«Экология және орнықты даму» пәнінің эоәК


 Суды тазарту әдістері. Су ресурстарының өздігінен тазару



Pdf көрінісі
бет28/52
Дата23.10.2023
өлшемі1.35 Mb.
#481503
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52
8.4. Суды тазарту әдістері. Су ресурстарының өздігінен тазару 
қабілеті 
Су ресурстарын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарының бірі суды 
қайта өңдеп және тазартып пайдалану. Суды қайта өңдеп пайдалану өнеркәсіп 
орындарында жаңа технологияларды қолдануды талап етеді. Суды талазлаудың 
келесі әдістері бар: механикалы, химиялық, физикалық, физика-химиялық және 
биологиялық. 
Суды механикалық жолмен тазалау оның құрамында қатты қалдықтарды, 
әртүрлі қоспаларды сүзу, тұндыру арқылы тазалауға негізделген. 
Суды физика-химиялық жолмен тазалауға радиациялық, ион алмасу, 
тотығу-тотықсыздану әдістері жатады. Радиациялық тазалауда иондалған 
сәулелену арқылы улы заттарды залаласыздандырады. Ион алмасу әдісінде 
суды тек ластағыштардан тазартып қоймай, сонымен қатар қайта пайдалану 
үшін бағалы химиялық қосылыстарды жеке іріктеп, жинақтайды. Бұл әдісте 
ластаушылармен ион алмасу реакциясына түсетін иониттер қолданылады. 
Суды химиялық әдіспен тазарту бейтараптанудан және тотығу-
тотықсызданудан тұрады. Бейтараптану – сілтілердің әсерімен судың 
қышқылдық қасиетін жоюға, ал қышқылдармен сілтілік қасиетін жоюға алып 
келетін химиялық реакцияларға негізделген. Тотығу-тотықсыздану – кейбір 
компоненттердің 
тотығу, 
ал 
кейбір 
компоненттердің 
тотықсыздану 
реакциясына негізделген. 
Биологиялық тазалау – аэробты және анаэробты тазалаудан тұрады. 
Аэробты биологиялық тазалау - өндірістік және тұрмыстық пайдаланылған 
сулардың микроағзалар әсерінен, оттегі қатысуымен, органикалық заттарын 
минералдау. Анаэробты биологиялық тазалау – оттексіз немесе оның 
жеткіліксіз жағдайында жүреді. Бұл жағдайда оттегі көзі ретінде құрамында 
оттегі бар аниондар қызмет етеді. 
Суды залалсыздандыру – суды ауыру қоздырғыш микроағзалардан
бактериялардан тазалау. Суды залалсыздандырудың кең таралған әдісі суды 
хлорлау. Казіргі кезде сонымен қатар суды озондау жиі қолданылады. 
Сонымен қатар су ресурстарының ерекше қасиеті «мұхит-атмосфера-жер-
мұхит» жүйесінде айналым процесінің нәтижесінде қалпына келу. 
Гидросферада судың өздігінен тазалануы зат айналымымен тығыз байланысты. 
Өзендерде судың өздігінен тазаруын оны мекендейтін ағзалардың тіршілігімен 
қамтамасыз етіледі.


37 
Судың өздігінен тазаруына ыкпал ететін факторлар алуантүрлі. Оларды 
шартты түрде үш топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық және 
биологиялық. 
Су ресурстарының өздігінен тазалануының физикалық факторларының 
ішінде суға түсетін ластағыштарды сұйылту, еріту және араластыру мағызды 
болып саналады. Физикалық факторлардың әсерінің интенсивтілігін ұлғайту 
ластағыштардың микрофлорасының тез жойылуына себепші болады. Ал судың 
температурасының төмендеуі суға түскен вирустар мен бактериялардың ұзақ 
уақыт аралығында сақталуына әкеледі. 
Күннің ультракүлгін сәулесі табиғи сулардың өздігінен тазаруының 
маңызды физикалық факторы болып табылады. Ультракүлгін сәуленің әсерінен 
судың залалсыздандыру жүреді. 
Судың ластану көрсеткіші ретінде оның органолептикалық қасиеттерінің 
өзгеруі нәтижесінеде сапасының төмендеуі және оның құрамында адамға, тірі 
ағзаларға зиянды заттардың пайда болуы саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет