VI БӨЛІМ. ГЛОССАРИЙ
(Экологияның негізгі түсініктемелері мен анықтамалары)
Автотрофтар – қорек ретінде бейорганикалық заттарды пайдаланатын
ағзалар (жасыл өсімдіктер).
Ареал – жер бетіндетірі ағзалардың немесе қоғамдастықтардың таралу
аймағы.
Атмосфера - әрбір космостық дененің газдық қабаты.
Бейімделу – тірі ағзалардың қоршаған ортаның нақты жағдайына үйрену
қаблеті.
Биосфера – атмосфераның төменгі бөлігін, барлық гидросфераны және
литосфераның беткі қабатың қамтитын, тірі ағзалардың тірішілік ететін аймағы.
Биоценоз – құрлықтың немесе судың нақты бір аймағында мекендейтін
өсімдіктер, жануарлар және микроағзалар жиынтығы.
Биогеоценоз – нақты энергетикалық күйімен, түрімен және зат пен
ақпарат алмасу жылдамдығымен сипатталатын кеңістікте шектелген, өзара
байланысқан тірі ағзалармен және оларды қоршаған абиотикалық ортаның
табиғи жүйесі.
Биомасса – белгілі бір көлемде немесе аймақта тіршілік ететін тірі
ағзалар салмағы.
Гетеротрофтар – қорек ретінде органикалық заттарды пайдаланатын
ағзалар (жануарлар, саңырауқұлақтар).
Гидробионттар – үнемі суда тіршілік ететін және тіршілік циклының бір
бөлігі суда жүретін ағзалар.
Диминант түрлер – қоғамдастықтағы ең көп кездесетін түрлер.
Детрит – ағзалардың ыдырау және бөліну өнімдері, өлі органикалық
заттар.
Зооценоз – белгілі бір биоценоздағы жануарлар қоғамдастығы.
Зоофагтар – жануарлармен қоректенетін ағзалар.
Комменсализм – белгілі бір ортада тіршілік ететін бір түрдің екінші
түрге зиян келтірмей қалдықтармен қоректенуі.
Консументтер – гетеротрофты ағзалар (негізінен жануарлар) дайын
органикалық заттармен қоректенетіндер.
Қышқыл жаңбырлар – жауын, қар құрамындағы техногенді қалдықтар
әсерінен олардың қышқылдығының қалыпты мөлшерден артып кетуі.
Достарыңызбен бөлісу: |