Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкімшінің



бет11/54
Дата14.06.2016
өлшемі3.01 Mb.
#134285
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54

                 банкроттық туралы заңнамасын уақытша әкімшінің
                 бұзуы
      1. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастыру үшін оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды оған жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру тәртібін бұзу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Оңалту жоспарының тиімділігі туралы қорытындыны сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді келісу туралы борышкердің өтінішін бес жұмыс күні ішінде қарау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Кредиторлардың талаптарын қарау және оларға қарау нәтижелерін жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Кредиторлар жиналысын өткізу орны мен күні туралы кредиторларға хабарлау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Кредиторлармен оңалту жоспары келісілмеген және (немесе) оңалту жоспары «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде сотқа ұсынылмаған жағдайда оңалту рәсімін тоқтату туралы сотқа өтініш беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Осы баптың бірінші - сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 155-4-баппен толықтырылды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      155-5-бап. Қазақстан Республикасының оңалту және
                 банкроттық туралы заңнамасын оңалтуды
                 басқарушының бұзуы
      1. Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген электрондық аукцион өткізу туралы ақпараттық хабарламаны орналастыру тәртібін бұзу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Кредиторлар комитетімен оңалту рәсімінде жасасқан келісімнің шарттарын орындамау, –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Борышкердің мүлкін басқаруға және оның күзетілуін қамтамасыз етуге қабылдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Оңалту жоспарын орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы ағымдағы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысының өтетін күні, уақыты мен орны туралы кредиторды хабардар етпеу не тиісінше хабардар етпеу –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Оңалтуды басқарушы шеттетілген (босатылған) немесе ауыстырылған кезде тағайындалған оңалтуды басқарушыға борышкердің құрылтайшы, қаржылық, құқық белгілейтін және өзге де құжаттары мен мөрін беру міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Оңалту рәсімінде кредиторлар жиналысының келісуінсіз оңалту жоспарында көзделмеген кәдімгі коммерциялық операциялар шеңберінен тыс мәмілелерді жасау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Сотқа қорытынды есепті ұсынбау, уақтылы ұсынбау не Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін қорытынды есепті ұсыну –
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Борышкерді төлем қабілетсіздігіне әдейі жеткізу белгілерінің бар екенін (жоқ екенін) анықтау және белгілер болған кезде құқық қорғау органдарына процестік шешімдер қабылдау үшін өтініш жолдау міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Кредитордың жазбаша сұрау салуы негізінде оған борышкер қызметінің жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Растайтын құжаттарды қоса бере отырып, сұратылатын ақпаратты оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға ұсыну міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      13. Оңалту жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтінішхатты сотқа жіберу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      14. Оңалту рәсімін тоқтата тұру туралы сотқа уақтылы жүгінбеу –
      отыз айлық көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      15. Кредиторлар комитеті мүшелерінің назарына қаржылық жағдай туралы, кредиторлар комитетіне кәдімгі коммерциялық операциялар барысында жасалған мәмілелер туралы ақпаратты жеткізу міндетін орындамау не тиісінше орындамау –
      отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      16. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып борышкер немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасасқан мәмілелерді анықтау міндетін орындамау не тиісінше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлікті сот тәртібімен қайтару туралы талаптарды бермеу –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      17. Оңалту жоспарында көзделмеген әрекеттерді олар жасалғанға дейін кредиторлар жиналысымен келіспеу –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      18. Егер оңалту рәсімін қолданудан кейін пайда болған, борышкердің кредиторлық берешегінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма пайызынан асатын болса, кредиторлық берешекті ұлғайтуға әкеп соғатын мәмілелерді кредиторлар жиналысының мақұлдауынсыз жасау –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      19. Осы баптың бірінші – он сегізінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 155-5-баппен толықтырылды - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      156-бап. Әдейi банкроттық
      Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерi немесе өзге де адамдардың мүдделерi үшін жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – бір жүз елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 156-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 N 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      157-бап. Жалған банкроттық
      Жалған банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды адамының, органдарының, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге – жетпіс, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 157-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006.01.01 бастап  қолданысқа енгізілді), 2008.07.05 N 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      157-1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі
                  туралы заңнамасын бұзу
      1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы, –
      бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер,-
      бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге – жетпіс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. Кодекс 157-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.11.09 N 197-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-б. қараңыз. 2009.11.13 жарияланды) Заңымен.
      158-бап. Коммерциялық құпияны , банк құпиясын, кредиттік
               бюроның кредиттік тарих деректері базасынан
               алынған кредиттік есептердің мәліметтерін
               немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу
      Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      1. Меншiк иесiне немесе заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.
      2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.
      Ескерту. 158-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2004.07.06. N 572, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
      158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу
      Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 158-1-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді); өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
     158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпиясын сақтау
                 міндетін бұзу
      Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қызметтік әрекетіне байланысты адамның өзіне мәлім болған осы мәліметтерді олардың иесінің келісімінсіз бұзуы –
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 158-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       158-3-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет
                   туралы заңнамасын бұзу
      1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, туристік қызметтер ұсыну ережелерінде көрсетілген саяхат жасау кезінде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәлімет ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
      дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -
      лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
      лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -
      лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -
      лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 158-3-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.07.05 N 59-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      158-4-бап. Сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны
                  туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау
      Егер оны ұсыну заңда көзделген жағдайда, сотта корпоративтік дау бойынша іс қозғалғаны туралы ақпаратты ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау, -
      лауазымды адамдарға – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға – бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 158-4-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.11 № 385-IV (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      158-5-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау
                  тәртiбi мен мерзімдерін бұзу
      1. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдерін ірі кәсіпкерлік субъектісінің бұзуы, -
      лауазымды адамдарға - отыз, заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың біріншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған нақ сол iс-әрекеттер (әрекетсіздік), –
      лауазымды адамдарға - елу, заңды тұлғаларға – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 14-тарау 158-5-баппен толықтырылды - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15-тарау. САУДА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚ
      159-бап. Тұтынушыларды алдау
      1. Сауда қызметін және қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің немесе ұйымдардың кем өлшеуі, таразыдан жеуі, кем есептеуі, тауардың (көрсетілетін қызметтердің) тұтыну қасиеттеріне немесе сапасына қатысты жаңылыстыруы немесе тұтынушыларды өзгедей алдауы –
      жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып және үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, елеулі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге елуден бір жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, ірі залал келтіруге әкеп соққан іс-әрекеттер –
      белгілі бір қызмет түріне берілетін лицензиядан айырып не үш жылға дейінгі мерзімге қызметін тоқтата тұрып немесе оған тыйым салып, жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің отыздан бір жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге бір жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. Осы бапқа қатысты бір айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы залал – елеулі мөлшердегі залал деп, кемінде үш айлық есептік көрсеткіш сомасындағы залал ірі мөлшердегі залал деп танылады.
      Ескерту. 159-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      160-бап. Қару-жарақ пен оқ-дәрi сату тәртiбiн бұзу
      1. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға қару-жарақ пен оның оқ-дәрiсiн сатуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуден сексенге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Сауда ұйымдары қызметкерлерiнiң арнайы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзу үшiн арнайы техникалық құралдарды және ақпаратты қорғаудың криптографикалық құралдарын, жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк органдарды қоспағанда, тиiстi рұқсаты жоқ жеке тұлғаларға, ұйымдарға сатуы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 160-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен.
      161-бап. Қазақстан Республикасының сауда қызметiн реттеу
                саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Сатып алушының өтiнiшi бойынша тауар, оның шығарылған жерi, дайындаушылары, тұтыну қасиеттерi, кепiлдiк берiлген мiндеттемелер және талап қою тәртiбi туралы қажеттi ақпарат бермеу, -
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден екiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - бестен жетіге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      3. Алып тасталды - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      4. Тауарлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін куәландыратын ресми құжатты құқыққа қайшы пайдалану, -
      тауарлары тәркiлене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен жетiге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерiнде, ірі кәсіпкерлік субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың бірінші және төртінші бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер), -
      тауарлары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетiден онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 161-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді), өзгерту енгізілді - 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
     161-1-бап. Төлем карточкаларын пайдалана отырып,
                  төлемдердi қабылдаудан бас тарту
      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып, қабылдаудан бас тартуы -
      дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
      дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 161-1-баппен толықтырылды - ҚР 2005.10.21 N 80 Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      161-2-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем
                  карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
                  жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының)
                  болмауы
      1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада оларды төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асыруға арналған жабдықтың (қондырғының) болмауы -
      дара кәсіпкерлерге – қырық, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет -
      дара кәсіпкерлерге – сексен, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 15-тарау 161-2-баппен толықтырылды - ҚР 2012.06.21 N 19-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
       162-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет