Әкімшілік құқық бұзушылық туралы


-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi



бет25/34
Дата19.06.2016
өлшемі4.1 Mb.
#147845
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34
691-бап. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi
                орган

      1. Көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екiншi бөлiгiнде) (темiржол көлiгiмен, теңiз және iшкi су көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде), 563 (бірінші бөлігінде), 564 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), 580, 581 (бірінші бөлігінде), 582, 583 (бірінші бөлігінде), 589, 625 (теңiз және әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтар бөлiгiнде), 633, 634-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      2. Көліктік бақылау органдары осы Кодекстің 333 (бірінші бөлігінде), 441 (бірінші және екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде), 559, 560, 561, 562, 571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 577, 578, 579, 580, 581, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 586, 587, 588, 589 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 609, 616, 621(бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 624, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627, 628, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      Көліктік бақылау органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) осы Кодекстiң көліктік бақылау органдарының ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – көліктік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көліктік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
      2) осы Кодекстің 441 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 560, 561, 562, 571, 572 (бірінші бөлігінде), 573, 575, 576, 582, 583 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 584, 585, 587, 588,  589 (әуе көлiгi кемелерiндегі бұзушылықтардан басқа), 590 (сегізінші бөлігінде), 593 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 616, 621 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 623, 625 (әуе көлiгi кемелерiндегi бұзушылықтардан басқа), 627, 631 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – көліктік бақылау органдарының осыған уәкiлеттiк берілген лауазымды адамдары құқылы.
      Осы баптың екінші бөлігінің төртінші абзацында аталған лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшері жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
      3. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (әуе көлiгiмен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 565, 566 (бірінші бөлігінде), 567, 568, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 570, 571 (бiрiншi бөлiгiнде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін), 626-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      Азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) осы Кодекстiң азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның ведомстволығына жатқызылған барлық баптары бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) осы Кодекстiң 564 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын әуеайлақтарда немесе осындай әуеайлақтар ауданында жасалған бұзушылықтар туралы iстердi қоспағанда), 565, 569 (үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 589, 623 (әуе көлiгiнде бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша – азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
      Ескерту. 691-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      692-бап. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы


                уәкiлеттi орган

      1. Байланыс және ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 636 (бiрiншi бөлiгiнде),  637(бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 638 (бiрiншi бөлiгiнде), 639, 640, 641-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.

      693-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы


                саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге
                асыратын органдар

      1. Мемлекеттiк еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң


83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде),
86 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде), 87, 88, 89, 90, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 230 (жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 519 (бiрiншi, екiншi, үшінші, бесінші және алтыншы бөлiктерiнде), 520-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) мемлекеттiк еңбек инспекторлары құқылы;
      2) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 693-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      694-бап. Әдiлет органдары

      1. Әдiлет органдары осы Кодекстiң 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды жекеше нотариустар жасаған кезде), 457, 459, 460, 468, 670, 671 және 672-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға зияткерлiк меншiк құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу саласындағы, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әдiлет органдарының басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 694-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      695-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды


                тұлғаларды, азаматтық хал актiлерін
                мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу
                саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 466-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға жылжымайтын мүлікке құқықтарды, заңды тұлғаларды, азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу, бағалау қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 695-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      696-бап. Көшi-қон жөнiндегi органдар

      1. Көшi-қон жөнiндегi органдар осы Кодекстiң 520-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (өз құзыретi шегiнде) қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының көшi-қон жөнiндегi органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалаларының көші-қон жөніндегі органының және көшi-қон жөнiндегi оған теңестiрiлген органының бастығы құқылы.

      697-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлетті


                орган

      1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 139 (бiрiншi бөлiгiнде), 140 (екiншi бөлiгiнде),


230 (шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық жағынан қауiптi түрлерiн жүзеге асыратын тұлғалар жасаған құқық бұзушылықтар бойынша екiншi бөлiгiнде), 297 (бiрiншi бөлiгiнде), 324, 325, 326 (бiрiншi және екінші бөлiктерiнде), 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (бірінші бөлігінде), 334, 335, 336, 337, 344, 346, 347, 351, 352, 353, 356 (екiншi бөлiгiнде), 358, 374, 377, 379, 391, 392 (бiрiншi бөлігінде), 393 (бiрiншi бөлiгiнде), 394, 395 (бiрiншi бөлiгiнде), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 397 (бiрiншi, екінші және үшінші бөліктерінде), 399 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк экологиялық инспекторлары және аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға – жетпiске дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының аға мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырыққа дейiнгi, лауазымды адамдарға – үш жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк экологиялық инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға;
      5) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк экологиялық инспекторы мен оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бiр жүз елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасынан не қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасынан пайызбен көрсетiлген айыппұл салуға құқылы.

      698-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті


                орган

      1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 93, 230 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілердің иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 297, 298, 299 (бірінші бөлігінде) (бөгеттер қауіпсіздігін қоспағанда), 305 (газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарындағы бұзушылықтар бойынша), 306, 307, 308, 351, 352, 353 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 356 (он бірінші және он екінші бөліктерінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.


      2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган атынан өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға – елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі мемлекеттiк инспекторы, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкеркерге – бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік қадағалау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы және оның орынбасары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, лауазымды адамдарға – бір жүзге дейiнгi, заңды тұлғаларға – бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 698-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      699-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң


                органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 642, 644, 645, 646, 647, 648, 649, 650-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi органдарының атынан жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары құқылы.

      700-бап. Денсаулық сақтау органдары

      1. Дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 424 (бiрiншi бөлiгiнде),  426(бiрiншi бөлiгiнде), 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      2. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi осы Кодекстiң 80 (бiрiншi, екiншi және үшінші бөлiктерiнде), 81 (бiрiншi бөлiгiнде), 82 (бiрiншi бөлiгiнде), 424 (бiрiншi, екiншi және төртінші бөлiктерiнде), 428, 429, 432, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi өз құзыреті шегінде қарайды.
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      701-бап Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық


               саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган

      Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстің 93 (екінші және бесінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 203, 324, 327, 344, 351, 358, 425 (бірінші бөлігінде), 430 (бірінші бөлігінде), 431, 464 (бірінші бөлігінде), 621 (бірінші, екінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      702-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының,


                Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан
                Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік
                санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және
                қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық
                бөлімшелері

      1. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері тиісінше: Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдарына және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ведомстволық бағынысты; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалашықтары мен оқу орталықтарының аумағында орналасқан объектiлерде санитариялық қағидаларды және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар туралы, осы Кодекстiң 425-бабының (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары не осыған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.

      703-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 406-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Осы Кодекстің 406-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарлары;
      2) ветеринариялық бақылау бекеттерiндегi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлар;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары;
      5) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары мен олардың орынбасарлары, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары құқылы.
      3. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары:
      1) өткiзу орындарында – жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзу кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
      2) темiржол, су және әуе көлiгiнде, жолдарда және мал айдайтын күре жолдарда – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ мал айдау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн;
      3) мемлекеттiк шекарада – Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау бөлiгiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзылғаны үшiн айыппұлды сол жерде ала алады.

      704-бап. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы


                уәкiлеттi орган

      1. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның лауазымды адамдары осы Кодекстiң 407-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
      2) Қазақстан Республикасының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторының орынбасары;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары;
      4) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың асыл тұқымды мал шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттік инспекторлары құқылы.

      705-бап. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi органдары осы Кодекстiң 400-бабында (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасары;
      2) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өсiмдiктер карантинi жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
      3) Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің және фитосанитариялық бақылау бекеттерінің өсiмдiк карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлары құқылы.
      Ескерту. 705-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      706-бап. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын


                реттеу саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Тұқым шаруашылығы және астық нарығын реттеу саласындағы уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары осы Кодекстiң 401 (бірінші және екiншi бөлiктерiнде), 402 (бесінші бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 706-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      707-бап. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Өсiмдiктердi қорғау саласындағы уәкiлеттi орган мен оның жергiлiктi жердегi бөлiмшелерi осы Кодекстiң 297, 377,
403-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы;
      2) Қазақстан Республикасының тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерінің өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары;
      3) өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар құқылы.

      708-бап. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы


                уәкiлеттi органдар

      1. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 141, 299 (бірінші бөлігінде) (өнеркәсіптік қауіпсіздікті қоспағанда), 358, 359, 360 (екінші бөлігінде), 361, 362, 363, 365-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор мен оның орынбасарлары, суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк бассейндік (аумақтық) инспекторлар мен олардың орынбасарлары – жеке тұлғаларға – айлық есептiк көрсеткiштiң отыз беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жетпiс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi аға мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң отызға дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс беске дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) суды пайдалануды реттеу мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпысқа дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екi жүз алпысқа дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 708-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      709-бап. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы


                уәкiлеттi органдар

      1. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдар осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы органдардың атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) осы Кодекстiң 138 (екінші бөлігінде), 142, 143, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 385 (бірінші бөлігінде), 386, 387, 388, 390, 394 (бірінші бөлігінде), 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – Қазақстан Республикасының орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдары мен олардың аумақтық органдарының лауазымды адамдары;
      2) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары;
      3) осы Кодекстiң 138, 337, 339, 366, 367, 368, 369, 370, 371, 372, 373, 374, 377, 379, 381, 382 (бiрiншi бөлiгiнде), 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – облыстық атқарушы органдардың орман және аңшылық шаруашылығы құрылымдық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары;
      4) осы Кодекстiң 138, 143, 337, 339, 366, 367 (үшінші бөлігінде), 368 (екінші бөлігінде), 369 (екінші бөлігінде), 370 (төртінші бөлігінде), 371, 372 (төртінші бөлігінде), 373 (екінші бөлігінде), 374 (екінші бөлігінде), 377 (екінші бөлігінде), 379, 380, 381, 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші, екінші және бесінші бөліктерінде), 384, 387, 388-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн – мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзет қызметiнiң басшылары, басшыларының орынбасарлары, бастықтары құқылы.

      710-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк 


                бақылауды жүзеге асыратын органдар

      1. Жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 137, 341, 342-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жердi пайдалану мен қорғауды бақылау жөніндегі уәкiлеттi органы осы Кодекстiң 136, 137 (бірінші бөлігінің 2) тармақшасында), 138 (бірінші бөлігінде), 337, 338, 339, 340-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасының жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторы – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң – жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
      3) жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар – жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiс беске дейiнгi, лауазымды адамдарға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз елуге дейiнгi, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 710-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      711-бап. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган

      1. Инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 148-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

      712-бап. Геодезия және картография саласындағы


                мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдар

      1. Геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 138 (екінші бөлігінде), 343-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға геодезия және картография саласындағы уәкілетті орган ведомствосының лауазымды адамдары құқылы.
      Ескерту. 712-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      713-бап. Монополияға қарсы орган

      1. Монополияға қарсы орган осы Кодекстiң 160 (бірінші бөлігінде), 161, 162, 163, 201-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға монополияға қарсы органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ монополияға қарсы органның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      714-бап. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн


                нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын
                уәкiлеттi орган

      1. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 164, 165, 166, 167, 168, 250, 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

       715-бап. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз


                 ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге
                 асыратын органдар

      1. Техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 193 (бірінші бөлігінде), 203, 415 (бiрiншi бөлiгiнде),


417 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 418,
419 (бiрiншi бөлiгiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 638 (бiрiншi
бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк жазаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi Бас мемлекеттiк инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау және қадағалау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторлары мен олардың орынбасарлары қолдануға құқылы.

      716-бап. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi


                уәкiлеттi орган

      1. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 590 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) (тракторлардың, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарының жүргiзушiлерi жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), ауыл шаруашылығы техникасын, тракторларды, өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар мен жабдықты тiркеу жөнiндегi қадағалаушы уәкiлеттi органдарға қатысты бөлiгiнде 612, 617, 619, 627-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ауыл шаруашылығы техникасын тiркеу жөнiндегi аудандық және облыстық уәкiлеттi органдардың  инженер-инспекторлары құқылы.

      717-бап. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi


                мемлекеттiк орган

      1. Өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган осы Кодекстiң 228 (үшінші және жетінші бөлiктерiнде) (өзара сақтандыру қоғамдарының өсiмдiк шаруашылығында жасаған құқық бұзушылықтары бөлiгiнде), 230 (екiншi бөлiгiнде) (өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      718-бап. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк


                сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге
                асыратын органдар

      РҚАО-ның ескертпесі!


      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Объектiлердi салу сапасына мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 309, 312 (бiрiншi бөлiгiнде), 315, 316 (бiрiншi бөлiгiнде), 317 (бiрiншi, екiншi, үшiншi және 3-1-бөлiктерiнде), 318, 321, 322, 323, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      1-1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган осы Кодекстiң 323-1-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк құрылыс инспекторы мен оның орынбасарлары, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бас мемлекеттiк құрылыс инспекторлары құқылы.
      Ескерту. 718-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015 № 366-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      719-бап. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi


                орган

      1. Мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 497, 499, 500, 501, 502, 503-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      720-бап. Мемлекеттік кіріс органдары

      1. Мемлекеттік кіріс органдары осы Кодекстiң 91 (алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 92 (екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 151 (бірінші бөлігінде), 152, 155, 157, 177, 178, 179, 180, 181, 194, 195, 196, 203, 205, 221, 233 (бірінші бөлігінде), 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 246-1, 266, 269, 270, 271, 272, 273, 274, 275, 276, 277, 278, 279, 280, 281 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 282 (бірінші, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөліктерінде), 284, 285, 286, 287, 288, 464 (бірінші бөлігінде), 471, 472, 474, 521, 522, 523, 524, 525, 526, 527, 528 (екінші және үшінші бөліктерінде), 529, 530, 531, 533, 534, 535, 536, 537, 538, 539, 540, 542, 543 (екінші бөлігінде), 546, 547, 548 (бірінші бөлігінде), 551 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 552 (бірінші бөлігінде), 553, 554, 555, 556, 557 және 558-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Мемлекеттік кіріс органдары осы бөлікте санамаланған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалған кезде, осы Кодекстің 230 (екінші бөлігінде), 297, 324 (бірінші бөлігінде), 334, 377 (бірінші бөлігінде), 400 (бірінші бөлігінде), 406 (бірінші және екінші бөліктерінде), 425 (бірінші бөлігінде), 571 (екінші және үшінші бөліктерінде), 572 (бірінші бөлігінде), 573, 574, 589 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 590 (бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші және оныншы бөліктерінде), 593 (екінші, үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 609, 612 (үшінші бөлігінде) және 621 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi де қарайды.
      3. Мемлекеттік кіріс органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      мемлекеттік кіріс органдарының ведомстволық бағыныстылығына жатқызылған, осы Кодекстің барлық баптары бойынша – мемлекеттік кіріс органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары;
      осы Кодекстің 91 (алтыншы бөлігінде), 92 (екінші бөлігінде), 195 (бірінші бөлігінде), 269 (бірінші бөлігінде), 270 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 271 (бірінші бөлігінде), 272 (бірінші бөлігінде), 276 (бірінші бөлігінде), 284 (бірінші, үшінші, бесінші, жетінші, тоғызыншы, он бірінші, он үшінші, он бесінші және он жетінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ескерту түрінде, сондай-ақ 897-бабында көзделген тәртіппен айыппұл түрінде әкімшілік жаза – мемлекеттік кіріс органдарының басшысы уәкілеттік берген лауазымды адамдары құқылы.
      Ескерту. 720-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      721-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы Кодекстiң 174 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 274, 471, 472, 473, 474, 475-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы мен оның орынбасарлары, облыстар бойынша, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, өңіраралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      Ескерту. 721-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      722-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң


                органдары

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 207, 209, 230 (екінші бөлігінде) (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде), 233 (екінші бөлігінде), 234, 238, 239 (бірінші және екінші бөліктерінде), 240, 241, 247 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, жетінші және оныншы бөліктерінде), 248, 249, 250, 267, 464 (бiрiншi бөлiгiнде (бұл бұзушылықтарды аудиторлық ұйымдар жасаған кезде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары;
      2) аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары және аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.
      Ескерту. 722-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      723-бап. Iшкi бақылау жөнiндегi уәкiлеттi орган

      Ескерту. 723-бап алып тасталды - ҚР 12.11.2015 № 393-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      724-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi осы Кодекстiң 91 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші және он екінші бөліктерінде), 186, 206, 208, 210, 211 (екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 212, 213, 215, 217, 218, 220, 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші бөліктерінде), 229, 230 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 231, 232, 239 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 242, 243, 244, 247 (төртінші және сегізінші бөліктерінде), 252 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260, 261, 262, 263, 264, 265, 286, 464 (бірінші бөлігінде), 497 (алғашқы статистикалық деректерді жинау құзыретiне кiретiн бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

      725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк


                қорғау органдары

      1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83 (жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары құқылы.

      726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк


                органдары

      1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 504-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға Ұлттық қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393 (шекаралық кеңістікте жасалған)-баптарында, сондай-ақ 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396 (бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз әскери бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
      3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштің жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
      Ескерту. 726-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      727-бап. Әскери полиция органдары

      1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611 (бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті, осы баптың төртінші және бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.
      5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын басқаратын адамдарға қолданылады.
      6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері – әскери қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған, әкімшілік жаза ретінде белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
      Ескерту. 727-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      728-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың


                айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар

      1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар осы Кодекстің 281 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 282 (бiрiншi, екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
      Ескерту. 728-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

      729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар



      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 452 (бірінші, екінші, бесінші, жетінші, сегізінші бөліктерінде, тоғызыншы бөліктің 1), 2), 3) тармақшаларында, оныншы бөлігінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары құқылы.
      3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері осы Кодекстің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын қондырғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктерінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.
      Ескерту. 729-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 387-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      730-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 84, 409 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

      731-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң
187 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

      732-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 464-бабында (бiрiншi бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

      733-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 268, 464 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы не оның мiндетiн атқарушы адам құқылы.

      734-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (бiрiншi, үшiншi, алтыншы және сегiзiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.

      735-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган

      1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында (төртінші, бесінші және тоғызыншы бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
      1) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
      2) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен оның орынбасарлары құқылы.

4-БӨЛIМ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУ

37-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

      736-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс


                жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен айқындалады.


      2. Қылмыстық немесе азаматтық iстi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң және тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексiнің ережелерімен айқындалады.

      737-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс


                жүргiзу мiндеттерi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерi:


      1) әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу;
      2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын қамтамасыз ету;
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.

      738-бап. Iс жүргiзу тiлi

      1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады.
      3. Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға басқа тiлде жазылған, заң бойынша оларға қажеттi iс материалдарын iс жүргiзу тiліне тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
      5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға жататын процестік құжаттар олардың ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуға тиiс.
      6. Аударма бойынша шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметтерi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi.

      739-бап. Мерзiмдердi есептеу

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде пайдаланылатын мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен және жылдармен есептеледi.
      2. Мерзiмдердi есептеген кезде мерзiмнің өтуі басталатын сол сағат пен тәулiк есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
      3. Мерзiм тәулiктермен есептелетін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi есептеген кезде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
      4. Мерзiмді тәулiктермен есептеген кезде мерзiм бірінші тәулiктiң нөл сағатынан кейiн есептеледі және мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында бітеді.
      5. Мерзiмді айлармен немесе жылдармен есептеген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi күнiнде бітеді, ал егер бұл айда тиiстi күні болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, әкiмшiлiк ұстап алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, онда одан кейiнгi бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi деп есептеледi.

      740-бап. Өтiнiшхат

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысатын адамдардың, жүргiзуінде осы iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiшхатты мәлiмдеуге құқығы бар.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      2-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Өтiнiшхат жазбаша түрде мәлiмделедi және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу қарау мүмкін болмаған жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс.
      3. Өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамның назарына жеткізіледі.

      741-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс


                жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар

      1. Мынадай мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға жатады:


      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болмауы;
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы,
      3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;
      4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн немесе іс-әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес деп тануы;
      5) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтуi;
      6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;
      7) өзіне қатысты іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы;
      8) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган растаған, бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда, салық төлеушiнiң салық есептiлiгi нысандарын электрондық түрде ұсыну бойынша салықтық мiндеттеменi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде орындамауына әкеп соғуы;
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;
      10) Осы Кодекстің 897-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл төлегенін растайтын құжаттың болуы;
      11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен адам саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылуы.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру құқыққа сыйымды болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты жоққа шығаратын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады.

      742-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк


                беретiн мән-жайлар

      Қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болуына байланысты материал прокурорға, сотқа дейінгі іс жүргізу органына берiлген жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен тоқтатылуы мүмкiн.

      743-бап. Хабардар ету (хабарлама)

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзуге қатысушыларға істі қарау немесе жекелеген процестік әрекеттер жасау уақыты мен орны туралы хабарланады және олар хабардар ету арқылы (хабарламамен) сотқа, органға (лауазымды адамға) шақырылады.


      2. Хабардар ету (хабарлама), оның тапсырылғаны туралы хабардар етуі бар тапсырыс хат, телефонограмма немесе жеделхат, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар не хабарламаның немесе шақырудың тіркелуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалану арқылы жіберіледі.
      Ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабармен хабардар етілген кезде іс жүргізуге қатысушылар осы бапта көрсетілген өзге тәсілмен де хабардар етіледі.
      3. Егер істе көрсетілген мекенжай бойынша адам шын мәнінде тұрмаса, хабарлама немесе шақыру заңды мекенжайы бойынша немесе оның жұмыс орнына жіберілуі мүмкін. Заңды тұлғаға арналған хабардар ету (хабарлама) оның тұрған жері бойынша жіберіледі.
      4. Хабардар ету (хабарлама):
      1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың тиісті бағанында әкімшілік жауаптылыққа тартылатын адамның қолы болған;
      2) жеке өзіне немесе онымен бірге тұрып жатқан кәмелетке толған отбасы мүшелерінің біріне тапсырылғаны туралы жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабардар етуге қол қойып тапсырылатын тапсырыс хатпен, жеделхатпен адам хабарланған жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады. Заңды тұлғаға арналған хабарлама заңды тұлғаның басшысына немесе қызметкеріне тапсырылады, ол өзінің тегін, аты-жөні мен лауазымын көрсетіп, тапсырылғаны туралы хабардар ететін хабарламаны алғаны жөнінде қол қояды;
      3) хабарланатын адам іс бойынша іс жүргізу процесінде көрсеткен және өзінің қол қоюымен растаған, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар жіберілген;
      4) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға мемлекеттік кіріс органы электрондық тәсілмен хабардар етуді (хабарламаны) жіберген жағдайларда тиісінше жеткізілді деп танылады.
      5. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жүзеге асырылатын адам өзі көрсеткен тұрғылықты жері (тұрған жері) мекенжайының, жұмыс орнының, ұялы байланыстың абоненттік нөмірінің, электрондық мекенжайының дұрыс екендігімен танысқанын өзінің қол қоюымен растайды, ал көрсетілген мекенжайларға жіберілген хабардар ету (хабарлама) тиісінше және жеткілікті деп есептелетін болады.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      743-бапты 5-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      6. Адресат хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізетін немесе тапсыратын адам сотқа, органға (лауазымды адамға) қайтарылатын хабардар етуге (хабарламаға) тиісті белгі соғады.
      7. Адресаттың хабардар етуді (хабарламаны) қабылдаудан бас тартуы істі қарауға немесе жекелеген процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды.
      Ескерту. 743-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

38-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША IС



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет