Қаланың бюджеттік саясаты облыстың алған барлық міндеттемелерін толық және уақтылы жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталды, бірінші кезекте бұл әлеуметтік міндеттемелер, сондай-ақ жұмыспен қамтуды қоса алғанда өңір халқын әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шаралар.
Осылайша, бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталды және шығыстарды жоспарлаған кездегі негізгі басымдық әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, білім, сондай-ақ оөңір экономикасының дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.
2.2.5.2 Мемлекеттік жергілікті басқару органдарының қызметі
Өңірдің жергілікті мемлекеттік басқаруын тиісті аумақтағы әлеуметтік істерге жауап беретін жергілікті өкілді және атқарушы органдар көрсетеді.
Павлодар облысының Екібастұз қаласы мемлекеттік қызметшілерінің жалпы штат саны 2011 жылғы 1 қаңтарға 223 бірлікті құрайды, соның ішінде 198 әкімшілік мемлекеттік лауазым, соның 207 бірлігі орнында, бос орындар - 6.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің штат саны 15 бірлік, соның нақты орнында 15 лауазым.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі – 16 жыл, әкімшілік – 11 жыл.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы 49 жасты құрайды, әкімшілік мемлекеттік қызметшілер - 40 жас.
Мемлекеттік қызметшілердің жалпы санынан 89%-ның жоғары білімі бар, орта кәсіптік білімі барлар – 10,1 %, орта білімді - 1 %.
Әйелдердің жалпы санынан басшы құрамдағы әйелдер 2,5 % немесе 6 бірлікті құрайды.
Өңірде мемлекеттік қызметте 23 ұлт өкілі жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік шеберлігін арттыруға бағытталған шаралардың ішінде біліктілікті арттыру сияқты қайта даярлауды да қамтитын мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесі маңызды орын алады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы” № 1457 Жарлығына сәйкес облыстың мемлекеттік қызметшілерін оқыту Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында, салалық оқыту орталықтарында және Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қаланың 3мемлекеттік қызметшісі оқыды, соның 3-і – біліктілікті арттыру тақырыптары бойынша және 15-і – қайта даярлауға бағытталды.
Павлодар облысының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 60 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды.
Барлық деңгейдегі жергілікті өкілдік органдардың (мәслихаттардың) қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасын-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңымен реттеледі.
Өткен кезеңде сайлау округтерінде депутаттардың халықпен барлығы 62 кездесуі, соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру бойынша және жеке мәселелер бойынша 108 қабылдау өтті. Сайлаушылар көтерген мәселелердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына и әлеуметтік-мәдени салаға қатысты.
Қалалық мәслихат өз қызметінде қалалық бюджетті қалыптастыру, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бағдарламалары, олардың орындалу барысын бақылау бөлігінде атқарушы органдармен тығыз өзара қарым-қатынас жасайды.
Қалалық мәслихаттың бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланысы қалыптасты. 2010 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында барлығы 25-тен астам материал жарияланды және айтылды.
2.2.5.3 Мұрағат ісі
2001 жылдан бастап Екібастұз қаласында 2 мұрахат:Павлодар облысының Екібастұздық мемлекеттік мұрағаты және «Екібастұз қалалық мұрахат жеке құрамы» ММ. Павлодар облысы әкімдігінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы №283/18 қаулысымен «Екібастұз қаласы мемлекеттік мұрахаты» ММ бұрынғы 2 мұрахатты біріктірген.
Екібастұз қаласы мемлекеттік мұрахаты 1920-2010 жылдардағы 83974 бірліктен астам мұрахаттық құжаттар сақталуда. Жыл сайынғы қоры тарихи және мәдени жағынан құнды 2500 астам әр түрлі құжаттармен толықтырылып отырады.
2007-2009 жылдары Екібастұз қаласы ұйымдары мен мекемелері тарихы бойынша 835 тақырыптық сұраныммен толықты, азаматтардың 8647 өтінішке жауап қайтарылды. Бұл ретте мұрағат ақпаратымен қанағаттанған сұранымдар үлесі жылдық көрсеткіштің 87,6% (республикалық көрсеткіш – 70%, облыстық -83%) құрайды.
Қаланың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелеріне құжаттау және құжаттаманы басқару мәселелерінде әдістемелік көмек көрсетіледі. Қаланың мекемелері, ұйымдары, кәсіпорындары үшін 28 іс номенклатурасы әзірленді және келісілді.
Екібастұз қаласы мемлекеттік мұрағатының негізгі көрсеткіштері
Р/с
№
|
Көрсеткіш атауы
|
2007 жыл
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Екібастұз қаласы мұрағат мекеме-лерінің саны
|
2
|
2
|
2
|
2.
|
Қорлар саны
|
198
|
211
|
213
|
3.
|
Сақталатын құжаттар саны, сақт. бірлігі
|
77028
|
79091
|
81701
|
4.
|
Мемлекеттік сақтауға арналған құжаттарды қабылдау, сақт. бірлігі
|
2905
|
2064
|
2615
|
5.
|
Басып шығарылған жинақтар, кітаптар
|
|
|
|
6.
|
Орындалған әлеуметтік-құқық-тық сипаттағы сұранымдар
|
3044
|
3024
|
2634
|
7.
|
Шетелдерден келген сұраным-дар
|
968
|
779
|
935
|
Мұрахат қорының сақталу бойынша негізгі мәселе ғимараттың жоқтығы, соңғы 10 жылда мұрахат 4 рет қоныс аударды.
Арнайы технологиялық жабдықтардың, орындарды жұмыс компьютерімен қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі барлығы 46%-ды құрайды.
2.3 Орта мерзімді перспективада Екібастұз өңірінің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелі басымдықтары мен мүмкіндіктері факторларын ұстанатын негізгі проблемалар, қауіп-қатерлердің кешенді сипаттамасы
Екібастұз өңірінің келтірілген соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық талдауынан өңірде инвестициялар салу үшін маңызды бәсекелестік басымдықтар бар деген қорытынды жасауға болады.
Өңірде минералды шикізаттың мол қоры жинақталған. Елдің көмірге, ферроқорытпаға, алюминий тотығына және алюминийге деген қажеттіліктердің басым бөлігін қамтамасыз ететін күшті кен-металлургия кешені құрылды. Барланған Кен орындары базасында ірі қала құраушы кәсіпорындар жұмыс істейді.
Өңірдің қолайлы географиялық орналасуы және дамыған өнеркәсіп көліктің барлық түрлері мен жол желісінің дамуына негіз болды.
Екібастұз қаласы Қазақстанның энергиямен барынша жарақтанған аумақтарының санына жатады. Қала электр станциялары Павлодар облысының шаруашылық кешені мен халқының электр энергиясын тұтынуын қамтамасыз етеді, электр энергиясының бір бөлігі экспортқа шығарылады.
Қазіргі уақытта дербес кредит мекемесі ретінде танылған, сондай-ақ қазақстандық банктердің көптеген филиалдары бар банктік жүйе дамыды, қазіргі заманғы банк жүйесінің толық спектрін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өңірлік және жетекші операторлар арқылы танылған дамыған телекоммуникация жүйесі сапалы және сенімді байланысты, Интернет, бейнетелефон және басқа қазіргі заманғы ақпараттар желісін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Теміржол және автомобиль көлігі қызметтерінің сапасы артуда. Осылайша, пайдалы жағдай, дамыған көлік коммуникациясының, ұлттық және әлемдік шаруашылық жүйесінде өңірдің дәстүрлі және жаңа шаруашылық байланысының өңір экономикасының тұрақты дамуы және халықтың өмір сүру сапасының артуы үшін қолайлы алғышарттар жасауда.
Дегенмен, өңірде бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемалар бар, осы Бағдарлама соларды шешуге бағытталған.
Өңірдің әлеуметтік саласындағы жағдайды бағалай келе нашар материалдық-техникалық база, оны дамытуға, жаңғыртуға және нығайтуға, жаңадан объектілер салуға арналған бюджеттік қаржыландыру көлемінің қысқаруы жалпы проблемалар болып табылатынын атап өткен жөн. Облыс қарттар мен мүгедектер үшін интернат-үйлермен нормативтерінің жартысынан аз көлемде қамтамасыз етілген, балаларға арналған әлеуметтік-сауықтыру мекемелері дамымаған. Мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығы да кемшіліктердің бірі болып табылады.
Өңір жұртшылығының мәдени және ақпараттық қажеттіліктер және оларды қанағаттандыру арасындағы айырмашылығы жыл сайын ұлғаюда. Мәдениет саласының индустриясы баяу дамуда. Ауыл клубтарының үштен бірінен астамы күрделі жөндеуді қажет етеді.
Өңірдің коммуналдық шаруашылығындағы проблемалар қиындауда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ақысының өсуі халықтың есебінен саладағы құрылымдық өзгерістермен, көрсетілетін қызметтер сапасының артуымен және негізгі қорлардың барынша жаңалануымен сүйемелденген жоқ. Салада ресурсты тұтыну мен баға құраудың шығынды тетіктерінің қолданылуы жалғасуда, энергиялық тиімді және ресурс үнемдеу үлгілері тым баяу енгізілуде.
Тіркелген жұмыссыздар деңгейі Екібастұз қаласында (6,9%) ресми облыстық орташа көрсеткіштен жоғары. Әйелдер мен жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі орташа облыстық деңгейден жоғары.
Экономиканың соңғы өнімді шығаруға бағдарлануы нашар. Өңір экономикасы құрылымының әртараптануының жоғары болуына қарамастан өнеркәсіпте аралық өнім (көмір, алюминий тотығы, ферроқорытпа) шығаратын шикізат саласының рөлі жоғары. Электр энергетикасының рөлі жоғары, олардың өнімі шикізат пен тұтыну тауарлары арасында аралық жағдайды иеленген.
Шағын бизнес белсенділігінің жеткіліксіздігі және оның өңір экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына үлесі. Өңірдің әр түрлі қалалары мен ауылдық елді мекендерінде 1000 адамға арналған шағын кәсіпорындар саны және жергілікті бюджеттер кірістеріне шағын бизнестен түсетін салықтық түсімдердің үлесі бойынша саралану жоғары болуы сақталуда. Тарифтердің өсуі көлік қызметтеріне, электр энергиясына жерді және үй-жайды жалдауға кері әсер етуде. Банктердің кредиттік ресурстарына көптеген шағын кәсіпорындар қол жеткізе алмауда.
Өңірде жолдардың 44% жағдайы қанағаттанғысыз деңгейде. Үсті қатты автомобиль жолдары арқылы аудан орталықтарымен байланыс жасай алмайтын ауылдық елде мекендер бар.
Кадрларға деген құрылымдық тапшылық байқалуда. Жұмыспен қамтамасыз етудің барынша жоғары қамтамасыз етілуіне қарамастан техникалық мамандықтар мен ауыл шаруашылығы жұмысының мамандарына деген қажеттілік сезіледі.
Өңірдің оқу орындарында жекелеген кәсіптер бойынша кадрлар даярлаудың жеткіліксіздігінен немесе мүлдем болмауына байланысты проблема орын алуда, нарықта оларға сұраныс бар. Негізінен бұл ауыл шаруашылығы мамандықтары.
Шаруашылық қызмет көптеген жылдар бойы өңірдің экологиялық жүйесін маңызды, кейде тіпті орны толмас салдарлар мен бұзылуларға, ауқымды үйінділер мен шығарындылар көлемінің жинақталуына, едәуір аймақтың ластануына алып келді.
Ауаға шығарындылар көп құрамды химиялық құрамымен сипатталады, оларда диоксид қышқылы басым. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының негізгі стационарлық көздері энергетика және Кен-металлургия кешендері кәсіпорындары болып табылады. Осы және басқа күрделі экологиялық проблемалар өңірдің қоршаған ортасына антропогендік престі азайту жөніндегі шаралар кешенін атқарушы органдар мен шаруашылық қызметі субъектілерінің бірлескен және барыншы тиімді іс-қимылдарды жүзеге асыруын талап етеді.
Өңірді дамытудың әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы өңірдің дамуының күшті және нашар жақтарын, оны дамытуды шектеуді және мүмкіндіктерін анықтаған SWOT-талдауда көрсетілген.
Күшті жақтары:
-
Өңір пайдалы қазбаларға бай, солардың негізгісі көмір болып табылады. Көмірдің жалпы қоры облыс бойынша республикалық баланстық қордың 35,7 %-ын құрайды.
2. Облыс бойынша өнеркәсіптік өнім үлесі бойынша өңір 3 орынды иеленген .
3. Өңір энергетикалық базасы күшті.
4. Құрылыс индустриясындағы оң өсу қарқыны.
5. Бюджет шығыстарының көп бөлігінің әлеуметтік қамтамасыз етуге, білімге арналуы Адами капиталдың дамуы сияқты ішкі сұранысқа қолдау жасауға да әсер етеді.
6. Өңірдің тарихи-мәдени мұрасының сақталуы, дамуы және насихатталуы.
7. Мәдениет қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін көтеретін конкурстар өткізу сапасының жақсаруы.
8. Халықтың мәдениет саласы қызметтеріне қажеттілік деңгейінің ұлғаюы.
9. ТКШ қызметтерінің қалыпты сапасына қажеттіліктің жоғарылығы.
Осал жақтары:
1. Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейінің жеткіліксіздігі.
2. Қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілік деңгейінің жеткіліксіздігі салдарынан олардың кейбірі бойынша импорт үлесінің жоғары болуы.
3. Халықты сапалы ауыз сумен сенімді қамтамасыз ету проблемасы.
4. Өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату және тереңдетіп қайта өңдеу өндірістерінің болмауы.
5. Коммуналдық желілердің тозу деңгейінің жоғары болуы.
6. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғары болуы және жоғары экологиялық тәуекел.
7. Ауыл халқының қалаларға тұрақтауға көші-қоны.
8. Өңірде білікті кадрлардың тапшылығы.
9. Жұмыссыздық деңгейінің салыстырмалы жоғары болуы 6,6%
10. Халықтың қатерлі ісікпен ауыру деңгейінің жоғары болуы – 100 мың халыққа 251,2 адам .
11. Өңір халқының мәдени мекемелер желісінің тең дамымауына негізделген мәдениет ұйымдарының қызметіне тең қол жеткізе алмауы.
12. Күрделі және ағымдағы жөндеуді және материалдық-техникалық базасын нығайтуды талап ететін мәдениет объектілерінің болуы.
Қатерлер:
1 Өңірдің минералды-шикізат ресурстары таусылған жағдайда облыс экономикасының шикізатқа бағдарлануы салдарынан экономикалық дағдарыс қаупі сақталуда.
2. Өңірдің инвестициялық әлеуетінің төмендеуі салдарынан өңірдің инвестициялық тартымдылығының төмендеуі.
3. Білікті кадрлардың жеткіліксіздігі салдарынан еңбек өнімділігінің төмендеуі.
4. Өңірдің еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың тең болмауы.
5. Азық-түлік тауарларының жекелеген түрлерін әкелуден болатын сыртқы тәуелділікке байланысты өңірде азық-түлік қауіпсіздігі қатері.
6. Техногендік факторлардың әсерінен жер және табиғи ресурстардың бұзылуы.
7. Өңірде экологиялық жағдайдың нашарлау қаупі.
8. Халықтың өңірге көші-қон деңгейінің төмендеуі.
9. Мәдениет ұйымдарының нашар материалдық-техникалық жарақтануы (саз аспаптарының, қазіргі заманғы жабдықтардың, сахна киімдерінің жетіспеуі).
10. Табиғи-климаттық жағдайлардың тарихи-мәдени мұра объектілеріне теріс әсері.
11. Тозуына байланысты жабдықтардың жарамсыз болу мүмкіндігі.
Мүмкіндіктер:
1. Қазіргі қолда бар табиғи-шикізат ресурстарының базасында – кластерлердің кешенді даму мүмкіндігі.
2. Халық санының өсуі және өңірде жоғары білікті мамандар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау.
3. Экономиканың басым және төмен салаларында жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндігіне негізделген жұмыспен қамтудың өсуін ұлғайту.
4. Өңір халқының ақшалай кірісінің барынша өсуі.
5. Ауыл шаруашылығында, соның ішінде ауыл шаруашылығын дамытудың инновациялық негізінде өндірістің өсу перспективасы.
6. Ауыл шаруашылығының инфрақұрылымын дамыту (сату-дайындау, қайта өңдеу, көлік, қаржы).
7. Мемлекеттік және жеке инвестицияларды әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға тарту.
8. Өңірде экологиялық жағдайды жақсарту.
9. Сапалы коммуналдық қызметтер ұсыну.
Тұтастай алғанда, қалыптастырылған қатерлер мен мүмкіндіктер ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізетін нәтижелі бағдарлама ретінде Екібастұз қаласы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын қабылдау қажеттігін айқындайды.
2.4 Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатына талдау
Мемлекеттік өңірлік саясат Екібастұз өңірінде қолданылатын өңірлік бағдарламалар кешені арқылы іске асырылады.
2009 жылы 15 қалалықбағдарлама қолданылды. Жоспарланған 344 іс-шараның 338і орындалды.
Барлық қаржыландыру көздерінен 3489,1 млн. теңге көзделді, ), бұл ретте игерілгені 3477,8 млн. теңге (99,7%).
Осы бағдарламалар бойынша жоспарланған міндеттер мен индикаторларға қол жеткізу деңгейіне жасалған талдау бағдарламаларын іске асыру деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
2010 жылы қалалық бағдарламадан:
- экономиканың нақты секторында – 6 (Екібастұз өңірінің агрокәсіптік комплексінің дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, Екібастұз қаласы бойынша шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік көмек және дамуының 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, Екібастұз өңірінің тұрғын коммуналды саласының 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, Екібастұз қаласында құрылыс индустриясы және тұрғын үй құрылысының дамыту 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, Екібастұз өңірінің 2006-2010 жылдарға Қасбет бағдарламасы, Екібастұз қаласының абаттандыру және көгалдандыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
- әлеуметтік салада – 9 (2006-2010 жылдарға арналған «Жастар» бағдарламасы, «Екібастұз қаласында мемлекеттік ақпараттық саясат 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы», 2006-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту «Ана тілі»бағдарламасы, Екібастұз өңірінің мәдениетті дамыту 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, Екібастұз өңірінің білім жүйесін дамыту 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, Екібастұз өңірінде дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы, Екібастұз өңірінде 2006-2010 жылдарға арналған анаша және анаша қарсы күрес бағдарламасы, Екібастұз өңірінде 2006-2010 жылдарға арналған құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы, 2006-2010 жылдарға арналған кәмелетке толмаған арасында құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы).
Қолданыстағы қалалық бағдарламалардың міндеттері мен мақсаттары 2015 жылға дейін өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың Стратегиялық жоспарында белгіленген басымдықтар мен мақсаттарға сәйкес келеді.
Екібастұз өңіріндегі қолданыстағы қалалық бағдарламалардың
2009 жылы іске асырылу деңгейі
Р/с№
|
Бағдарла-маның атауы
|
Жос-пар-лан-ған іс-шара-лар, (бірл.)
|
Орындал-ған іс-шара-лар, (бірл.)
|
Қаржыландыру көлемі, млн. теңге
|
Ескерту
|
2009 жылы көздел-гені
|
2009 жылы игеріл-ген қаражат
|
Көздел-ген қа-ражат-тың көлемі-не жұм-салу %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
1
|
Екібастұз өңірінің агрокәсіптік комплексінің дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
|
30
|
26
|
382,9
|
378,7
|
98,9
|
Өңірдің АЕМ әлеуметтік-эко-номикалық да-мытуда маңыз-ды оң нәтиже-лерге қол жет-кізілді. Алайда, ауыл тұрғында-рының өмір сү-ру деңгейі әлі де қала деңгейі-нен барынша төмен. Осыған байланысты Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді да-мыту іс-шара-ларын жалғас-тыру қажет.
|
2
|
Екібастұз қаласы бойынша шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік көмек және дамуының 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
|
15
|
13
|
3,7
|
3,6
|
97,3
|
Бағдарламамен қарастырылған шаралар жүзеге асуда. Бірақ, шағын кәсіпкерлік даму мәселесі Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасы шеңберінде жалғастыру қажет.
|
3
|
Екібастұз өңірінің тұрғын коммуналды саласының 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
|
6
|
6
|
1026,8
|
1026,8
|
100
|
Тұрғын коммуналды саласы өңірдің актуалды мәселесі болып қалуда. Сондықтан оны Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасында қарастыру қажет.
|
4
|
2006-2010 жылдарға арналған «Жастар» бағдарламасы
|
52
|
52
|
6,9
|
6,9
|
100
|
Жастарды дамыту актуалды мәселе болып қалады, сондықтан Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасында қарастыру қажет.
|
5
|
Екібастұз қаласында мемлекеттік ақпараттық саясат 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы»,
|
18
|
18
|
22,1
|
21,5
|
97,2
|
Бағдарламамен қарастырылған барлық шаралар жүзеге асуда. Ақпараттық саясатты дамыту Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасында қарастыру қажет.
|
6
|
2006-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту «Ана тілі»бағдарламасы,
|
33
|
33
|
2,5
|
2,5
|
99,2
|
Тілдерді дамыту мәселесі актуалды ,сондықтан Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында қарастыру қажет.
|
7
|
Екібастұз өңірінің мәдениетті дамыту 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
|
47
|
47
|
36,0
|
36,0
|
100,0
|
Мәдениетті дамыту актуалды, сондықтан Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында қарастыру қажет.
|
8
|
Екібастұз өңірінің білім жүйесін дамыту 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
|
23
|
23
|
709,9
|
703,5
|
99,1
|
Бағдарлама іс-шаралары жүзеге асуда Екібастұз қаласының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында қарастыру қажет.
|
9
|
Екібастұз өңірінде дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
|
22
|
22
|
51,7
|
51,7
|
100
|
Негізінен бағ-дарламада көз-делген барлық іс-шаралар іске асырылуда. Алайда, спорт-ты дамыту мәселелері Екібастұз қаласы аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасын-да одан әрі ше-шуді талап етеді
|
10
|
Екібастұз өңірінде 2006-2010 жылдарға арналған анаша және анаша қарсы күрес бағдарламасы
|
17
|
17
|
|
|
|
Негізінен бағ-дарламада көз-делген барлық іс-шаралар іске асырылуда. Алайда, спорт-ты дамыту мәселелері Екібастұз қаласы аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасын-да одан әрі шешуді талап етеді
|
11
|
Екібастұз өңірінде 2006-2010 жылдарға арналған құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы
|
29
|
29
|
|
|
|
Құқық бұзушылық және қылмыспен күрес профилактика мәселесі актуалды Екібастұз қаласы аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасын-да одан әрі шешуді талап етеді
|
12.
|
2006-2010 жылдарға арналған кәмелетке толмаған арасында құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы күрес бағдарламасы
|
23
|
23
|
|
|
|
Кәмелетке толмаған арасында құқық бұзушылық және қылмыспен күрес мәселесі актуалды Екібастұз қаласы аумағын дамытудың 2011-2015 жыл-дарға арналған бағдарламасын-да одан әрі шешуді талап етеді
|
13.
|
Екібастұз өңірінің 2006-2010 жылдарға Қасбет бағдарламасы
|
3
|
3
|
|
|
|
Негізінен бағ-дарламада көз-делген барлық іс-шаралар іске асты.
|
14.
|
Екібастұз қаласында құрылыс индустриясы және тұрғын үй құрылысының дамыту 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасы
|
9
|
9
|
218,9
|
218,9
|
100,0
|
Құрылыс индустриясы және тұрғын үй халықты қаматамасыз ету актуалды мәселе, сондықтан Екібастұз қаласы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын-да одан әрі шешуді талап етеді
|
15.
|
Екібастұз қаласының абаттандыру және көгалдандыру бойынша 2009-2010 жылдарға арналған бағдарламасы;
|
17
|
17
|
1027,7
|
1027,7
|
100,0
|
Бағдарлама шаралары кіші салалық мінездемесін есепке ала, мәселені шешуді Екібастұз қаласы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын-да одан әрі шешуді талап
|
Тұтас алғанда, бағдарламаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуы Екібастұз өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң үрдістердің сақталуына ықпал етті. Автожолдардың техникалық жай-күйі жақсарды, жаңа әлеуметтік инфрақұрылым объектілері, тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
Нәтижелерге бағдарланған жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес өңірдің экономика саласы мен әлеуметтік салаcын дамытудың негізгі бағыттары Павлодар облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасында көрсетілді, оны орындау жергілікті мемлекеттік органдардың Стратегиялық жоспарларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |