«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 Абиотикалық факторлардың тірі ағзаларға әсері



Pdf көрінісі
бет8/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
2.4. Абиотикалық факторлардың тірі ағзаларға әсері 
Абиотикалық фактор дегеніміз тірі ағзалардың тіршілігімен тікелей 
байланысы жоқ жағдайлар. Өте маңызды абиотикалық факторларға: жарық, 
температура, су, атмосфералық газдардың құрамы, топырақтың құрылымы
аймақтың бедері сияқты факторлар жатады. Бұл факторлар ағзаларға тікелей 
немесе жанама түрде әсер етуі мүмкін. 
Мысалы, күн энергиясының мөлшері жыл маусымына, күннің 
ұзақтылығына, ауаның мөлдірлігіне байланысты. Жарық күн радиациясының 
жылдық қосындысымен және географиялық факторлармен анықталады. Жарық 
фотосинтез процесі үшін қажет, ол өсімдіктердің гүлдеу және өнім беру 
мерзімін анықтайды. Ал жануарлар үшін жарық қажетті экологиялық фактор 
болып саналмайды, оларға жарық тек кеңістікте бағыталуға керек. 
Температура маңызды абиотикалық факторлардың біріне жатады. Ол 
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіне тікелей әсер етіп, олардың 
белсенділігін және нақты жағдайдағы тіршілігін сипаттайды.
Сыртқы ортамен жылу алмасу сипатына байланысты ағзалар келесі түрде 
бөлінеді: 

пойкилотермді ағзалар (олардың дене температурасы қоршаған орта 
температурасына тең, яғни олар денесінің температурасы қоршаған ортаның 
температуралық жағдайына байланысты өзгереді, мысалы, өсімдіктер, 
балықтар, рептилиялар); 

гомойотермді ағзалар (дене температуралары тұрақты, яғни 
денелерінің орташа ьемпературасы +36
0
С тең). 
Орта температурасының ауытқуына төзімділігі бойынша ағзаларды 
эвритермді (едәуір температура ауытқуына шыдамды) және стенотермді (тек 
аздаған температура ауытқуына шыдамды). 
Сонымен, абиотикалық факторлардың тірі ағзаларға әсер етуінің жалпы 
заңдылықтарына: ағзаның фактордың әсеріне деген экологиялық валентілігі, 
бірқатар особьтардың орта факторларының әсеріне әртүрлі жауаптары, жеке 
өзгерушіліктері және ортаның әр факторына түрлердің салыстырмалы тәуелсіз 
жолмен бейімделуі жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет