Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Тақырыбы: Мемлекеттік жер ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы



бет32/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94
узр все

Тақырыбы: Мемлекеттік жер ресурстарын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы

Қазіргі кезде ең басты жер ресурстарын басқарушы кұрылым-Қазақстан Республикасы Агенттігі. Ол елдің бүкіл территориясын қамтып, өзінің өкілеттіктерін вертикальді түрде орналастырған. Агенттік Нұрсұлтан мен Алматыда, облыстарда өзінің: жер ресурстарын басқару комитеттерін иеленеді.



2001 ж. «Жер туралы» (11-бап.) занда жер ресурстарын басқару орталық уәкілетті ороганының құқыктары мен құзыры 1995 ж. «Жер туралы» мемлекеттік жер ресурстарын басқару комитетінің жарлығымен салыстырғанда кеңейтілген.

Жаңа заңнамада жерге орналастыру және жер қатынастарын реттеуде мемлекеттік комитетке қарағанда Агенттік кұзыры кеңейген, ал жерге орналастыру және жер катынастарын реттеу мемлекеттік комитеттен кейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне өтіп кеткен болатын.

Агенттік пен оның территориялық органдарына келесідей бақылау қызметі кіреді, ол біріншіден жер қорын қорғау, екінші жер заңының бұзылуын болдырмау және жою қызметі.

Қазақстан Республикасы министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Агенттігінің негізгі міндеттері «Жер ресурстарын басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәселелері» № 1776 жылдың 23.11.1999ж. болып табылатындар:

• Жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография салаларында біріңғай мемлекеттік саясат жүргізу.

• Жер реформасын жүргізу, оның ғылыми, кадастрлық және әдістемелік қамтамасыз ету, жерге орналастыру, картография, геодезияда іс-шараны дайындау, ұйымдастыру және іске асыру;

• Бекітілген нормаларда мемлекеттік жер кадастырында жер мониторингін ұйымдастыру және енгізу;

• Қазақстан Республикасы ресурстарының жағдайы туралы мәліметтер банкін кұру және енгізу;

Жерді зоналауды ұйымдастыру;

• Бекітілген норма бойынша жерді қорғау және орындауды мемлекеттік бақылаудың жүргізілуі;

• Мемлекеттік геодезиялық тексеру және сәйкес ақпаратты қорғаудың жүргізілуі;

• Жерге төлемді белгілеу ұсынысын жасау;

• Жер учаскесінің бөліну, бөлінбеуін анықтау;

• Нақты жер учаскесін сату кезінде оның құнын анықтайды, мемлекет жерді ұсынған кезде;

• Заңға сәйкес қолданылатын, колданылмайтын жерді анықтайды;

• Жерді пайдалану мен қорғауға әсер ететін Республикалық, облыстық, аудандық бағдарлама мен схемалардың экспертизасын жүргізеді.

• Геодезия мен жерге орналастыру мақсатында мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ғылыми- ізденіс, тәжірибелік-құрастырушьшық жұмыстарға қатысады;

Жерге орналастыру, геодезия, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық және т.б, тексеріс жұмыстарында өздерінің тәртіптерінде әрекеттерді белгілейді;

• Жерге құкықты растайтын құжаттарды дайындап береді;

• Геодезия, картография және жер ресурстарының қызметкерлерін дайындау, қайта дайындау және дәрежесін көтеруді ұйымдастырады;

• Қазақстан Республикасы Әділет министрлігін жер кадастрлық карта мен планмен қамтамасыз етіп отырады;

• Басқада Үкімет қойған міндеттерді атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет