміне көшуге дайындауды қамтамасыз ету мәселері шешілуде.
2.2.2.5 Мәдениет

Екібастұз өңірінің мәдениет саласы желісіне 48 ұйым: 4 мәдини-демалыс орталықтары, 18 мәдени мекемелер және 26 кітапхана кіреді.

Мәдениет саласында тұрғындарды қамту 28,3 мың адам. Екібастұз өңірі клубтық құрылымдар снаы-123, оның ішінде 3109 қатысушы (2006 жылы-99/2685),өсуі 8%, яғни жыл сайын мәдини мекемелерде 3-4 құрылымдар құрылады.

Екібастұздың ауыл өңірінде 475 адам қатысуымен өз күшімен ұйымдастырылған 44 көркем ұжым бар.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларымен 35-нан 37 мың оқырмандарға қызмет жасайды,жыл сайынғы кітап беру 800 мың дана,жылдық қатысу -300 мың тұрғындарға қызмет көрсету % 25,1 (Павлодар-27,7, Ақсу-21,1); 1000 аса шаралар өткізіледі, республика және қаланың мерекелік және айрықша даталарға арналған.

Екібастұз қаласында бард әндерінің халықаралық фестиваль, республикалық «Ақындар айтысы»,жыл сайын 7 өңірлік конкурстар мен фестивалдар өткізіледі.

«Екібастұз өңірдің 2006-2010 жылдарға арналған мәдениеттің даму» бағдарлмасының басынан жүзеге асыру шаралар өткізу саны жылына 14%-ға өсті,тұрғындарды қамту 12%-ға өсті.

Мәдениет мекемелерімен жыл сайын 1000 шаралар өткізіледі,110,0 мың тұрғындар, соның ішінде 800 шара ауылдық округтарда,оны 15,0 мың адам қатысады.

Екібастұз өңіріндегі мәдениет мекемелерінде 319 адам жұмыс істейді.

Жалпы Екібастұз өңірі бойынша соңғы төрт жылда 5 мәдениет нысан құрылысы енгізілді.



2.2.2.6 Дене тәрбиесі және спорт

Қаланың материалды - техникалық базасын дамыту барысында 2007-2009 жылдарға арналған «Бұлақ» бағдарламасы өте маңызды болды, ол Шідерті кентінде жалпы көлемі 733,2 шаршы м. 1 дене шынықтыру және суықтыру кешенін салуға мүмкіндік берді.

Жол картасы шеңберінде 2009 жылы сомасы 28,7 млн. теңгеге «Жасыбай» спорттық комплексі күрделі жөндеуден өтті; шатыр, үлкен ойын залы. №1 БЖСМ ғимаратының металл құрылғылары мен тораптарына күрделі жөндеу жұмыстары 6,7 млн. теңгеге жүргізілді.

2010 жылы облыстық бюджет қаражатынан №4 спорт мектебіне күрделі жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеті Елбасының жаппай спортты дамыту жөніндегі «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру мақсатында, 2010 жылы алғаш рет қалалық бюджеттен Екібастұз қаласының 6 муниципалдық округіндегі балалардың спорт - ойын алаңдарын 13, 5 млн.теңгеге салынды.

Бюджеттен тыс 9, 7 млн .теңге сомаға жасанды төсемі бар бірінші футбол алаңын салды (көлемі 40*60).

Дене шынықтыру саласындағы штаттық қызметкерлер саны 28 адамға ұлғайды, 281 маман ауылдық жерлердің және қала тұрғындарын дене шынықтыру және спортқа баулу жұмыстарымен айналысуда (ауылда 59). Қалалық муниципалдық округтерге 6 спорт бойынша нұсқаушысы енгізілді.

Арнайы футбол мектебінде білім алып жүрген оқушылар саны 98 адамға ұлғайды.

Тұрғылықты мекенжай бойынша дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстары, 2561 қатысушы санымен 20 балалар мен жасөспірімдер клубында, балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру және спорт клубтарының 20 секциясында ұйымдастырылған.

Спорттық секцияларда, өндірістік және білім беру ұжымдарында, аула және спорттық клубтарда, БЖСМ және өзге де түрлі меншік нысанындағы қоғамдық бірлестіктерде дене шынықтырумен және спортпен тұрақты шұғылданатындар саны бүгінгі күнде 31 969 адамды құрайды не халықтың жалпы санынан 22%. Ауылдық жерлерде спортпен тұрақты шұғылданатындар 18 %-ды құрайды.

Жыл сайын спорт түрлері бойынша қалалар мен аудандар арасындағы спартакиадаларға 250-ге жуық адам қатысады. Қалада және ауылдық аймақтарда өткізілетін алдыңғы іріктеу кезеңдеріне 2 500-ден аса адам белсене қатысады.

Әскерге дейінгі және әскер жасындағы жастар, мемлекеттік қызметшілер, қаланың білім беру мекемелдері арасында қалалық спартакиадалар және басқа да жаппай спорттық шаралар, қаланың жеке кубоктарына жарыстар және біріншіліктер өткізіледі, қатысушылардың жалпы саны 50 000 адамнан асады, оның ішінде 8 500 ауылдық жерлерден.

Көру және есту мүшелері, тірек-қимыл аппараттары зақымданған 248-ден аса мүгедек, осы санаттағылардың жалпы санынан 6,9%-ы дене шынықтыру және спортпен шұғылдану сабақтарына тұрақты барады.

5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне 5 222 оқушы қатысады.

Қаланың құрама командалары жыл бойы облыстың еркін күрес, бокс, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат бойынша Чемпионаттар мен біріншіліктеріне; тоғызқұмалақ, футбол, дзюдо бойынша қысқы және жазғы Президенттік көпжарыстарға; бокс, дзюдо, еркін күрес, таэквон-до, Президенттік көпжарыс бойынша республикалық жарыстарға қатысты.

Дене шынықтыру және спорт сабақтарына балалар мен жастарды үнемі баули отырып, дене шынықтыру-сауықтыру және жаппай спорттық жұмыстар барысында қаланың, облыстың, республиканың өзге де құрама командаларына қабілетті балалар мен жастарды табу, түрлі көлемдегі жарыстарға қатысуға ынталандыру спорт мекемелерінің ажырамас бөлігі және міндеті болып табылады.

Қалада келесі кәсіби спорт клубтары құрылған және қызмет атқаруда: «Екібастұз» футбол, шахмат және үстел теннисі бойынша спортсүйер қауым мектебі.

Арман Махамбетовтың Польшаның (Гданск қаласындағы) Халықаралық ашық турнирге қатысып, «Еуропа кубогы 2010» жеңіп алуы өткен жылдағы атаулы оқиға, сондай-ақ Арман дзюдо күресі бойынша Қазақстан Республикасының Чемпионы атағын иеленіп, ҚР спорт шеберінің нормативін орындады.

Спорттық акробатика спортшылары келесі нәтижелерге қол жеткізді:


  • спорттық акробатика бойынша Әлем Чемпионы 3-орын, Польша (Вроцлав қ.);

  • спорттық акробатика бойынша Азия чемпионы 2-орын, Нұрсұлу Меңдібаева, Виолетта Соловицкая;

  • қыздар күресі бойынша Азия Чемпионы 2-орын, Александра Бойко.

2010 жылда:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет