Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен



бет18/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54

      214-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік таңбалармен
               және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен
               таңбалау тәртібі мен қағидаларын бұзу
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
       1. Өндірушінің немесе импорттаушының акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауға жататын акцизделетін тауарларды таңбалау қағидаларын бұзуы -
      құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, лауазымды тұлғаларға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Акциздік таңбалармен және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды акциздік және (немесе) есепке алу-бақылау таңбаларсыз, сол сияқты белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбалармен сақтау, өткізу және (немесе) тасымалдау түріндегі айналымы –
      құқық бұзушылықтың тікелей нысанасы болған акцизделетін тауарлар тәркілене отырып, сондай-ақ тиісті қызмет түріне арналған лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – елу, лауазымды тұлғаларға – бір жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 214-тармақ жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       215-бап. Кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртiбiн
                   бұзу
      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген кассалық-бақылау машиналарын қолдану тәртібін бұзу —
      дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
      2. (алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен).
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына – он бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 215-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      216-бап. Банктер және банк операцияларының жекелеген
                түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар,
                қор биржалары лауазымды адамдарының салық
                заңдарында көзделген мiндеттердi орындамауы
      1. Банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын басқа да ұйымдар, қор биржалары лауазымды адамдарының салық заңдарында көзделген мiндеттердi:
      салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) банк шоттарын ашқаны туралы салық қызметi органдарына хабарламау, салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шоттарынан салық сипатындағы мiндеттi төлемдер сомаларын, оларға салық органдары берген және оны есепке қою фактiсiн растайтын құжатты табыс етпей, республикалық және жергiлiктi бюджеттерге аударуға төлемдер тапсырмасын жүзеге асыру;
      банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық төлеушiлердiң өздерiнiң банк шотынан бюджетке төленетін салықтар, басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын аударуға (төлеуге) төлемдiк тапсырмаларды бiрiншi кезекте орындамау;
      банкке немесе бюджет жүйесiнiң кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомаларын аудару кезiнде банктiң немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымның кiнәсiнен аудармау (есепке жатқызбау), уақтылы аудармау (банк шоттарынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күнінен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға енгiзгеннен кейінгі күні) не төлем құжатының деректемелерiн толтыру кезiнде қателер жiберу;
      банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық органдарының салық төлеушiлерден белгiленген мерзiмде енгiзiлмеген салық және басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын бюджетке алу жөнiндегi инкассолық тапсырмаларын (өкімдерін) бiрiншi кезекте орындамау;
      салық қызметi органдарының қызметкерлерiн банк шоттары бойынша, салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың (заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың) осы шоттарда ақшасының бар-жоғы жөнiнде жасалған (жасалатын) операцияларды, сондай-ақ нақты жеке тұлғалардың операцияларын және шоттарда, салымдарда ақшасы бар-жоғын тексеруге жiберуден бас тарту немесе осы тексерулердi жүзеге асыруда өзгеше кедергi жасау;
      салық органдарының заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру жөнiндегi өкiмдерiн орындамау, салық заңдарын бұзушылықтың анықталған жағдайларын жою туралы талаптарды орындамау, салық қызметi органдарына және олардың лауазымды адамдарына қаржылық есептiлiктi, есептер мен салықты және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi есептеумен және төлеумен, бағалар және тарифтер белгiлеумен және қолданумен байланысты басқа да құжаттарды тапсырмау немесе тапсырудан бас тарту;
      салық органдарының сауал салулары бойынша белгiлi бiр кезеңде банк шоттары бойынша жасалған операциялар туралы, салық төлеушiлердiң осы шоттарда ақшасының бар-жоғы туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
      банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, қор биржаларының лауазымды адамдарының салық қызметi органдарының сауал салулары бойынша салық төлеушiлердiң алдағы жыл iшiндегi қаржы операциялары туралы және уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысан мен мерзiм бойынша есептелген сыйақы (мүдде) туралы мәлiметтердi табыс етпеу;
      аталған банкте ашылған банк шоты бар, салық қызметі органдары инкассалық өкім немесе салық төлеушінің банк шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған клиентіне жаңа банк шотын ашу;
      әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу түрінде орындамауы, —
      отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 216-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2006.12.11 N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.02.28 N 235 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      217-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген
               түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық
               заңдарында белгiленген мiндеттердi орындамауы
      1. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың салық заңдарында белгiленген мiндеттердi:
      салық төлеушiнiң (жеке тұлғалар - резидент еместерден басқа) банк шоттарын ашуы кезiнде сәйкестендiру нөмiрiн есепке алмау;
      салық төлеушiге - заңды тұлғаға немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарының ашылғаны туралы салық органдарына оны ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаның кепілдендірілген жеткізуді қамтамасыз ететін байланыстың электронды арналары арқылы не хабарламаны қағаз жеткізгіште жіберген кезде — үш жұмыс күні ішінде хабарламау;
      клиенттер шоттары бойынша төлем құжаттарында (вексельдi қоспағанда) сәйкестендiру нөмiрiн қоймай операциялар жүргiзу;
      салық төлеушiлердiң - заңды тұлғалардың немесе заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын салық заңдарында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша тоқтатпау;
      банкке немесе бюджет жүйесінің кассалық атқарылуын жүзеге асыратын басқа ұйымға салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомаларын, өсімпұлдарды, айыппұлдарды аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;
      банк шоттарында клиенттің ақшасы клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін жеткілікті болған кезде салық органдарының салық төлеушiлерден салық және басқа да міндетті төлемдер, өсiмпұлдар мен айыппұлдар сомаларын бюджетке алуға инкассолық тапсырмаларын (өкiмдерiн) бiрiншi кезекте орындамау;
      өз клиентіне оның осы банкте соңғы ашқан банк шотына салық қызметі органдарының салық төлеушінің банк шоттары бойынша инкассалық өкімдері немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдері қойылған немесе инкассалық өкімдері қойылған болса, жаңа банк шотын ашу;
      әрекетсіз салық төлеушіге банк шотын ашу;
      банк сыйақыларының есептелген сомалары туралы мәліметтерді салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде бермеу;
      есепті тоқсан ішінде шартты банк салымында орналастырылған ақшаның қозғалысы туралы есепті ақшаның осындай қозғалысы бар болған кезде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзім ішінде ұсынбау түрінде орындамауы, —
      заңды тұлғаларға банктің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамаған кезеңі ішінде салық төлеушiлердiң банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасының бес процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың шартты банк салымы туралы шарттар бойынша орналастырылған салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасын аудармауы немесе дер кезiнде аудармауы, -
      заңды тұлғаларға шартты банк салымында орналастырылған, аударылмаған немесе дер кезiнде аударылмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлем сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 217-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.12.05 N 506, 2007.01.12 N 224 (2012.01.01 бастап күшіне енеді), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 N 538-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған
               мәлiметтер табыс ету
      Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
      Ескерту. 218-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.12.11 N 201 (2007.01.01 бастап  қолданысқа енгізілді), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
      218-1-бап. Кеден одағында тауарлардың экспорты мен
                  импорты, жұмыстарды орындау, қызметтерді
                  көрсету кезінде салық төлеушілердің Қазақстан
                  Республикасының салық заңнамасында
                  белгіленген міндеттерді орындамауы, сондай-ақ
                  тұлғалардың Қазақстан Республикасының
                  заңнамасында белгіленген талаптарды
                  орындамауы
      1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде жанама салықтарды төлемеу -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға – он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген төлеу мерзімінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң жанама салықтарды төлемеу -
      жеке тұлғаларға, дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға – жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға –
      орындалмаған салық міндеттемесі сомасының отыз пайызы мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – елу пайызы мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушінің салық органына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген қайта өңдеу өнімдерін әкелу (әкету) туралы міндеттемелерді табыс етпеуі және оларды орындамауы –
      жеке тұлғаларға – елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғаларға – бір жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3-1. Салық органдарын мынадай жағдайларда:
      әкелінген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетілетін тауарларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелу кезінде;
      әкетілген тауарлардың қасиеттері мен сипаттарын өзгертпей кейіннен Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағына уақытша әкету кезінде хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу –
      жеке тұлғаларға – елу, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының аумағынан кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген алыс-беріс шикізатын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген өңдеу мерзімдерін бұзу -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға есептелген салық сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Көрме-жәрмеңкелік сауданы ұйымдастырушының осындай сауданы өткізу туралы хабарламауы не уақтылы хабарламауы -
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ұйымдастырушының көрме-жәрмеңкелiк сауданы ұйымдастыру тәртібін бұзуы –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Алып тасталды - ҚР 2012.01.09 N 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінген акцизделетін тауарларды алған күні туралы хабарлама табыс етуге міндетті тұлғалардың орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына осындай хабарламаны табыс етпеуі –
      жеке тұлғаларға – бір жүз, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінің мақсаты үшін, егер тұлға кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарларды есепке қабылдамағаны үшін осы Кодекстің 207-бабында көзделген әкімшілік жауапқа тартылуы тиіс болған жағдайда, осы тұлға осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
      Ескерту. 16-тарау 218-1-тармақпен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.09 N 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
       219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды
               адамдарының заңды талаптарын орындамау
      1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
      жеке тұлғаларға - сегiз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      жеке тұлғаларға - он бec, лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, -
      жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсіздік), -
      лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 219-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгізілді), 2006.12.11. N 201 (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-1-тарау. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
      Ескерту. 16-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
      219-1-бап. Электр желілерінде қуат коэффициентінің
                нормативтік мәндерін сақтамау және энергия
                тұтыну нормативтерінен асып түсу
      1. Электр желілерінде қуат коэффициентінің нормативтік мәндерін сақтамау, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Энергия тұтыну нормативтерінен асып түсу, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға - құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан бес пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – құқық бұзушылық болған, бірақ бір жылдан аспайтын кезеңде бекітілген нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнынан он пайыз мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз пайыз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Энергетикалық ресурстардың құны құқық бұзушылық анықталған сәттегі нарықтық баға негізінде айқындалады.
      219-2-бап. Ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу
                оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтынатын
                жабдықтың жұмыс режимін бұзу
      1. Энергетикалық ресурстарды өндіру және беру кезінде, сондай-ақ суды беру кезінде олардың тікелей ысырабына әкелген ақаулы жабдықты, арматураны, құбырларды жылу оқшаулаусыз пайдалану немесе энергия тұтыну жабдығының жұмыс режимін бұзу, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      219-3-бап. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті
                  аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің
                  автоматтандырылған жүйелерімен
                  жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды
                  тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға
                  қабылдау
      1. Энергетикалық ресурстарды есепке алудың тиісті аспаптарымен және жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған энергетикалық ресурстарды тұтынатын жаңа объектілерді пайдалануға қабылдау, –
      объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      объектіні пайдалануға беру туралы актіге қол қойған лауазымды тұлғаларға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      1. Лауазымды тұлғалар деп осы бапта мемлекеттік қабылдау комиссиясының және (немесе) қабылдау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін түсіну қажет.
      2. Лауазымды тұлғалар жылу тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйелерімен жарақтандырылмаған және жылу энергиясын сағатына орта есеппен 50 кВт-тан аз тұтынатын (жылу энергиясы, жылыту, желдету, кондиционерлеу және ыстық сумен қамтамасыз ету шығыстарын қоса алғанда) жаңа объектілерді пайдалануға беру жағдайларында осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген құқық бұзушылықтар үшін жауапты болмайды.
      Ескерту. 16-1-тарау 219-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      16-1-тарауды 219-4, 219-5-баптармен толықтыру көзделген - ҚР 2012.01.13 № 542-IV (2015.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі) Заңымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      219-6-баптың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
      219-6-бап. Электр қыздыру шамдарын заңсыз сату және өндіру
      Жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын өндіру және сату, –
      жарық беру мақсатында ауыспалы ток тізбектерінде пайдаланылуы мүмкін қуаты 25 Вт және одан да жоғары электр қыздыру шамдарын тәркілей отырып, жеке тұлғаларға – он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      219-7-бап. Мемлекеттік энергетикалық тізілім
                  субъектілерінің энергия менеджменті жүйесін
                  жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру
                  жөніндегі міндеттерді орындамауы
      1. Энергетикалық ресурстарды жылына бір мың бес жүз және одан көп тонна шартты отын көлемінде тұтынатын Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерінің энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарттың талаптарына сәйкес энергия менеджменті жүйесін жасау, енгізу және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді орындамауы, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
      шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 16-1-тарау 219-7-баппен толықтырлды - ҚР 2012.01.13 № 542-IV Заңымен (2014.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледі).
      219-8-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет