қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережелерiн бұзу
1. Тиiстi рұқсатсыз суға сүңгу жұмыстарын жүргiзу немесе осы жұмыстар кезiнде сигнал беру ережелерiн сақтамау, ағаш салдар тоқтайтын тосқауылдар мен айлақтар орнату мен құру тәртiбiн, тиiстi органдардың келiсiмiнсiз балық аулау мақсаты үшiн белгiленбеген орындарда балық аулауға бейiмделген шанышқы қондырғыларын және өзге де құралдар қою тәртiбiн бұзу, -
жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға - онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Навигациялық жабдықтардың, байланыс пен сигнал берудiң жүзбелi және жағалаудағы құралдарын жою, бүлдiру, жұлу, заңсыз орнын ауыстыру, көпiрлердегi, бөгеттердегi және басқа гидротехникалық құрылыстардағы навигациялық құралдарды күтiп-ұстау, пайдалану ережелерiн және олардың белгiленген жұмыс режимiн бұзу, тиiстi рұқсатсыз (келiсiмсiз) навигациялық белгiлер мен сигналдарды танып-бiлуге кедергi келтiретiн белгiлер, құрылыстар, дыбыс және жарық сигналдарын беретiн көздер орнату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Кеме бортының сыртына қоқыс және өзге де заттар тастау, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң үштен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 455-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
456-бап. Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеу,
түсіру және қоймаға жинау қағидаларын бұзу
Өзен порттары мен кемежайларда жүктерді тиеудің, түсірудің және қоймаға жинаудың техникалық шарттарын, кемеде жүктерді бекiтудің техникалық шарттарын бұзу, жүкті тиеу (түсiру) актісін ресiмдемеу –
айлық есептiк көрсеткiштің екіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 456-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
457-бап. Шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған
базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын
бұзу
1. Шағын көлемді кемелердің тұрағына арналған базаларда (құрылыстарда) шағын көлемді кемелерді базаға қою нормаларын, базаларды (құрылыстарды) пайдалану қауіпсіздігіне арналған шарттар мен техникалық талаптарды бұзу, сол сияқты көрсетілген базаларда (құрылыстарда) белгіленген тәртіппен тіркелмеген шағын көлемді кемелерді ұстау –
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуын және базаға қайтуын бақылаудың белгіленген режимін сақтамау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 457-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
458-бап. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді
тіркеу қағидаларын, сондай-ақ кемелерді жасау,
техникалық пайдалану қағидаларын бұзу
Ескерту. 458-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Кемелерді, оның ішінде шағын көлемді кемелерді тіркеу қағидаларын бұзу, –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кемелердi жасау, техникалық пайдалану ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 458-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20. N 123 (01.01.2006 бастап қолданысқа енгізілді); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
458-1-бап. Порттағы құрылыстарды пайдалану жөніндегі
талаптарды бұзу
Порттағы құрылыстарды тұрақты және кезеңдік техникалық қарап тексерулерден өткізу мерзімдерін бұзу немесе сақтамау, айлақтық құрылыстың арқандап байлау және кері итергіш құрылғыларының жарамсыз күйде болуы немесе өздерінің сипаттамалары бойынша сәйкес келмеуі, сондай-ақ порттағы құрылыстарды техникалық қарап тексеру журналының және теңіз порты паспортының болмауы –
лауазымды адамдарға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 458-1-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
458-2-бап. Кемелермен, оның ішінде шағын көлемді
кемелермен болған авариялық жағдайлар мен көлік
оқиғаларын тергеу қағидаларын бұзу
1. Кеме капитанының, кеме иесінің, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды адамының көліктік бақылау органдарына теңіз көлігі кемесімен болған авариялық жағдай туралы, өзен көлігі кемесімен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі –
жеке тұлғалар мен лауазымды адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Кеме жүргізушісінің немесе кеме иесінің көліктік бақылау органдарына шағын көлемді кемемен болған көлік оқиғасы туралы ақпаратты бермеуі –
жеке тұлғаларға – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Авариялық жағдайды немесе көлік оқиғасын тергеуді жүргізетін органның не лауазымды адамның сұрау салуы бойынша тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды, анықтамаларды, түсініктемелерді, кеме құжаттарынан үзінді көшірмелерді не басқа да ақпаратты бермеу немесе уақтылы бермеу –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекс 458-2-баппен толықтырылды - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
459-бап. Көлiкте темекi шегу
1. Поездар мен теңiз және өзен көлiгі кемелерiнде белгіленбеген жерлерде темекi шегу –
айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әуе кемесінің бортында, жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде автобустар, шағын автобустар, троллейбустар, таксилер және қалалық рельстік көлік салондарында темекi шегу –
айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 459-бап жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
460-бап. Көлiкте өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу
1. Көлiкте белгiленген өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 460-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
461-бап. Көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу
1. Мемлекеттiк тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған, тiркелген көлiк құралдарын басқару, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) жоқ немесе оны пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіп бойынша тіркелмеген көлік құралдарын жүргізу -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлік құралына көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілерін (белгісін) орнату -
жеке тұлғаларға - он бес, көлік құралдарының пайдаланылуына жауапты лауазымды адамдарға - елу, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Көрінеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгілері (белгісі) бар көлік құралын жүргізу -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң белгiленген ережелерiне сай келмейтiн көлiк құралдарын басқару, -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Тежегiш жүйесiнiң, басқару рулiнiң, жетектi-iлiнiстi құрылғысының ақауы бар көлiк құралдарын басқару, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Тиісті рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқару, -
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Кодекстiң осы тарауында көлiк құралдары деп автомобильдердiң, тракторлардың барлық түрлерiн және басқа да өздiгiнен жүретiн машиналарды, трамвайларды, троллейбустарды, сондай-ақ мотоциклдер мен өзге де механикалық көлiк құралдарын түсiну керек.
6-1. Жолаушыларды, багажды автомобильмен тұрақты немесе тұрақты емес тасымалдауды, сондай-ақ жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап тексеруден өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық қарап тексеруден өтпеген жүргізушінің басқаруына рұқсат беру –
дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
7. Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын жүргізу -
үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
8. Осы баптың бірінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер -
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 461-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.03 N 464 , 2004.12.09 N 10 , 2007.07.27 N 314 (01.01.2008 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.24 N 399-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
461-1-бап. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің
телефонды не радиостанцияны пайдалануы
1. Көлік құралын жүргізу кезінде жүргізушінің телефонды не радиостанцияны пайдалануы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны тыңдауыш немесе қатты дауысты байланыс арқылы пайдалануға рұқсат етіледі.
Ескерту. 461-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 17.04.2014 № 195-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
462-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң қозғалыстың
белгiленген жылдамдығын арттыруы
1. Көлiк құралдары жүргiзушiлерiнiң көлік құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына оннан жиырма километрге дейiнгi шамаға арттыруы –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық километрге дейiнгi шамаға арттыру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Көлiк құралы қозғалысының белгiленген жылдамдығын сағатына қырық километрден асатын шамаға арттыру –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 462-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
463-бап. Маршруттық көлік құралдарының тоқтау, тұрғын
аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді
тасымалдау қағидаларын сақтамау және жол жүрісі
қағидаларын басқа да өрескел бұзу
Ескерту. 463-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Көлік құралдарын жүргізушілердің маршруттық көлік құралдарын тоқтату, тұрғын аймақтарда жүру, жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерімен жабдықталған көлік құралдарымен жүру кезінде қауіпсіздік бөліктерін, мотоциклдерді жүргізу және онымен жолаушыларды тасымалдау кезінде мотошлемдерді пайдалану, көлік құралдарын сүйретуге алу, тәуліктің қараңғы мезгілінде немесе анық көрінбейтін ала-көлеңке кезде жарық беретін аспаптарды пайдалану ережелерін сақтамауы -
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1-1. (Алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен).
2. Белгiленген қағидаларды бұза отырып қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен не мамандандырылған автокөлiк құралдарымен, сол сияқты 1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсатсыз тасымалдау –
жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – оннан отызға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатсыз, оның ішінде арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану арқылы тіркелетін жүріп өтуі –
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге – екі жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3-1. Ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының арнайы рұқсатта көрсетілген параметрлердің бірін асыра отырып не маршруттан немесе мерзімнен ауытқи отырып, жүріп өтуі –
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге – жүз, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
463-бапты 3-2-бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 04.07.2013 № 132-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
3-3. Автокөлік құралын тиеу процесінде жүк жөнелтушінің Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, рұқсат етілген салмақтық және көлемдік параметрлерді асыруы –
жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге – айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексеннен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 463-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.07.03 N 464 , 2004.12.09 N 10 , 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізілді), 2007.07.27 N 314 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 132-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
463-1-бап. Жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу немесе
жолдың жүру бөлігін кесіп өту
1. Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол жүрісі қағидаларының жол қиылыстарынан өтудің басымдық құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жол қиылыстарынан өту қағидаларын бұзу –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 463-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
463-2-бап. Маневр жасау қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларының жүру, қайта ауыстыру, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау алдындағы сигнал беру талабын орындамау –
бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Мұндай маневрлер жасауға тыйым салынған жерлерде кері бұрылу немесе артқа жүру –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 463-1-бабының екінші бөлігінде және 463-5-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қағидаларының жүрудің басым құқығын пайдаланатын көлік құралына жол беру талабын орындамау –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 463-2-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
463-3-бап. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде
орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу
қағидаларын бұзу
1. Жол жүрісі қағидаларын бұза отырып, жаяу жүргіншілер жолдарымен, жол жиектерімен немесе тротуарлармен жүру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлік немесе жаяу колоннаны кесіп өту не оның арасынан орын алу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Егер бұл жол жүрісі қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шығу –
бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, көлік құралын басқару құқығынан айырылған не ондай құқығы жоқ адам жасаған әрекет –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 463-3-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
463-4-бап. Көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру
қағидаларын бұзу
1. Осы Кодекстің 463-бабының бірінші бөлігінде, 466-бабында және осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Көлік құралдарын тротуарда тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтату немесе тоқтап тұру –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа көлік құралдарының жол жүрісіне кедергі келтіруге әкеп соққан, көлік құралдарын жолдың жүру бөлігінде тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Мүгедектердің көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру үшін бөлінген жерлерде көлік құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 463-4-баппен толықтырылды - ҚР 2008.07.04 N 55-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 17.04.2014 № 195-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
463-5-бап. Арнайы жарық және дыбыс сигналдары іске
Достарыңызбен бөлісу: |