74
Генетикалық түрлендірілген өнімдер- гендік инженерия әдістері
пайдаланыла отырып алынған, құрамында жансыз генетикалық түрлендірілген
организмдер немесе олардың компонентттері бар өсімдіктен және ( немесе )
жануарлардан алынатын өсімдіктер;
Ең
озық
қолжетімді
технологиялар-
пайдаланылатын
және
жоспарланатын
салалық технологиялар, шаруашылық қызметттің қоршаған
ортаға теріс әсерінің деңгейін қоршаған орта сапасының нысаналы
көрсеткіштері қамтамасыз етілетіндей деңгейге дейін азайтуға
бағытталған,
ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін техника және
жабдық;
Инертті қалдықтар-елеулі физикалық, химиялық немесе биологиялық
өзгерістерге ұшырамайтын әрі қоршаған ортаға және адамның денсаулығына
қолайсыз әсер етпейтін қалдықтар;
Комуналдық қалдықтар-елді мекендерде, оның ішінде адамның тіршілік
әрекеті нәтижесінде пайда болған тұтыну қалдықтары сондай-ақ құрамы және
жиналу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндіріс қалдықтары;
Сарқынды сулар- адамның шаруашылық нәтижесінде
немесе ластанған
аумақта пайда болатын, табиғи немесе жасанды су объектілеріне немесе
жергілікті жер рельфіне ағызылатын сулар;
Су объектілері-құрлық бетінің рельфінде және жер қойнауында
шоғырланған, шекаралары, көлемі және су режимі бар сулар;
Сұйық қалдықтар- сарқынды суларды қоспағанда, сұйық түріндегі кез
келген қалдықтар;
Табиғат пайдаланушы- табиғи ресурстарды пайдалануды және немесе
қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Табиғи объектілер-шекарасы, көлемі және тіршілік объектісі бар, табиғи
объектілер;
Табиғи ресурстар- тұтыну құндылығы бар табиғи объектілер: жер, жер
қойнауы, су, өсімдікер мен жануарлар дүниесі;
Табиғи ресурстарды қорғау- табиғи ресурстардың әрбір түрін олардың
тұтыну қасиетттерін жоғалтуға әкеп соғатын тиімсіз пайдаланудан,
құрыпкетуден, жұтаңдаудан қорғауға бағытталған
мемлекеттік және қоғамдық
шаралар жүйесі;
Табиғи ресурстардың сарқылуы- табиғи ресурстардың қорларының
сандық сипатталарының ішінанара немесе толық жоғалуы;
Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрі-
нәтижесінде қоршаған орта авариялық ластанатын немесе ластануы мүмкін
болатын жеке және немесе заңды тұлғалардың қызметі;
Экологиялық ағарту ісі- қоғамда экологиялық мәдениет негіздерін
қалыптастыру мақсатында экологиялық білім, қоршаған ортаның, табиғи
ресурстардың жай күйі, экологиялық қауіпсіздік туралы ақпарат тарату;
Экологиялық аудит -аудиттелетін субьектілердің шаруашылық және өзге
де қызметтің экологиялық тәуекелдерді анықтау мен бағалау және олардың
75
қызметінің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде ұсынымдар
әзірлеу бағытында тәуелсіз тексеру;
Эколгиялық білім беру- жеке адамның қоршаған ортаның жай күйі үшін
экологиялық жауапкеен дағды ршілігін қамтамасыз етеін білім мен дағды
жүйесін, құндылық бағдарларды, имандылық эстетикалық қатынастарды
қалыптастыруға бағытталған, жеке адамды тәрбиелеудің, оқытудың, оның өз
білімін көтеруінің және дамуының үздіксіз процесі;
Экологиялық жүйе экожүйе- бірыңғай функционалдық тұтастық ретінде
өзара
әрекетте
болатын
организмдердің
және
солар
мекендейтін
жансызортаның өзара байланысты жиынтығы;
Экологиялық қауіп- антропогендік әсер және табиғи әсер ықпалынан,
соныңішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар
салдарынан қоршаған ортаның жай күйі бұзылуының, өзгеруінің болуымен
немесе ықтималдылығымен сипатталатын, жеке
адам мен қоғамның өмірлік
маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай күйі;
Экологиялық қауіпсіздік- жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің
өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік
және табиғи әсер ету нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуының жай
күйі;
Экологиялық қауіпті объект- салынуы және қызметті адамдар
денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуі мүмкін немесе зиянды
әсерін тигізетін шаруашылық объектісі және өзге де объект;
Экологиялық қауіпті технологиялар- өндіріс процесінде жүзеге
асырылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін шикізатты, материалды
немесе жартылай фабрикатты өңдеу, жасау, олардың жай күйін, қасиеттерін
нысанын өзгерту әдістерінің жиынтығы;
Экологиялық қауіпті техника мен жабдық- шаруашылық немесе өзге де
қызметте пайдаланылатын және қоршаған ортаға қауіп төндіретін механизмдер,
машиналар, құрылғылар, аспаптар;
Экологиялық менеджмент- қоршаған
ортаны қорғауды әкімшілік
басқару,ол
кәсіпорыннң
экологиялық
саясатын
әзірлеуге,
енгізуге,
орындауға,талдауға және қолдауға арналған ұйымдастыру құрылымын,
жоспарлауды, жауапкершілікті, әдістерді, рәсімдерді, процестер мен
ресурстарды қамтиды;
Эколгиялық мониторинг- қоршаған ортаныңжай күйін және оған әсер
етуді жүйелі түрде байқау мен бағалау;
Экологиялық рұқсат- жеке және заңды тұлғалардың
қоршаған ортаға
эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын құжат;
Экологиялық сараптама- көзделіп отырған шаруашылық және өзге де
қызметтің қоршаған орта сапасыныңм нормативтері мен экологияялық
талаптарға сәйкестігін белгілеу, сондай ақ осы
қызметтің қоршағаг ортаға
тигізуі мүмкін қолайсыз әсерлерінің және солармен байланысты әлеуметтік
зардаптардың алдын алу мақсатында сараптама объектісін іске қосуға жол
берілуін айқындау;