10
Биотикалық факторлар: 1) түр
ішіндегі әсерлесу; 2) түр арасындағы
әсерлесу.
2.3. Биотикалық факторлар. Экологиялық қуыс туралы түсінік
Биотикалық факторларға особьтар мен түрлер арасындағы әртүрлі
әрекеттесулер жатады. Биотикалық факторлар екі топқа бөлінеді: түр ішіндегі
және түрлер арасындағы әсерлесу.
Бір түр особьтарының арасындағы әсерлесуді гомотиптік реакциялар деп
атайды. Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі селбесіп өмір сүргенде
популяцияның саны және тығыздығына байланысты болады.
Бір түрдің особьтарының арасындағы түр
ішіндегі әсерлесу топтық
эффектен және түр ішіндегі бәсекелестіктен тұрады. Топтық эффекті қазіргі
кезде демографиялық факторлар деп атайды. Олар популяциялық деңгейде ағза
топтарының тығыздын және санының динамикасын сипаттайды.
Әртүрлі түрлерге жататын особьтар арасындағы әсерлесуді гетеротиптік
реакциялар деп атайды.
Түр арасындағы әсерлесу (қарым-қатынас) алуан түрлі. Көршілес тұратын
екі түр бір-бірімен әсерлеспеуіде мүмкін, ал әсерлессе ол әсер қолайлы немесе
қолайсыз (теріс) болады. Түр арасындағы әсерлесуді
келесі топтарға бөлуге
болады:
нейтрализм – екі түр бір-бірінен тәуелсіз және бір-біріне әсер етпейді;
бәсекелестік – бір түр екінші түрге теріс әсер етеді;
мутуализм – әр түрге жататын ағзалар бір-біріне қолайлы жағдай
туғыза отырып селбесіп тіршілік ету;
комменсализм – бір түр, комменсал, екінші түрдің қалдығымен
қоректене отырып оған ешбір зиян келтірмеуі.
Комменсал пайда табады, ал
екінші түрге пайда жоқ;
аменсализм – бір түр, аменсал, екінші түр тарпынан өсуі мен көбейуіне
теріс әсер алады;
паразитизм – бір түр өкілі, паразит, екінші бір түр өкілін қорек немесе
тіршілік ортасы ретінде пайдалану арқылы тіршілік ету;
симбиоз – екі түрге жататын ағзалардың кеңістікте бірге ешбір
зиянсыз, себелесіп пайдалы тіршілік етуі.
Егер екі түрдің экологиялық қажеттіліктері ұқсас болса,
олар бірге
тіршілік ете алмайды: олардың біреуі уақыт өте келе екішісін ығыстырып
шығарады. Бұл тұжырым Гаузе қағидасы деп аталады. Гаузе қағидасы бойынша
екі түр бір кеңістікте бірге тіршілік ете алмайды, өйткені екі түрдің
санының
өсуіне кеңістіктегі ресурстар қоры жетпейді. Гаузе қағидасынан экологиялық
қуыс түсінігі қалыптасады. Эколоиялық қуыс – бұл табиғатта түрдің тіршілік
етуіне ықпал ететін орта факторларының жиынтығы. Ю.
Одумның айтуы
бойынша «экологиялық қуыс» ағзаның экожүйедегі атқаратын рөліне жатады,
яғни тіршілік ету ортасы түрдің «мекен жайы», ал қуыс – түрдің мамандығы.
11
Түр арасындағы бәсекелестік нәтижесіндегі экологиялық қуыстың бөліну
құбылысын экологиялық диверсификация деп атайды.
Бірге тіршілік ететін түрлер арасындағы экологиялық диверсификация
келесі үш параметрлер арқылы жүзеге асады:
тамақтық рацион бойынша,
кеңістікте орналасуы бойынша және белсенділіктің уақытта таралуы бойынша.
Достарыңызбен бөлісу: