Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы Екібастұз қаласы Мазмұны


Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау



бет7/15
Дата01.07.2016
өлшемі2.18 Mb.
#171205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

2.2.4 Өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуын талдау

Екібастұз өңірінің аумағы облысының аумағының 15%. немесе 18,9 мың кв. км .

Халқының тығыздығы шаршы метрге 7,7 адам/шаршы шақырымды құрайды және орташа республикалық мәнінен (5,81 шаршы шақырым) асып түседі.

Солтүстік батыста – Ақмола облысымен, оңтүстік-шығыста – Қарағанды облысымен, солтүстүкте- Ақтоғаймен, оңтүстікте – Баянауыл және солтүстік шығыста Павлодар облысының Ақсу қаласымен шектеседі.

Сыртқы экономикалық байланыстар саласында, табиғи ресурстарды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік, халықты және аумақты төтенше жағдайлардан сақтау, мәдениет, спорт, ғылым және жоғары білім саласында Екібастұз қаласы өңіраралық ынтымақтастықтың құқықтық негіздері қалыптасты.

Қала халқы өңірдің 88% құрайды.

Мұндай жағдай қалада таратып орналастырудың тірек қаңқасын қалыптастыру бастамасы бар екенін көрсетеді

Екібастұз қаласы саны жағынан ірі қалаларға әлі жеткен жоқ, бұл жерлердегі кенттенудің өзіндік ерекшелігі бар.

Қазіргі уақытта ауылдық аймақ халқы негізінен өңірдің шет аймағы бөлігінен тірек қаңқасының тораптық элементіне жинақталуда.
Ауылдық аумақтарды дамыту. Барлығы Екібастұз өңірі бойынша 29 АЕМ бар, олар өңір аумағының 94%-ын алып жатыр.

Қазіргі уақытта ауылдық жерлерде 18,0 мың адам немесе өңір халқының 12,3%-ы тұрады.

2007-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақты дамыту бағдарламасы бойынша барлық көздерден 2619,5 млн. теңге бөлінген, соның ішінде республикалық бюджеттен 1514,2 млн. теңге, облыстық бюджттен -466,3 млн.теңге, қалалық бюджеттен – 604,7 мл4. теңге, сондай-ақ басқа да көздерден 34,3 млн. теңге бөлінді.

Шығыстардың негізгі бөлігі ауыз сумен жабдықтау – 42,5%, жергілікті маңызы бар жолдарды – 22,8%, ауылдық білім саласын – 21,3% дамыту үлесіне тиеді.

Өңірдің барлық елді мекені электр энергиясымен, телерадио хабарларын таратумен және байланыспен 100% қамтылған. 11 ауылдық елді мекендегі 14,2 мың тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жақсарды.

Бағдарлама іске асырылған жылдарда Шідерті кентінде мектеп салынды, Қаражар ауылында бастапқы мектепке ғимарат сатып алынды. Қаланың ауылдық аймағында мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу балаларды қамту үшін 15 шағын орталықтар ашылды.

Ақкөл,Зеленая роща,Бәйет,Төртқұдық,Бозшакөл,Бесқауға,Құдайкөл ауылдарында мәдениет үйлері күрделі жөндеуден өтті.

Ауылдық спорттық ғимараттар инфрақұрылым дамыту мақсатында Шідерті кентінде жалпы көлемі 733,2 шаршы метр дене шынықтыру және суықтыру кешенін салынды, онда футбол,волейбол,баскетбол,еркін күрес,қазақша күрес үйрену тренировка сабақтары өтеді. Солнечный кентінде хоккей кортының киім шешінетін жылу бөлмесі салынды..



Экологиялық жағдай. Екібастұз қаласы республиканың ірі өнеркәсіп орталықтарының бірі ретінде қоршаған ортаға аса жоғары жүктеме түсіруде.

Екібастұз қаласында атмосфералық ауаның сапасына әсер ететін негізгі факторлар өнеркәсіп кәсіпорындарының шығарындылары және өсіп отырған жылжымалы көздерден келетін шығарындылар саны болып табылады. Ауаны автомобиль көлігінің ластау көлемі аса қауіпті сипат алуда, ол өңір аумағында автомобиль көлігі санының күрт өсуімен негізделеді.

Өңір облыста атмосфераға шығарындыларын шығару 47%-ды құрайды.

Атмосфераға ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының көлемі 2008 жылы 294,3 мың тонна, 2009 жылы -229,2 мың тонна, 2010 жылы -226,0 мың тонна құрайды. Шығарындылардың ең көп үлесі - жалпы көлемінің 98,65%-ы өнеркәсіптік кәсіпорындарының үлесіне тиеді.

Ағынды су шығарындыларымен ластау көлемі Екібастұз қаласының Ащыкөл және Атығай жинағына 2008 жылы 10,3 мың тонна,2009 жылы -10,1 мың тонна,2010 жылы -8,2 мың тонна.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемі Екібстұз қаласы бойынша 2008 жылы 30,6 мың тонна,2009 жылы -47,0 мың тонна,2010 жылы -49,2 мың тонна.

Бүгінде ірі жүйеқұраушы кәсіпорындары жоспарланған табиғатты қорғау шараларын толық көлемінде орындауда.

2010 жылы “Б.Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1” ЖШС табиғатты қорғау шараларын 1 332 200,0 мың теңгеге орындады.

Негізгі табиғатты қорғау шаралары:


  • № 5 энергоблокқа күл аулайтын жүйені электрфильтр жаңа түрін орнатумен қайта жаңарту, ауаға түсетін күлдер 8000 т/жылына азаяды. Электфильтр монтажы аяқталды, жұмысқа кірісті. Электфилтр жұмысының режимін жөндеу жүргізілуде. Алдын ала болжау қорытындылары бойынша түтін газдарының ұшу 300 мг/м3 құрайды. Жоспарланған 320 000 мың теңге, игерілгені 1050 000 мың теңге.

  • № 3 энергоблокқа күл аулайтын жүйені электрфильтр жаңа түрін орнатумен қайта жаңарту, атмосферралық ауаға ластайтын заттарды азайтады. Шаралар 2010-2011 жылдарға рналған. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоспарланған 900 000 мың теңге, игерілгені 211 135 мың теңге.

  • күл қоймасы жағажайда шаңды қысымдау,күл жағажайының шаңын алаңын азаюына жағдай жасайды, 20 га жерге ағаш және бұта ағаштар отырғызылды. Жоспарланған 11 000 мың теңге, игерілгені 6 400 мың теңге

  • гидрокүл жою №2 жіп жүйесін күрделі жөнделді,жер ресурстарын ластауды алдын алу үшін. Жоспарланған 15 000 мың теңге, игерілгені 20 000 мың теңге;

  • қатты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар жинағы құрылысы салынды. Жоспарланған 20 000 мың теңге, игерілгені 30 000 мың теңге;

  • ЗУУ технико-экономикалық көрсеткіштерді анықтау мақсатында №4,6,7 энергоблоктарда күл жинақтайтын қондырғыларда зерттеу сныдары жүргізілді. Жоспарланған 1500 мың теңге, игерілгені 2 000 мың теңге;

2010 жылы “ Екібастұз МАЭС-2 стансасы” АҚ табиғатты қорғау шараларын 191 410,0 мың теңгеге орындады.

Негізгі табиғатты қорғау шаралары:



  • №2 станциясының энергоблогында күлді ұстайтын қондырғыны қайта

құруы, жылына 28 627 тонн көмір күлінің шығаруынның төмендеуіне келтіреді, жоспарланғаны 562 500мың.теңге (2009жылы шаралар орындалған болатын) және толық көлемде игерілген;

  • №1 станциясының оттығына 12 жанарғы шығарылған және құрылған,

орындалған, яғни жылына 766 тонн азот тотықтарының шығаруынның төмендеуіне келтіреді, жоспарланғаны 35500мың.теңге, игерілгені 35 650мың, теңге;

  • отын беру сорғыш құрылысына жөндеу жұмысы орындалған, яғни

көмір шаңының нормативті көлемін шығарылуын қамтамасыз етуге келтіреді. Жоспарланғаны 2 000мың теңге, игерілгені 3 502 мың теңге;

  • азот тотықтарының нормативті көлемін шығарылуын қамтамасыз ету

үшін, №1,2 энергоблогтарында жаңғыш құрылысының қайта құрылуы орындалған. Жоспарланғаны 5 000мың теңге, игерілгені 12 124 мың теңге;

  • күл жағажайларынан көмір күлін шығаруды төмендету үшін, 30га

кеңістігінде шаң басуы орындалған. Жоспарланғаны 25 000мың теңге, игерілгені 31 746 мың теңге;

  • шаруашылық тұрмыс канализациясына, бакты-нейтрализаторды

жөндеуіне, насостардың ілмектік арматурасын жөндеу бойынша жұмысы жүргізілген. Жоспарланғаны 2 500мың теңге, игерілгені 932 мың теңге;

  • сынап мағыналық қалдықтарды көму және жою, қауіпті қалдықтарды

зиянсыздандыруына келтіреді. Сынабы бар 4 167шамдар тапсырылған. Жоспарланғаны 80мың теңге, игерілгені 175 мың теңге;

  • қауіпті қалдықтарды зиянсыздандыру үшін 120,5кг дәрігерлік

қалдықтар тапсырылған болатын. Жоспарланғаны 30мың теңге, игерілгені 54 мың теңге;

  • табиғи ортадағы орналасқан қалдықтар көлемін төмендету үшін,

энергетикалық отын ретінде пайдаланған мұнай өнімдерін өзінің меншікті кәсіпорындарында қолдану бойынша іс-шаралар орындалған болатын.

2010 жылы «Богатырь Көмір» ЖШС-де 1 366 642,442мың.теңге сомасына табиғатты қорғау шаралар орындалған.

Кәсіпорындардың негізі табиғатты қорғаушылық шаралар:

разрездегі а/жолдарында көмірді экскаваторға артқанда шаң басуы, 430шарт.тонн шаңдардың пайда болуының төмендеуіне келтіреді, 45,2мың.пог.м. авотжолдарына сулау жүргізілген. Жоспарланғаны 10 000мың теңге, игерілгені 3395,0 мың теңге;



  • құймаларда орналасқан аршу ішінде жанатын булардың күшейте

түскендіктің тотықтырғыш барысын томендету бойынша іс-шаралар кешені, сонымен қатар топрақ нығыздағышын сатып алуға, аршу ішінде құрастырғанда жылына 3В газ тәріздіге 2727,5 шарт.тонн бөлінудің төмендеуі. Жоспарланғаны 66 915мың теңге, игерілгені 190 607 мың теңге;

  • бұрғы жұмыстары кезінде шаңдардың пайда болуы жылына 25,3

шарт.тоннаға төмендеуі үшін, құрғақ шаң ұстайтын бұрғы машина станогы сатып алынған. Жоспарланғаны 150 105,0мың теңге, игерілгені 150 105,0 мың теңге;

  • 2 бірлік ЕМК-1600 сүзгі-желдету агрегаты сатып алынған,

жоспарланғаны 1599,0мың теңге, игерілгені 1 745,6 мың теңге;

  • «Северный» разрезінің (1,2,3,4) санитарлық жұмыспен өтеуі, сыртқы

құймаларда орналасқан (5,93млн.м3) жылына 19882780тонн мөлшерінде аршу жыныс көлемінің төмендеуіне келтіреді. Жоспарланғаны 1 030 000мың теңге, игерілгені 906 662,3 мың теңге;

Яғни өңірдің экологиялық жағдайы күрделі болып келеді.


2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесіне талдау

2.2.5.1 Қала бюджеті

Екібастұз қаласының бюджеті негізінен бюджеттік әкімшілендірудің барлық функциялары бойынша мемлекеттік қаржыландыру көлемінің барынша ұлғаюымен сипатталады.

Қала бюджетінің көлемі 2010 жылы 7283,9 млн. теңгені құрады, бұл 2008 жылғы қала бюджетінен 1,2 есе көп.
2008-2010 жылдардағы қала бюджетінің құрылымы

Республикалық бюджеттен трансферттер 2008 жылға қарағанда 1,4 есеге ұлғайды. Республикалық бюджеттен трансферттер үлесі 2009 жылы 22,1% (2008 жылы – 25,4%), меншікті кірістің үлесі – 77,8% (2008 жылы – 74,6%), құрады.

Қолданыста болған Жалпы сипаттағы трансферттер есебінің әдістемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы нысаналы трансферттер жергілікті бюджеттер базасына енгізілді. Осыған байланысты 2008 жылы нысаналы трансферттер көлемінің төмендегені байқалды.
2008-2010 жылдардағы қала бюджетінің меншікті кірістерінің түсімі


Меншікті кірістер түсімдерінің серпініне сәйкес 2010 жылғы меншікті кірістердің өсу қарқыны 120,9 %-ды құрады.

Меншікті кірістер үлесінде 98 % салықтық түсімдерге жатады.

Алайда, облыстың ірі кәсіпорындарының қаржы-шаруашылық қызметінің тұрақсыздығынан әлемдік қаржы дағдарысы мен 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты 2008-2009 жылдары меншікті кірістер түсімдері қарқынының баяулауы байқалды.

Қалабюджетінің шығыстары соңғы үш жылда 1,4 есеге өсіп 8548,8 млн. теңгені құрады.


2008-2010 жылдардағы қала бюджеті шығыстарының өзгеру серпіні


Талдау жасалған кезеңде шығыс бөлігінің құрылымында көрсеткіштер арақатынасында өзгерістер болды. Қала бюджеті барынша әлеуметтік бағытталды, әлеуметтік саланы қаржыландыруға арналған бюджет қаражаты 55,7%-дан астамды құрайды (2008-2009 жылы үлесі 50%), қаржыландыру көлемі 2008 жылға қарағанда 2010 жылы 1,2 есеге ұлғайды.

2008 жылдан бастап аудандар мен қалалар бюджеттерін қалыптастыру шығындар деңгейіндегі айырмашылыққа: демографиялық құрамға, халықтың орналасу тығыздығына, климаттық жағдайларға, көліктік қолжетімдікке және басқаларға негізделген объективті факторларды ескере келе, формульды сұлба бойынша бюджет қызметтерін тұтыну санын назарға ала отырып, шығыстық қажеттіліктерді бағалау негізінде жүзеге асырылды.



Қала бюджетінің шығыстар бағыттары бойынша

млн. теңге





Көрсеткіш атауы

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2010 ж 2008 ж өсу%

Меншікті салмақ, %

1

2

3

4

5

6

7

1

Қала бюджеті бойынша шығындардың барлығы

5878,9

8548,8

7283,9

23,9 %

100%

2

Әлеуметтік сала

2907,2

3958,7

4060,3

39,7%

55,7 %

3

-білім беру

2320,8

3186,3

3322,3

43,1%

45,6%

4

-Мәдениет,спорт және ақпарат

219,3

239,7

259,4

18,3%

3,5%


5

-денсаулық


0,1

0

0







1

2

3

4

5

6

7

6

-әлеуметтік қамту,әлеуметтік қорғау

367,0

532,7

478,6

30,4%

6,6%

7

-тұрғын коммуналдық шаруашылығы

507,4

1478,7

690,4

36%

9,5%

8

Көлік және коммуникация

320,8

853,9

343,5

7%

4,7%

9

Ауыл шаруашылығы

2,8

4,2

19,6

600%

0,4 %

10

Жер қатынастары

2,7













11

Әкімшілік шығындар

314,2

331,9

403,8

28,5%

5,5%

12

Басқалар (әскерикомат,бірыңғай талон,комм.меншік бағдарламалары,кәсіпкерлік қызметке көмек)

35,9

38,2

36,3

1,1%

0,5%


13

Дамыту бағдарламалары

1080,4

1231,7

1550,7

43,5%

21,3%

14

Заңды тұлғалардың жарғы капиталына ұлғайту және құрау

463,5


530,0


91,5


-80,3%


1,2%


15

Жергілікті атқарушы органнның резерві

4,9

4,7

2,4

-51%

0,03%


16

Бюджеттік алымдар

235,8

116,7

3,6

-89,8%

0,05%

15.

ОблТрансферттерді қайтару

3,3

0,1

81,8

147,8

1,12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет