63
құнарлы заттар түзіледі.
Дидактикалық ойын: «Алтын балық»
Ойын шарты: Балалардың алдын ала қойылған салған суреттерінен, əр
баладан қайсысы ұнайтынын сұрау. Қай баланың жұмысы ұнаса, сол балаға
«алтын балық» сыйлайды. Ойын соңында «алтын балықты» көп жинаған
бала марапатталады, мақсат балалардың өзін-өзі бағалауына дайындау.
III. ҰОҚ
тақырыбы бойынша
жұмыс
6 - 27 мин.
(Ұ)Өзекті мəселелер.
Аквариумдағы балықтың адамға пайдасы.Аквариумды күн сайын ұқыпты
түрде күту керек, аквариумдағы өсімдіктердің жағдайы, жалпы тазалық
шаршаған кезде аквариумнан күш-қуат алып сергуге мүмкіндік береді.
Аквариумдағыбалық күтімі. Алдымен аквариумға су құямыз. Сосын түбін
себеміз. Енді аквариум өсімдіктерін отырғызуға болады. Саусағымызбен
үңгір қазып алып, оған өсімдіктің тамырын бекітеміз. Топырақпен
нығыздаймыз. Тастар мен өсімдіктерді орнатып болған соң, қабығын
жапқанда судың үстіңгі беті көрініп тұрмайтындай етіп, су құямыз.
Балықтарға ыңғайлы мекен қалыптасу үшін, аквариумға балықтарды əлі
жібермей қоя тұрамыз. Кем дегенде 2-3 күн күтіп, ыңғайлы кезде балықтарды
аквариумға саламыз. Бұл тіпті оңай. Үйге балықтарды қай суға салып
əкелсеңіз, сол суымен қоса құясыз.
Күн сайынғы күтім.Күн сайын аквариумға назар салып, жарық бергіш,
жылытқыш құралдардың жұмысын қадағалап отыру қажет. Сау балықтар
теңселмей, бірқалыпты жүзеді, денесінде ешбір дақ болмайды. Тамақты
таңертең жəне кешке берген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: