Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекіткен



бет40/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94
узр все

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекіткен.

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану

- Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібі

- Топырақ құнарлылығын сақтау тәртібі



Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану:

  1. Жерлердің құнарлылығын ұстап тұруды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы қарашірік құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгілі бір деңгейі);

  2. Танаптар/жайылымдар тарихының кітабын қалыптастыруды;

  3. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін ұстап тұруды және арттыруды;

  4. Жайылым айналымдары мен су пайдалану көздерін ескере отырып ауыспалы егістерді сақтауды/жайылымдарды пайдалануды;

  5. Топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;

  6. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру кезінде жайылымға түсетін оңтайлы жүктемені қамтамасыз етуді;

  7. Ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерлерге арамшөп пен ағаш-бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен қоқыстауына жол бермеуді;

  8. Ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.

Топырақ құнарлылығын айтарлықтай төмендетуге жол берілмейді:

  1. Егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы қарашірік құрамының бес пайыздан артық, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының жиырма пайыздан артық төмендеуі;

  2. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес қарашірікпен және қоректік элементтермен қамтамасыз етілу көрсеткіштері өте төмен және төмен жер алаңдарының он пайыздан артық ұлғаюы;

  3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералды тыңайтқыштармен шекті рұқсат етілген концентрациялардан жоғары ластануы;

  4. Эрозия нәтижесінде жоғарғы қарашірік қабаты қуатының 5 сантиметрден артық азаюы;

  5. Топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының ұлғаюы:

      Хлоридтердің 0,4 пайыздан артық;

      Сульфаттардың 0,8 пайыздан артық;

      Топырақта сортаңданудың 5 пайыздан артық жоғарылауы.


  1. Арамшөптердің (рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары арамшөптер мөлшері) не карантиндік өсімдіктердің өсуі салдарынан жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуы.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығы және ауыл шаруашылығы өндірушісі осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген талаптарды орындау мониторингін агрохимиялық қызмет ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге топырақтық, агрохимиялық, фитосанитариялық зерттеп-қараулар және жерлердің мониторингін жүргізу кезінде алынған деректер негізінде жүзеге асырады.

      Жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құқық белгілейтін құжаттар берілгеннен кейін бір ай мерзімде жаңадан берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жайында агрохимиялық қызметті хабардар етеді.

      Агрохимиялық қызмет ауыл шаруашылығы өндірушісі құқық белгілейтін құжаттарды алғаннан кейін алғашқы күнтізбелік жыл ішінде топыраққа агрохимиялық зерттеп-қарау жүргізеді.

Жыртылған қабаттағы жалпы қарашірік құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа өлшемді құрамының көрсеткіштері тәлімі жерде жеті жылда бір рет және суармалы жерде бес жылда бір рет циклділікпен жүргізілетін топырақты агрохимиялық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша айқындалады және агрохимиялық зерттеп-қараудың бастапқы (базалық) турында және кейінгі турларында белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.

Өсімдік шаруашылығының мақсаттары үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша ауыл шаруашылығы өндірушісі алған ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі туралы деректер тиісті дақылдар бойынша орташа аудандық түсімділік көрсеткіштерімен салыстырылады.

Орташа аудандық түсімділік дақылдар бөлінісінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылатын және суарылмайтын жерлер бөлінісінде есептеледі.

Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін тиісті дақылдың орташа аудандық көрсеткішінен сексен бес пайыздан кем деңгейде үш жыл қатарынан алуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланбау болып табылады.

Жайылымға оңтайлы жүктемені қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы өндірушісіне тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы деректер пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге тиесілі ауыл шаруашылығы жануарлары басының санын есептеу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған мәліметтер бойынша тиісті жылғы 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша деректер негізінде алынған орташа көрсеткіш қабылданады.

Егер ауыл шаруашылығы өндірушісі мал өсіру (күтіп-бағу) технологиясында қорада күтіп-бағу әдісін пайдаланатын болса, есептемелер жүргізу кезінде қорада күтіп-бағылатын мал саны есептелмейді.

Ауыл шаруашылығы өндірушісі ауыл шаруашылығы жануарларының екі жыл қатарынан Жүктеме нормасынан жиырма пайыздан аз болуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.

      Ауыл шаруашылығы өндірушісінде ауыл шаруашылығы жануарлары санының Жүктеме нормасынан шекті түрде артық болуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдалану болып табылады.

Осы талаптар мен шарттарды орындау мемлекеттерде Жер ресурстарын басқару жүйесін құрумен қамтамасыз етіледі, ол міндетті түрде мынадай функцияларды қамтиды: жерді есепке алу, жер пайдалануды дамытуды жоспарлау, Жерді ұтымды пайдалану мен оны қорғауды ұйымдастыру, жер бақылауды. Бұл функциялар жерге орналастыру жүйесінде іске асырылады, меншік нысанына, түріне (санатына, алқабына) және шаруашылық жүргізуші субъектілерге тиесілігіне қарамастан барлық жерді қамтиды. Бұл ретте жерге орналастыру іс-шараларының жүйесі функционалдық, технологиялық және иерархиялық түрде жер кадастрын (жылжымайтын мүлік кадастрын), салық салу (мемлекеттік кадастрлық бағалау) және жер мониторингі үшін жерді бағалауды жүргізумен байланыстырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет