33
Тақырып 8. Гидросфера жердің су қабаты
8.1. Су және оның биосфера мен адам өміріндегі маңызы
Адам өмірі барлық замандарда да сумен тығыз байланыста екені күмәнсіз
шындық. Су бүкіл жер бетінде, табиғат аясында кездесетін барлык процестерде
және адамзаттың тұрмыс-тіршілігінде үлкен рөл аткарады. Су – зат алмасу мен
ағзалар дамуына қатысатын негізгі орта.
Табиғатта тоқтаусыз жүріп жататын су айналымы – кұрлықтарды сумен
қамтамасыз етудің кепілі. Су тау жыныстарын механикалық бұзу және еріту
арқылы жер бетінің сыртқы көрінісін қалыптастырады. Биологиялық өмірде су
зат алмасу мен ағзалардың дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір негізгі орта
болып табылады.
Судың
еріткіш ретіндегі рөлі аса зор, себебі заттардың ерітіндіден
тысқары жерде бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі өте қиын. Жер
қойнауындағы химиялық заттар су ерітіндісі арқылы көптеген жаңа косылыстар
түзе алады. Химиялық заттар су ерітіндісімен жер қабатын да үлкен
қашықтыктарға еркін орын алмастырады және қолайлы жағдайларда олар
химиялық құрамы біртекті, аумақты шөгінділер құрайды.
Су немесе гидросфера – бұл жердің су қабаты, ол
мұхиттар, теңіздер,
континент сулары мен мәнгі мұздар жиынтығы. Гидросфера күн сәулесінің
және гравитация күшінің әсерімен жылжып, бір күйден екінші күйге ауысатын
барлық бос суларды қамтиды.
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады.
Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит,
атмосфера және құрлықта
үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су
жер бетінің бетінің 75% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 98% Әлемдік
мұхит суларының үлесіне тиеді. Тұшы сулардың көпшілігі (70%) қар мен
мұздықтар түрінде. Жер асты суларының еншісіне тұшы су қорларының 23%
тиеді.
Мұхит суларының биосферадағы маңызы зор: мұхит суларында
биосфераның химиялық тазалануын және биомасаның
өнімділігін қамтамасыз
ететін химиялық реакциялардың негізгі бөлігі жүзеге асады.
40 күннің ішінде судың беткі бесжүз метрлік қабаты мұхитта
планктондардың сүзгілері арқылы өтеді, ал бір жыл ішінде мұхиттің барлық
суын планктондар тазартады. Теңіз суында еріген
тұздардың концентрациясы
3,5% құрайды. Олар химиялық құрамы бойынша 99%-ға натрий, калий, хлор,
бром, магний, кальций иондарынан тұрады.
Биосферада су өте маңызды төрт функцияны атқарады:
су маңызды минералды шикізат және негізгі тұтынатын табиғи ресурс;
экожүйедегі барлық процестерді байланыстырады (зат және жылу
алмасу, биомассаның өсу);
негізгі тасмалдаушы агент;
барлық тірі ағзалардың негізгі құрама бөлігі және кейбір ағзалар үшін
тіршілік ортасы.
34
Судың химиялық құрамының қалыптасуы екі тәуелсіз факторларға
байланысты: 1) табиғи-тарихи және геологиялық; 2) антропогендік әсерге.
Достарыңызбен бөлісу: