31
Атмосферадағы газды шығарындыларды тазалау әдістері
Аэрозольдарды (шаң мен тұман) ұстайтын жүйелердің
топтастырылуы
оларда жүретін процестердің ерекшеліктеріне негізделген. Ауаны тазалауға
арналған құралдар негізгі төрт топқа бөлінеді:
құрғақ шаң ұстағыштар;
ылғалды шаң ұстағыштар;
маталы сүзгіштер;
электрсүзгіштер.
Шаңның түріне, оның физикалық-химиялық қасиетіне, дисперсиялық
құрамына, мөлшеріне және тазалау деңгейіне байланысты
жоғарыда атталған
құралдардың бірін пайдаланады.
Құрғақ шаң ұстағыш қондырғыларында ауаны тұндыру немесе шаңды
ұстау гравитациялық (салмақ күші әсерінен), инерциялық, сүзгіштік
механизмдерге негізделген. Ылғалды шаң ұстағыштарда ластанған ауа әртүрлі
сұйықтармен, сумен түйістіру арқылы тұндырылады. Электірлік тазалау әдісі
жоғары қуатты электр
өрісінде газды иондандырып, зарядталған шаң
бөлшектерін электрсүзгіштердің электродтарында тұндыруға негізделген.
Газ шығарындыларын қышқылдың, сілтінің,
майлардың және басқа
сұйықтардың тұманынан тазалау үшін ылғалды электрсүзгіштер мен талшықты
немесе тұманұстағыш сүзгілер қолданылады.
Ауаны газ және бу тәрізді ластағыштардан тазалау үшін негізгі төрт
тазалау тәсілін қолданады.
абсорбция (шығарындыларды еріткіштермен немесе ерітінділермен
жуу);
адсорбция (қатты белсенді заттармен қоспаларды сіңіру);
катализаторды пайдалану арқылы қоспалардың түрін өзгертіп сіңіру;
шығарынды газдарды термиялық түрде бейтараптау.
Шаңнан тазалау
Тұманнан тазалау
Газ және газтәрізді
ластағыштардан
тазалау
Құрғақ
Ылғалды
Абсорбция
Электірлі
к
Адсорбция
Катализ
әдістері
Термиялық
әдістер
32
Абсорция тәсілінде газдағы кейбір компоненттерді бөліп алу үшін
газтәрізді қоспаны абсорберлер арқылы жібереді.
Адсорбциялық тәсілдерде адсорбент көмегімен газды қоспалардан кейбір
компоненттерді бөліп алады. Адсорбциялық тәсілдің екі түрді болады –
физикалық және химиялық (хемадсорбция). Физикалық адсорбцияда сіңірілетін
газ молекулалары қатты дененің бетінде молекулааралық тарту күшімен
ұсталынады.
Химиялық
адсорбцияда
(хемадсорбция)
адсорбент
адсорбцияланатын газбен химиялық реакцияға түседі.
Адсорбент ретінде уақ
тесікті материалдар: активтелінген көмір, силикагель, цеолиттер және т.б.
қолданылады.
Каталитикалық тәсілмен ластанған ауаны тазалау катализатордың
қатысуымен химиялық реакция нәтижесінде
улы компоненттер улы емес
немесе улылығы төмен түрге айналады.
Термиялық тәсілде ластанған ауа оттектің қатысуымен, газды қоспаның
температурасын жоғарлату арқылы тотығу процесінің нәтижесінде улы
компоненттер улылығы төмен түрге айналады.
Достарыңызбен бөлісу: