(құқыққа қайшы) пайдалану
Ескерту. 177-1-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
177-2-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттер
қаражатын, байланысты гранттарды, мемлекет
кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет
активтерiн тиiмсiз пайдалану
Ескерту. 177-2-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
177-3-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi
жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу
Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен табыс ету ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 177-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
177-4-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк
кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн
беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу
Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру шарттары мен рәсiмдерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 177-4-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
177-5-бап. Шығындарды өтеу ережелерiн бұзу
1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу ережелерiн бұзуы, -
лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 177-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
178-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:
iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару;
бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты iрi залал келтiрмей, бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
жария ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтердiң сертификаты жоқ адамды тағайындау түрiнде орындамауы және (немесе) тиiсiнше орындамауы, -
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту: 178-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
179-бап. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
заңнамасын бұзуы
1. Заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын:
бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса;
құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдардың құрылтайшыларына (қатысушыларына), тiркелу орны бойынша мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының құзыреттерiне сәйкес оларға және қаржылық есептілік депозитарийіне көрiнеу дәйексіз қаржылық есептiлiктi табыс ету, қаржылық есептiлiктi табыс етуден бас тарту, белгiленген мерзiмдi бұза отырып табыс ету не оны дәлелді себепсіз табыс етпеу;
бұрмаланған қаржылық есептiлiк жасау, бухгалтерлiк есепте көрсетiлуге жататын деректердi жасыру, сол сияқты бухгалтерлiк құжаттаманы жою;
қаржылық есептілікке жария мүдделі ұйымның кәсіби бухгалтер болып табылмайтын бас бухгалтерінің қол қоюы түрінде жасалған бұзушылық –
шағын кәсiпкерлiк субъектiсi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет, -
шағын кәсiпкерлiк субъектiсi немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаға - екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, орта кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға - төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлғаға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің операцияларды бухгалтерлік есепте олардың нәтижелерін тиісті түрде көрсетпестен жүргізуі –
заңды тұлғаларға есепке алынбаған соманың жиырма пайызы, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, инвестициялық қорлардың және Қазақстанның Даму Банкінің қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан, бухгалтерлiк есепті Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасында белгіленген талаптарды және бухгалтерлік есеп әдістерін (қағидаттарын) бұза отырып жүргізуі –
заңды тұлғаларға тиісінше есепке алынбаған соманың бес пайызына дейінгі, бірақ айлық есептік көрсеткіштің жүзден кем емес және төрт мыңнан аспайтын мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 179-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
179-1-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясын жария ету
Коммерциялық құпия болып табылатын бухгалтерлiк ақпаратты оған рұқсаты бар адамдардың iрi зиян келтiрмей, жария етуi - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту: 179-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
179-2-бап. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп
пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында
белгiленген аккредиттеу ережелерiн бұзу
1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында белгiленген аккредиттеу ережелерiн бұзу, -
заңды тұлғаға ескерту жасауға немесе екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы бапта көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту: 179-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
179-3-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының
пруденциялық нормативтердi және (немесе)
сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен
лимиттердi орындамауы
1. Инвестициялық портфельді басқарушының есептіліктегі көрсеткіштерді не пруденциялық нормативтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында айқындалған сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді орындау туралы мәліметтерді бұрмалауға әкеп соққан есептілікті жасауы –
лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгiлеген пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет) орындамауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 179-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 N 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
180-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына
сәйкес талап етілетін валюталық операциялар
бойынша есептемені, ақпаратты және құжаттарды
беру тәртібін бұзу
1. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша анық емес есептемені беру –
жеке, заңды тұлғаларға және Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ресімделген тіркеу куәліктері немесе хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті уақтылы ұсынбау –
жеке және заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Ресімделген тіркеу куәліктері, хабарлама туралы куәліктер бойынша немесе валюталық мониторинг бойынша есептілікті ұсынбау –
жеке тұлғаларға – қырық, дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істейтін резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды уақтылы бермеу –
дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет –
дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау мерзіміне және шарттарына әсер ететін мән-жайлардың туындағанын растайтын ақпаратты және құжаттарды бермеу –
дара кәсіпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 180-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
181-бап. <*>
Ескерту. 181-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
182-бап. Валюта операциялары туралы хабарлама куәлікті
немесе валюта операцияларын жасауға тіркеу
куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін
бұзу
1. Жеке және заңды тұлғалардың валюталық операциялар туралы хабарлама куәлікті немесе валюталық операциялар жасауға тіркеу куәлігін алу үшін құжаттарды беру мерзімін бұзуы, -
жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге - сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 182-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
183-бап. Аудитордың Қазақстан Республикасының
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы
заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге
тапсырыс берушiлерден жасыруы
Аудитордың тексеру жүргiзу кезiнде анықталған Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының бұзылу фактiсiн аудит жүргiзуге тапсырыс берушiден жасыруы, -
"аудитор" бiлiктiлiк куәлiгiнен айыра отырып, жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 183-бапқа өзгертулер енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2006.05.05. N 139 , 2007 жылғы 28 ақпандағы N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
184-бап. Аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес
аудиторлық есепті жасауы
1. Осы Кодекстің 185-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, аудитордың және аудиторлық ұйымның дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы -
аудиторларға - сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымға жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитордың және аудиторлық ұйымның көрінеу дұрыс емес аудиторлық есепті жасауы -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға - жүз он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекет -
біліктілік куәлігінен айыра отырып, аудиторларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, аудиторлық ұйым әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған іс-әрекеттер -
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымдарға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 184-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
184-1-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы -
аудиторлық ұйымдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Аудитті "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған жағдайларда жүргізу -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аудит жүргізілуі міндетті қаржы ұйымдарына аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарламау және аудиттелетін осы ұйымдарды хабардар етпеу –
аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап етілетін ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға уақтылы табыс етпеуі немесе табыс етпеуі, сол сияқты дұрыс емес мәліметтерді беруі -
аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, сондай-ақ мемлекет қатысатын заңды тұлғалар болып табылатын аудиттелетін субъектілердің мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы -
заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Аудиторлық ұйымдардың уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі -
аудиторлық ұйымдарға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның белгiленген мерзiмде аудиторлық есептi ұсыну туралы жазбаша нұсқамасын аудиторлық ұйымдардың орындамауы не аудиторлық ұйымдардың қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органға аудиторлық есептi бермеуі –
аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, аудиторлық ұйымдарға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 184-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
184-2-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және
сақтауға байланысты бұзушылықтар
Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы, -
аудиторға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 184-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.05.05. N 139 Заңымен.
185-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға
уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес
ақпарат беруі
Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға аудит жүргізу барысында дұрыс емес аудиторлық есеп жасауға әкеп соғатын уақтылы емес, дұрыс емес немесе толық емес ақпарат беруі -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 185-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
186-бап. Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару
Мiндеттi аудит өткiзуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi келтiру, -
ұйым басшыларына, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 186-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2009.02.20. N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
187-бап. Ұлттық және шетел валютасын репатриациялау
талабын орындамау
Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына:
тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық және шетел валютасындағы түсiмдердi;
резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент еместiң пайдасына аударған ұлттық және шетел валютасын, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына байланысты қайтарылуға жататын ұлттық және шетел валютасын есепке жатқызбау түрiнде жасалған ұлттық және шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –
дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау мерзімі аяқталғаннан кейін есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасының сомасы елу мың АҚШ долларына балама сомадан асып кеткен және егер осы іс-әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстың жазаланатын әрекет белгілері болмаған жағдайларда туындайды.
Ескерту. 187-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
188-бап. Валюта заңнамасын бұза отырып, валюталық
Достарыңызбен бөлісу: |