Кадастрлық баға дегеніміз – нақты статистикалық мәліметтерге сәйкес анықталатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкалары мен оларға түзету коэффициенті негізінде айқындалатын жер телімінің құны болып табылады.
Ал жер телімінің нарықтық бағасы бұл нарықта жер телімін сату-сатып алу мақсатында, сатып алушы мен сатушы арасында өз пайдасы үшін қойылатын ықтимал баға.
Кадастрлық бағалаудың мақсаты - әкімшілік бөлімдердің, яғни, облыстардың, аудандардың, қалалардың және т.б. шекарасындағы барлық жер телімдерінің нақты өзіндік құнын анықтау болып табылалды. Аймақтық кадастрлық құнды анықтау үшін арнайы алдын-ала белгіленген күнге орай жұмыстар жүргізіледі.
Әртүрлі елдерде де жер нарықтарының сипатындағы айырмашылықтар (айырмашылықтар географиялық орналасумен немесе геоинституциялық тарихпен байланысты емес: Мысалы, батыс-шығыс; ескі-жаңа).
Жер нарығын реттеудің бірнеше санатын бөлуге болады:
Жалға алушыны қорғау шаралары
Культиватор иесін қорғау шаралары
Ауыл шаруашылығы емес иеленушіні қорғау жөніндегі шаралар
Ауылшаруашылық жерлерінің бөлінуіне жол бермеу.
|