жасау
Көлiк құралдарының қозғалысына қасақана кедергiлер жасау, сондай-ақ көлiк қозғалысы ережелерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың мұндай кедергiлердi жою туралы талабын орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 472-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
473-бап. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына
өзге де қатысушылардың қозғалыс ережелерiн
бұзуы
1. Жаяу жүргiншiлердiң және жол қозғалысына өзге де қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына қылмыстық жазалау әрекетiнiң белгiлерi жоқ зақым келтiруге әкеп соқтырған не материалдық залал шектiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жаяу жүргiншiлердiң және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын үнемi бұзуы, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш тәулікке әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. Жол қозғалысына өзге де қатысушылар деп бұл бапта мопедтердi, велосипедтер мен күш көлiгiн басқарушыларды, мал айдаушыларды, жолдың бойымен жүк тартатын, мiнiс малдарын немесе табынды айдаушыларды, сондай-ақ көлiк құралдары жолаушыларын түсiну керек.
Ескерту. 473-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05 N 506 , 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
473-1-бап. Механикалық көлік құралдары мен олардың
тіркемелерін міндетті техникалық қарап
тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу
қағидаларын бұзу
Ескерту. 473-1-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруді ұйымдастыру және одан өткізу қағидаларын мынадай түрде бұзу:
техникалық қарап тексеру операторының қызметіне тексеру жүргізу кезінде белгіленген, механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйіне сәйкес келмейтін параметрлерді көрсете отырып, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беру;
міндетті техникалық қарап тексеруді өткізуден негізсіз бас тарту;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді табыс етпеу;
техникалық қарап тексеру орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы хабардар етпеу не уақтылы хабардар етпеу;
қызмет өңірінде міндетті техникалық қарап тексеруді өткізу кестесі туралы халыққа ақпарат бермеу;
міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу кестесін бұзу;
техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеруден өткізбей, техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасын беруі;
міндетті техникалық қарап тексеруді бақылау-диагностикалық жабдықты пайдаланбай не ақаулы және (немесе) өлшеп тексеруден өтпеген бақылау-диагностикалық жабдықты пайдалана отырып өткізу;
техникалық қарап тексеру операторының міндетті техникалық қарап тексеру өткізілген күннен бастап алты ай ішінде күнделікті жазба бейне файлдарының мұрағаттық сақталуын қамтамасыз етпеуі;
міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу рәсімін бейне тіркеудің не техникалық қарап тексерудің диагностикалық картасында көлік құралын фото тіркеудің болмауы;
техникалық қарап тексерудің бекітілген нысанға сәйкес келмейтін диагностикалық картасын жасау және беру;
механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексерудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтерді енгізбеу, сол сияқты анық емес және (немесе) толық емес енгізу;
техникалық қарап тексеру орталығының өндірістік үй-жайы мен аумағының мемлекеттік стандарттарда белгіленген талаптарға сай келмеуі –
дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық қарап тексеруден өткізу және жөндеу, техникалық қызмет көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қоса атқару, –
техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың техникалық қарап тексеру орталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтерді көрсетуі, –
жеке тұлғаларға – он бес, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Техникалық қарап тексеру операторларының тізіліміне енгізген кезде көрінеу дәйексіз ақпарат ұсыну, –
техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, –
техникалық қарап тексеру операторларының тізілімінен шығара отырып, дара кәсіпкерлерге және шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 473-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
474-бап. Техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын
пайдалануға шығару және пайдаланудың өзге
де ережелерiн бұзу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайына және пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдардың, осы Кодекстiң 475-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiнiң талаптарын орындамауы, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарын, жүктердi, жол құрылыстарын немесе өзге де құрылыстарды не өзге де мүлiктi бүлдiруге әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ уәкiлеттi мемлекеттiк органның көлiк құралын техникалық немесе өзгедей пайдалануға немесе жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге қатысты нұсқамасын орындамау, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 474-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
474-1-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды
техникалық ақауларымен пайдалануға шығару
Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық жағдайына жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтiрсе, –
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 27-тарау 474-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
474-2-бап. Көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын
талаптарды қамтамасыз ету саласында
белгіленген нормаларды бұза отырып, жаңа
көлік құралдарының сәйкестігін растайтын
сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды
тану не беру
1. Жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру үшін негіз болған көлік құралдары қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды қамтамасыз ету саласында белгіленген нормаларды бұза отырып, көлік құралдарының сәйкестігін растайтын сертификаттарды немесе өзге де құжаттарды тану не беру –
бір жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан нақ сол әрекеттер –
екі жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, денеге жеңіл және орташа ауырлықта зақым келтіруге әкеп соққан әрекеттер –
үш жыл мерзімге осы қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 27-тарау 474-2-баппен толықтырылды - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
475-бап. Мас күйiндегi жүргiзушiнi не басқару құқығы
жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберу
1. Көлiк құралдарының техникалық жағдайы мен пайдаланылуына жауапты лауазымды адамның алкогольмен, есiрткiмен, уытқұмарлықпен масаю күйiндегi жүргiзушiнi не көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ, сондай-ақ тиiстi санаты жоқ адамды көлiк құралын басқаруға жiберуi, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жәбiрленушiнiң денсаулығына жеңiл зақым келтiруге немесе көлiк құралдарының, жүктердiң, жол құрылыстарының немесе өзге де құрылыстардың не өзге де мүлiктiң бүлiнуiне әкеп соқтырған нақ сол iс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралы иесінің немесе иеленушісінің алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаю күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберуі, егер бұл абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса, –
айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
Ескерту. 475-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
476-бап. Жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын
өзге де талаптарды бұзу
Кодекстiң осы тарауында тiзiп көрсетiлмеген, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiмен белгiленген жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Хаттама жасау кезiнде жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiнiң нақты қандай нормасы бұзылғандығы көрсетiледi.
477-бап. Көлiкпен қауiптi заттарды немесе бұйымдарды
тасымалдау ережелерiн бұзу
1. Темiр жол көлiгiнде қауiптi заттарды немесе қол жүгi бұйымдарын тасымалдау ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Теңiз және өзен көлiгiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдаудың ережелерiн бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың тиiстi құжаттарда қауiптi заттармен немесе бұйымдармен жасалатын операцияларды тiркеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы, бұрыс жазулар енгiзуi немесе тиiстi лауазымды адамдарға осындай құжаттарды көрсетуден заңсыз бас тартуы, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Әуе кемелерiнде қауiптi заттарды немесе бұйымдарды тасымалдау ережелерiн бұзу, -
аталған заттарды немесе бұйымдарды тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Автобуста, трамвайда, троллейбуста, маршрутты таксиде жарылыс қаупi бар заттарды немесе бұйымдарды алып жүру, сондай-ақ оларды автокөлiкте багажға немесе сақтау камерасына өткiзу, -
үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 477-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
478-бап. Қалалық және қала маңындағы қоғамдық
көлiктi пайдалану ережелерiн бұзу
Көлiк құралдарының тепкiшектерiнде және басқа да шығып тұрған бөлiктерiнде тұрып жол жүру, қозғалыс кезiнде кiру және шығу, есiктiң ашылуына және жабылуына кедергi жасау, кесiп кететiн заттарды тиiсiнше орамай алып жүру, сондай-ақ салонды және жолаушылардың киiмдерiн былғайтын бұйымдар мен заттарды тасымалдау түрiнде трамвайды, троллейбусты, қалалық және қала маңына қатынайтын автобусты немесе таксидi пайдалану ережелерiн бұзу, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгiнен бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
479-бап. Жолаушыларды билетсiз алып жүру
Жолаушыларды билетсiз алып жүру:
1) халықаралық авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде -
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
2) iшкі авиамаршруттарда ұшуды орындайтын әуе кемелерiнде, -
сегіз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
3) халықаралық қатынастағы поездарда –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
4) республикаiшiлiк қатынастағы поездарда –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
5) халықаралық қатынастағы теңіз кемелерінде –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
6) республикаiшiлiк қатынастағы теңіз кемелерінде –
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
7) халықаралық қатынастағы өзен кемелерінде –
алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
8) республикаiшiлiк қатынастағы өзен кемелерінде –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
9) трамвайда, троллейбуста, қалада және қала маңында қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде –
бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады;
10) халықаралық, облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және ауданішілік қатынастағы автобуста –
жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 479-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
480-бап. Ақысы төленбеген қол жүгін, теңдеме жүк
пен жол теңдеме жүгін алып жүру
1. Темiр жол, теңiз және өзен көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүктiң белгiленген нормаларынан тыс қол жүгiн алып жүру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қол жүгi мен теңдеме жүктi өлшеуден жалтару, олардың салмағын жасыру, сондай-ақ әуе көлiгiнде белгiленген нормалардан артық қол жүгiн алып жүру, -
белгiленген нормадан тыс әрбiр килограмы үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Қалалық және қала маңында қатынайтын трамвайда, троллейбуста, автобуста және маршруттық таксиде ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қалааралық қатынастағы автобуста ақысы төленбеген теңдеме жүктi алып жүру, -
теңдеме жүктiң әрбiр орны үшiн айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiр бөлiгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Темiр жол, теңiз, өзен, әуе көлiктерiнде ақысы төленбеген теңдеме жүкті немесе жол теңдеме жүгін алып жүру, -
жиырма айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 480-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
480-1-бап. Темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын
(билеттердi) сату, олардың қолданылу
мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының
жұмысын ұйымдастыру ережелерiн бұзу
Темiр жол көлiгiнде жол жүру құжаттарын (билеттердi) сату, олардың қолданылу мерзiмiн ұзарту және билет кассаларының жұмысын ұйымдастыру ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 480-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
481-бап. Темiр жол, теңiз, өзен және автомобиль
көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз
ету ережелерiн бұзу
1. Жүктерді тасымалдауға арналған теміржол жылжымалы құрамын қоспағанда, контейнерлерді, жүзетін және басқа да көлік құралдарын, сондай-ақ тасымалдау құралдарын зақымдау –
бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жүк вагондарының, автомобильдердiң, автомобиль тiркемелерiнiң, контейнерлердiң, трюмдердiң және жүзу құралдарының басқа да жүк салатын орындарының пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жүк тасымалына байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, жүк аулаларының, темiр жол станцияларының, жүк автомобильдерi станцияларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), порттар (кемежайлар) мен қоймалардың қоршауларын бүлдiру, сондай-ақ жүк аулаларының, контейнер пункттерiнiң (алаңдарының), жүк аудандарының (учаскелерiнiң), порттардың (кемежайлардың), шлюздердiң және жоғарыда аталған қоймалардың аумағында тиiстi рұқсатсыз болу, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 481-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
482-бап. Әуе көлiгiнде жүктердiң сақталуын қамтамасыз
ету жөнiндегi ережелердi бұзу
1. Контейнерлердiң пломбалары мен бекiту құрылғыларын бүлдiру, олардың пломбаларын жұлып алу, жекелеген жүк орындары мен олардың бумаларын, пакеттердi, сондай-ақ әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға байланысты операцияларды орындау үшiн пайдаланылатын қоймалардың қоршауларын бүлдiру, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе көлiгiнде жүк тасымалдауға арналған контейнерлер мен көлiк құралдарын бүлдiру, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
483-бап. Тракторларды, басқа да өздiгiнен жүретiн
машиналар мен жабдықтарды пайдалану
ережелерiн бұзу
Осы Кодекстiң 246, 247, 461, 468, 470, 474, 475-баптарында көзделген ережелердi қоспағанда, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалану ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден үшке дейiнгi, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықтарды пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 483-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
483-1-бап. Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен)
жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу
Ақылы автомобиль жолдарымен (жол учаскелерімен) жүріп өткені үшін ақыны уақтылы төлемеу –
жеке тұлғаларға – бес, заңды тұлғаларға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 483-1-бапппен толықтырылды - ҚР 02.07.2013 № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
484-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi жеке тұлғалардың
пайдалану және жол жүрiсi ережелерiн үнемi
бұзуы
1. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн үнемi бұзу, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 246, 247, 461, 474, 475 және 483-баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасау, -
жеке тұлғаларды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға және көлiк құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралдарын жүргiзушi азаматтардың жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзуы, яғни бiр жыл iшiнде осы Кодекстiң 461, 461-1, 462, 463, 463-1, 463-2, 463-3, 463-4, 463-5, 463-6, 463-7, 463-8, 464, 465, 466 және 471 (бірінші, екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген үш және одан да көп құқық бұзушылықты жасауы, -
азаматтарды алты ай мерзiмге көлiк құралдарын жүргiзу құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Қазақстан Республикасының көлік заңнамасын жүйелі түрде бұзушылық, яғни бір жыл ішінде осы Кодекстің 447-1 (екінші бөлігінде), 447-3, 447-5, 460, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші, үшінші, 3-1 және 3-2-бөліктерінде), 467-1-баптарында көзделген құқық бұзушылықтарды үш және одан да көп рет жасау –
жеке тұлғаларды – көлік құралдарын басқару құқығынан алты ай мерзімге айыруға және көлік құралдарын пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 484-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен; өзгерістер енгізілді - 2006.01.20 N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
485-бап. Жолдарды, темiр жол өткелдерiн және басқа
Достарыңызбен бөлісу: |