жiберу ережелерiн бұзу
1. Авиация қызметкерлерiн жұмысқа даярлау мен жiберу ережелерiн бұзу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Адамды мас күйiнде әуе кемесiн басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
445-бап. Адамның мас күйiнде әуе кемесiн басқаруы
1. Адамның алкогольмен, есiрткiмен немесе уытқұмарлықпен масаю күйiнде әуе кемесiн басқаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiрген нақ сол iс-әрекеттер, -
айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе екi жылға дейiнгi мерзiмге әуе кемесiн басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
446-бап. Әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу
1. Әуе кемесіндегі адамның әуе кемесі командирінің немесе басқа да экипаж мүшелерінің өкімдерін орындамауы, егер бұл адамның іс-әрекеттері ұшу қауіпсіздігіне қатер төндірмесе –
ескерту жасауға немесе екі айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кемесінің бортында ұялы, транкингтік байланыс қызметтерін пайдалану, әуе кемесінің жермен жүруі, биіктікті алуы, қонуға бет алуы кезеңдерінде тұрмыстық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану –
ескерту жасауға немесе бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 446-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
446-1-бап. Азаматтық әуе кемелерінің пайдалануға
жарамдылығы туралы бағалау актілерінде
мәліметтердің бұрмалануы және (немесе)
дәйексіз мәліметтердің көрсетілуі
Ескерту. 446-1-бап алып тасталды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
446-2-бап. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған
немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш
келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі
салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде
жолаушыға қызметтер ұсыну жөніндегі міндеттерді
тасымалдаушының орындамауы не тиісінше
орындамауы
1. Тасымалдаушының кінәсінан рейс орындалмаған немесе кідіртілген немесе әуе кемесінің кеш келуі, тасымалдау маршрутының өзгеруі салдарынан рейс кідіртілген, орындалмаған кезде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жолаушыға қызметтер ұсыну жөніндегі міндеттерді тасымалдаушының орындамауы не тиісінше орындамауы –
екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) –
бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 27-тарау 446-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
447-бап. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау
ережелерін бұзу
1. Автомобиль көлігімен тасымалдауды қоспағанда, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық тасымалдау ережелерін бұзу, -
айлық есептік көрсеткіштің оннан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жолаушыларды, багажды және жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелерін бұзу, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 447-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 , өзгерту енгізілді - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
447-1-бап. Жолаушыларды, багажды немесе жүктерді
автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру
кезінде жүргізушілердің еңбек және демалыс
режимінің бұзылуы
1. Мыналарды:
1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды;
2) жолаушыларды, багажды және жүктердi автомобильмен халықаралық тасымалдауды;
3) жолаушылар мен багажды облысаралық қаларалық автомобильмен тұрақты тасымалдауды;
4) жолаушылар мен багажды облысаралық қаларалық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде, жүргiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн тiркейтiн бақылау құрылғыларынсыз (тахографтарсыз) немесе ақауы жоқ осындай құрылғыларын ажыратып не толтырылмаған диаграммалық дискiлермен немесе бұрын пайдаланылған диаграммалық дискілерді қолдана отырып не электрондық (цифрлық) тахографтарды қолданған жағдайда электрондық карточкаларды пайдаланбай, сол сияқты жүгiзушiлердiң еңбек және демалыс режимiн күнделiктi тiркеу парақтарын жүргiзбей (бақылау құрылғысының ақауы болған жағдайда) автокөлiк құралын пайдалану –
дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушыларды, багажды немесе жүктерді автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде еңбек және демалыс режимін бұзуы, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 447-1-баппен толықтырылды, баптың 1-тармағы 3) тармақшасының 1-абзацы 2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР 2003.07.03. N 464 , өзгерістер енгізілді - 2006.01.20. N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27. N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
447-2-бап. Қазақстан Республикасында автомобильмен
тасымалдаулардың рұқсат беру жүйесін
халықаралық қатынаста қолдану қағидаларын бұзу
1. Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда, шетелдіктердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында автомобильмен халықаралық тасымалдауларды рұқсатсыз немесе арнайы рұқсатсыз жүзеге асыруы –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне – жиырма бес, заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Отандық тасымалдаушының рұқсат карточкаларында көрсетілмеген автокөлік құралына отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсатты пайдалануы –
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруі –
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Халықаралық қатынаста жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жүргізушінің келісілген жол жүру маршрутының схемасын бұзуы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Шетелдік тасымалдаушының Қазақстан Республикасында халықаралық қатынаста автомобильмен тасымалдауларға рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына сәйкес рәсімделмеген отандық рұқсатты пайдалануы –
автокөлік құралдарының жүргізушілеріне айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 447-2-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.03 N 464, Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
447-3-бап. Жолаушыларды және багажды автомобильмен
тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге
асыру кезінде автокөлік құралдарын
жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы
Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес халықаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автокөлік құралдарын жүргізушілерде жолаушылар тізімінің болмауы, -
айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 447-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.03. N 464 Заңымен.
447-4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында
автомобиль тасымалын шет мемлекетте тiркелген
автокөлiк құралдарымен жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген автокөлік құралдарымен тасымалдауды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан пункттер арасында шет мемлекеттің аумағында тіркелген автокөлік құралдарымен жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау –
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 447-4-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.03. N 464, Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20. N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
447-5-бап. Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және
багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды
жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары
жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы
Республикаішілік қатынаста жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты емес тасымалдауды жүзеге асырған кезде автокөлік құралдары жүргiзушiлерінде тасымалдау шартының болмауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 447-4-баппен толықтырылды - ҚР 2010.12.28 N 369-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
447-6-бап. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды
жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының
аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды
тасымалдау
1. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында жолаушыларды тасымалдау үшін жол жүру құжаттарын (билеттерді) сатуды ұйымдастыру –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Халықаралық қатынаста тұрақты тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағындағы пункттер арасында автокөлік құралдарымен жолаушыларды тасымалдау –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 447-6-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
448-бап. Теңiз көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн
қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Теңiз көлiгiнде кемелердiң маневр жасауының және жүзуінің белгіленген тәртібін бұзу, нұсқалған қозғалыс жылдамдығын, дыбыс және жарық сигналдарын беру, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүру талаптарын сақтамау, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі тоқтату немесе аялдату, кемелерді сүйретіп жүзу тәртібін бұзу, сондай-ақ диспетчердің міндетті талаптарын орындамау –
жетi айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Порт суларында суға сүңгу жұмыстарын тиiстi рұқсаттарсыз жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 448-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
449-бап. Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс
құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру
Теңiз көлiгiндегi сигнал беру және байланыс құрылғылары мен қондырғыларын бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 449-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
450-бап. Теңiз және өзен көлiгi кемелерiнде
жолаушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
қағидаларын бұзу
Құтқару және авариялық құралдар мен жабдықтардың болмауы, толық жинақталмауы немесе оларды куәландыру мерзімі өткен соң пайдалану, теңіз және өзен көлігі кемелеріндегі түскіштер мен траптарды жабдықтау жөніндегі талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 450-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
451-бап. Кеменi жүзуге шығару ережелерiн бұзу немесе
тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы)
жоқ адамдарды кеме басқаруға жiберу
1. Кеменiң кiмге тиесiлiгiн, оның жүзуге жарамдылығын куәландыратын құжаттарсыз, жасақталмаған экипажбен, кеменiң техникалық жағдайы қолдағы құжаттарға сәйкес келмеген кезде, жүк тиеудiң белгiленген ережелерiн, жолаушылар сыйымдылығы нормаларын, жүзу ауданы мен шарттары жөнiндегi шектеулердi бұза отырып, кеменi (шағын кемеден басқасын) жүзуге шығару (жiберу), сондай-ақ тиiстi дипломы (куәлiгi, куәландыру қағазы) жоқ адамдарды кеменi немесе оның механизмдерi мен жабдықтарын басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық байқаудан (куәландырудан) өтпеген, немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған, немесе жабдықтармен жарақтандырылмаған, немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған шағын кемелердi жүзуге шығару, сондай-ақ шағын кемелердi басқару құқығы жоқ адамдарды осындай кемелердi басқаруға жiберу, -
лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Осы Кодекстің 451 – 454, 457, 458, 458-2-баптарында шағын көлемді кемелер деп балық аулау, жүктерді тасымалдау, сүйретіп жүзу, пайдалы қазбаларды іздеуді, барлауды және өндіруді, құрылыс, жол, гидротехникалық және басқа да осыған ұқсас жұмыстарды, лоцмандық және мұзжарғышқа ілестіріп алып өтуді жүргізу, сондай-ақ су объектілерін ластану мен қоқыстанудан қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін жасалған немесе жабдықталған кемелерді қоспағанда, ұзындығы жиырма метрден аспайтын, бортына алуға болатын адамдар саны он екі адамнан аспайтын кемені түсіну керек.
Ескерту. 451-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.27. N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
452-бап. Кемелердi, оның ішінде шағын көлемді кемелерді
пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ кеменi,
оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығы
жоқ адамның басқаруы
1. Белгiленген тәртiппен тiркелмеген немесе техникалық қарап тексеруден (куәландырудан) өтпеген немесе борт нөмiрлерi мен белгiлерi жоқ немесе тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған немесе ақауы болғандықтан оны пайдалануға тыйым салынған немесе жолаушылар сыйымдылығы нормаларының тиеу қағидаларын, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулердi бұза отырып, кеменi, оның iшiнде шағын көлемді кеменi басқару -
ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеменi, оның iшiнде шағын көлемді кеменi басқаруға құқығы жоқ адамның осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы, сол сияқты осы кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығын растайтын құжаты жоқ адамның кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруы немесе басқару құқығы жоқ адамға осындай кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқаруға беру –
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисі жоқ адамның жолаушылар кемесін басқаруы –
бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені кеме құжаттары болмаған кезде, сондай-ақ кеме құжаттарына қойылатын талаптарды бұза отырып басқару –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені көрінеу жалған немесе қолдан жасалған борттық тіркеу нөмірлерімен және белгілерімен басқару –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Кемеге, оның ішінде шағын көлемді кемеге көрінеу жалған немесе қолдан жасалған борттық тіркеу нөмірлері мен белгілерін салу –
жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 452-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
453-бап. Кемелердің жүзу қағидаларын, сондай-ақ шағын
көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзу
1. Өзен көлігі кемелеріндегі кеме жүргізушілерінің кемелер жүзуінің, дыбыстық және жарық сигналдарын берудің, кеме жарықтары мен белгілерін алып жүрудің белгіленген тәртібін бұзуы –
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің белгіленген жылдамдықты арттыруы, навигациялық белгілердің талаптарын сақтамауы, тыйым салынған жерлерде кемені әдейі аялдатуы немесе тоқтатуы, гидротехникалық құрылыстарды немесе техникалық құралдарды және кеме қатынасы мен навигациялық жағдай белгілерін зақымдауы, маневр жасау, дыбыс сигналдарын беру, борт жарықтары мен белгілерін алып жүру қағидаларын бұзуы –
ескерту жасауға немесе екі айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілердің өзен көлігі кемелерін орналастыру мен тоқтатудың белгіленген тәртібін бұзуы –
ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерінің кеме билетінде көрсетілген кемені жинақтау және жабдықтау нормаларын бұзуы, навигациялық сигнал жарықтарымен жабдықталмай тәуліктің қараңғы уақытында жүзуге шығуы, жағажайлардағы суға түсу шекарасының қоршауына және басқа да ұйымдастырылған суға түсу орындарына елу метрден таяу жерге жақындауы –
ескерту жасауға немесе бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 453-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
454-бап. Кеме жүргізушінің немесе өзге де адамның
кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені
алкогольдік, есірткілік және (немесе)
уытқұмарлық масаң күйде басқаруы
1. Кеме жүргізушінің кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сондай-ақ осындай кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі кеме жүргізушінің басқаруына беру –
жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
2. Авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан нақ сол әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе үш жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
3. Кеме жүргізушілердің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін белгіленген тәртіпке сәйкес куәландырудан өтуден жалтаруы –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жылға дейінгі мерзімге кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамдардың басқаруына жол беру –
жеке тұлғаларға – он бес, кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді пайдалануға жауапты лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 454-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
455-бап. Кемелердi iшкi су жолдарында пайдалану
Достарыңызбен бөлісу: |