сауда жасау
Еркiн сауда жасауға заңдармен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, -
аталған тауарларды немесе заттарды өтемiн төлеп алып қоя отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 162-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
163-бап. Қазақстан Республикасының этил спирті мен
алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын
мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу
1. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы бойынша декларациялар тапсыру қағидаларын, этил спиртіне және (немесе) алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу және пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы бойынша декларацияларды, сондай-ақ этил спирті мен алкоголь өніміне ілеспе жүкқұжаттарды тапсырмау –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын өзгерту шарттарын:
алкоголь өнімін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген орындардан тыс жерлерде сақтау және өткізу;
аралас полимер ыдыстағы, оның iшiнде полиэтиленмен қапталған картон орамдағы және картон қорабына салынған, фольгаланған полиэтилен пакетiндегі, сол сияқты лас, майысқан, анық сынық белгiлерi, зақымдалған тығыны бар шөлмектердегi, сондай-ақ тұтасымен тұнық емес, жат қоспалары, түбiнде тұнбасы бар (коллекциялық шараптардан басқа) алкоголь өнімінің айналымы;
алкоголь өнiмiнің (сырадан және күштiлiгi он екi пайызға жетпейтiн, градусы төмен ликер-арақ бұйымдарынан басқасының) қаңылтыр ыдыстағы, этикеткасы жоқ шөлмектердегі және пластикалық сауыттардағы айналымы;
арақтарды және айрықша арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ең төмен бөлшек сауда бағасынан арзанға бөлшек саудада өткізу;
екi және одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмiн бiр қойма үй-жайында сақтауы және көтерме саудада өткiзуі;
РҚАО-ның ескертпесі!
Абзац көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
ілеспе жүкқұжаттары болмастан этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымы және олардың орнын өзгерту түрінде бұзу –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз, лауазымды адамдарға – бір жүз қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру шарттарын:
өндірушінің өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпаратты жазбаша түрде өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін бермеуі;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) спирт өлшейтін аппараттарсыз және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарынсыз не өндіру көлемдері туралы ақпаратты уәкілетті органға автоматты түрде беруді жүзеге асырмайтын спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы абзац 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен.
этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін (қос тотықты көмiртегiмен қанықтырылғанынан басқа) ақаулы, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулары бар спирт өлшейтін аппараттармен және (немесе) есепке алудың бақылау аспаптарымен өндіру;
екi және одан да көп лицензиаттың бiр ғана стационарлық үй-жайда және бір ғана жабдықпен этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруі түрінде бұзуы –
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – тоғыз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің және олардың айналымының шарттарын:
осындай қызмет бойынша лицензия қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде қызметті жүзеге асыру;
тағамдық емес шикізаттан өндірілген этил спиртінен алкоголь өнімін өндіру түрінде бұзу –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға – бір жүз жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
163-бапқа 8, 9, 10, 11-тармақтар көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
12. Алкоголь өнімін денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында сақтау және өткізу –
лицензияның қолданысын тоқтата тұруға әкеп соғады.
13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
лицензиядан айыруға әкеп соғады.
Ескерту. 163-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
163-1-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi бұйымы сатылатын немесе тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы бар кез келген тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
163-2-бап. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары
туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу
1. Заңнаманың темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі талаптарын бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.19 N 264 Заңымен.
163-3-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және
темекі бұйымдарын сату жөніндегі, сондай-ақ
темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды
өндіру, сату және тарату жөніндегі талаптарын
бұзу
1. Осы Кодекстің 114-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - он, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге - отыз бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Темекі бұйымдарын имитациялайтын тауарларды өндіру, сату, тарату, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - үш, дара кәсіпкерлерге - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - сегіз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - бес, дара кәсіпкерлерге - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 163-3-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.16. N 186-IV Заңымен.
163-4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь
өнімін бөлшек саудада өткізу жөніндегі
талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу –
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрып, жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін бөлшек саудада:
сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;
этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізу –
тиісті қызмет түріне арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 163-4-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.16 N 186-IV; жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
163-5-бап. Тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда
объектілеріне жетуін шектеу
1. Сауда желісін немесе ірі сауда объектілерін ұйымдастыру арқылы тауарлар сату жөніндегі қызметті жүзеге асырушы сауда қызметі субъектілерінің тауарларды беру туралы шарт жасасудан негізсіз бас тартуы не көрінеу кемсітушілік сипаттағы шарт жасасудан көрінетін және:
1) сауда қызметі субъектісіне осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен, сондай-ақ осындай немесе өзге де талаптар бойынша басқа да сауда қызметі субъектілерімен тауарлар беру шарттарын жасасуға тыйым салу туралы;
2) тауарлар беруді жүзеге асырушы сауда қызметі субъектісінен осындай қызметті жүзеге асыратын басқа да сауда қызметі субъектілерімен жасасқан шарттары туралы мәліметтер беруін талап ету туралы шарттармен тауарлардың сауда желілеріне немесе ірі сауда объектілеріне жетуін шектеуі, –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 163-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
163-6-бап. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына
рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының
мөлшерден асуы
1. Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асыруы, –
жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайта жасалған іс-әрекеттер, –
төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 15-тарау 163-6-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
164-бап. Тауарларды құжаттарсыз сату
1. Осы Кодекстің 317, 317-1-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, дара кәсіпкерлердің және сауда қызметiн жүзеге асыратын ұйымдардың тауарларды шығарылған елi туралы, дайындаушысы, жеткiзушiсi немесе сатушысы туралы не тауар (қызмет) туралы мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде анық және жеткiлiктi ақпараты бар құжаттарсыз сатуы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - сексеннен жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 164-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
165-бап. Белгiленбеген орындарда сауда жасау
Жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген жерлерден тыс орындарда сауда жасау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
166-бап. Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн
қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес
төлемдердi және негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Байланысты гранттар қаражатының түсiмдерiн қоспағанда, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi және негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді толық және уақтылы төлемеу, -
жеке тұлғаларға – жеті, дара кәсiпкерлерге – жүз жиырма бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – алты жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 166-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.05 N 165 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.02.16 N 557-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
166-1-бап. Ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын
қабылдаудан бас тарту
1. Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын көрсетулi құны бойынша қабылдаудан бас тарту, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы аумағында айналымда жүрген және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес қабылдауға жататын ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын қабылдаудан, ұсақтау мен айырбастаудан бас тартуы, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 166-1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
167-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып
алу туралы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық, аукциондық құжаттамада не баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларға сілтеме арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Конкурстық не аукциондық құжаттаманы алған тұлғаларды тiркеу журналына өздерi туралы мәлiметтер енгiзiлген тұлғаларға конкурстық не аукциондық құжаттамаға енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мәтiнiн уақтылы жiбермеу, сол сияқты нақтыланған конкурстық не аукциондық құжаттаманы уақтылы жарияламау, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту, -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімін, уақыты мен орнын бұза отырып ашу, сондай-ақ аталған өзгерістерді конкурстық құжаттамаға енгізбей, конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ашу күнін, уақытын және орнын өзгерту, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Сауал салуды жіберу, сол сияқты конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) олар тартатын қосалқы мердігерлерге (бірлескен орындаушыларға) конкурстық не аукциондық құжаттамада Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеу -
лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6-1. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді конкурстық құжаттамаға енгізбеу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу, -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6-2. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлердің салыстырмалы мәнін баға ұсыныстарына қолданбау бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптарын бұзу,-
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6-3. Әлеуетті өнім берушіні және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігерлерді (бірлескен орындаушыларды) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманың талаптарына сай емес деп негізсіз тану -
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6-4. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрлерін олардың біртекті түрлеріне қарай және (немесе) оларды жеткізу (орындау, көрсету) орнына қарай лоттарға бөлмеу –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Конкурстық не аукциондық комиссияның заңсыз шешiм қабылдауына негіз болған сараптама комиссиясының көрінеу жалған сараптамалық қорытынды шығаруы не сарапшының көрiнеу жалған сараптамалық қорытынды жасауы, -
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Мынадай:
өнім берушілер өздерімен жасасылған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған;
жеңімпаздар деп айқындалған әлеуетті өнім берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған жағдайларда, тапсырыс берушінің әлеуетті өнім берушілерді, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы қуыныммен сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтін нормаларын қолданбай мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Осы баптың бірінші, төртінші, 6-1, 6-2 және 6-3-бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. Осы баптың екінші және сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
12. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
жеке тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
13. Осы баптың үшінші, бесінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), -
лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта лауазымды адамдар деп:
бiрiншi бөлiкте – мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бiрiншi басшыларын немесе олардың мiндеттерiн атқаратын, мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзу рәсiмдерiн жүзеге асыруға жауапты тұлғаларды және (немесе) конкурстық не аукциондық құжаттаманы әзiрлеуге тiкелей қатысатын тұлғаларды;
екінші бөлікте - мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының, тапсырыс берушінің бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқарушыларды, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу рәсімдерін жүзеге асыруға жауапты адамдарды;
үшінші бөлікте – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;
төртінші және бесінші бөліктерде - конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысын;
алтыншы бөлікте – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;
6-1-бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын;
6-2-бөлікте – конкурстық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық комиссияның мүшелерін;
сегізінші және тоғызыншы бөліктерде – тапсырыс берушінің бірінші басшысын не жауапты хатшысын немесе Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын жауапты хатшы өкілеттігін жүзеге асыратын өзге де лауазымды адамын не оның міндетін атқаратын адамды;
6-3-бөлікте – конкурстық не аукциондық комиссияның төрағасын және оның орынбасарын, сондай-ақ конкурстық не аукциондық комиссияның мүшелерін;
6-4-бөлікте – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшыларын түсіну керек.
Ескерту. 167-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.07.21 N 304 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.13 N 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 14.01.2014 № 161-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
167-1-бап. Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар
және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы
заңдарының талаптарын бұзу
1. Кредиттік бюроның Қазақстан Республикасының кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңдарын бұзуы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кредиттік тарих субъектісі туралы теріс ақпараты бар кредиттік тарих субъектісі және (немесе) кредиттік есеп туралы теріс ақпарат ұсыну жағдайларын қоспағанда, ақпарат берушінің кредиттік тарихты қалыптастыру үшін кредиттік тарих субъектісі туралы ақпаратты кредиттік бюроларға (мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда) беруі және (немесе) кредиттік есепті алушының ақпарат субъектісінің келісімінсіз кредиттік есепті ұсыну туралы сұрау салуды беруі, сондай-ақ оны дұрыс ресімдемеу -
лауазымды адамға – елу, заңды тұлғаға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ақпарат берушінің кредиттік тарих субъектісінен алған ақпаратты бұрмалауы -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде, жеке кәсіпкерге айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 167-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.07.06. N 572 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
167-2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар
туралы заңнамасын бұзу
Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау бойынша келіссөздер жүргізу барысында концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлеріне және сипаттамаларына өзгерістер енгізу – лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту.
Осы бапта лауазымды адамдар деп конкурсты ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін жүзеге асыру үшін жауап беретін, концессия жөніндегі конкурсты ұйымдастырушының бірінші басшыларын немесе олардың міндеттерін атқаратын адамдарды түсіну керек.
Ескерту. 15-тарау 167-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 131-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
168-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына
Достарыңызбен бөлісу: |