«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет130/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1.ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінң мәліметтері. 2014ж 
2. Стребков А.И.Социальная политика государства: понятный фрагмент.
3. Болат Дүйсенбі. Бізге қаржылық дағдарыс қауіпті ма?
 
ӘОЖ 33.238 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІ 
ДАМЫТУ МЕХАНИЗМДЕРІ 
 
Тасболатова А.А., Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
 
Аңдатпа. Бүгінгі күнде Қазақстанда қаржылық және қаржылық емес құралдар 
негізінде инновациялық жобаларды жүзеге асыруға әсер ететін, ұлттық инновациялық 
жүйе құрылған. Аймақтық инновациялық жүйелер негізінен ұлттық даму 
институттарының жергілікті ұйымдарымен ұсынылған. Мұндай құрылымдар біріңғай 
тәртіп негізінде қызмет етеді. 
Түйінді сөздер: Инновация, экономикалық механизм, венчур, АИЖ. 
Инновациялық кәсіпкерлік жүзеге асырылатын инновациялық ортамен тығыз 
байланысты. Инновациялық орта ұлттық және аймақтық инновациялық жүйелер әсеріне 
байланысты қалыптастырылады.
Бұл елдің аймақтарындағы инновациялық жобаларды жүзеге асырудың процессін 


246 
қиындатады. Осыған байланысты аймақтық инновациялық жүйелерді қалыптастыру 
мәселесін қайта өңдеу қажеттілігі туындайды, олар ииновациялық бастамаларды 
мемлекеттік қолдаудың барлық құралдарын иелене отырып, қызмет етудің өзіндік дербес 
ұйымдастырушылық- экономикалық механизімдерін иеленетін еді.
Біздерде бүгінгі күнде инновациялық жобалардың қаржыландыру көздерін 
іздестіру инновациялық кәсіпкерлікті жүзеге асыру кезінде маңызды мәселелердің бірі 
болып табылады. Елдің инновациялық инфрақұрылымын талдау барысында 
анықталғандай, меншікті қаржылық қаражаттарды және кепілдік негізді иеленбейтін 
бастамашыға инновациялық жобаны іске асыруға инвестицияларды тарту өте қиын болып 
табылады. Сондықтан да, қазіргі кезде елдегі венчурлық қорлардың қызмет етуінің 
қарқындатылуының мәселесі өте өзекті болып табылып отыр.
Елде венчурлық қаржыландыруды құралдарын дамытудың механизмдерінің бірі 
аймақтық венчурлық қорды құру болып табылады, ол аймақ үшін ерекше жобаларды 
қаржыландыратын еді. 
Сонымен қатар, қолда бар инновациялық жобалар үшін аймақтық инновациялық 
жүйе (АИЖ) шеңберінде инновациялық жобаны ғылыми зерттеуден инновациялық 
өндірісті ұйымдастыру кезеңіне дейін үздіксіз сүйемелдеу жүйесін құру қажет.
АИЖ стратегиялық басқаруымен қамқорлық кеңес айналысуы тиіс. АИЖ барлық 
элементтерін қызметін үдемелі басқару және бақылау аймақтық Әлеуметтік – кәсіпкерлік 
корпорациялар жаныдағы құрылған аймақтық инновациялар кеңсесімен іске асырылуы 
тиіс.
Болашақта аймақтық венчурлық қорды құру кезінде технопаркте және 
индустриалды 
паркте 
бизнес 
және 
технологиялық 
инкубациялауға 
жобаны 
орналастырумен байланысты өкілеттілікті, сонымен қатар тәжірибе жүзінде жүзеге 
асыруға венчурлық қордың компаниясының басқарушысы тағайындалынады. Мұндай 
шара облыстағы венчурлық қаржыландыру процессінің тиімділігін жоғарлатады және 
бизнес – инкубациялаудан бастап, өнімнің нарыққа шығарылуына дейін бөлінген 
қаражаттарға бақылау жасауды қамтамасыз ете алады. 
Бұл компанияның қызметінің негізгі принциптері келесідей болуы тиіс: 
- басқарушы компания толығымен қамқорлық кеңесіне толығымен есеп беруге 
міндетті және міндетті түрде аудиторлық бақылау өткізіп отыруы тиіс; 
- басқарушы компанияға аймақтың ұзақ мерзімді дамуы бойынша жауапкершілік 
артылады, сондықтан да бірінші кезекті міндет аймақта әзірленген жобаны дамыту болуы 
тиіс;
- басқарушы компания оған сеніп тапсырылған қордың қаражаттарынан 
инновациялық жобаның іске асырылуына қажетті талап етілетін шығындарды төлейді.
Жобаның бастамашылары ретінде бизнес – құрылымдар, жаңалық ашушылар және 
ғалымдар болуы мүмкін. Сонымен қатар, АИЖ институттары арқылы жүзеге асыруға 
жобаларды беру өкілдігін ҮИИДМБ облыстық келісімділік кеңесі иеленуі тиіс, оған 
дамудың әрекет етуші бағдарламалары (Жол картасы – 2020, Инвестор – 2020, Экспортер 
– 2020) бойынша жүзеге асырылатын, жобаларды таңдау бойынша міндет жүктелінген, 
олар Қазақстанның даму Банкі, «ТДҰА» АҚ, ИФК АҚ және басқа да даму 
институттарының 
қатысуымен 
республикалық 
деңгейде 
қаржылық 
және 
ұйымдастырушылық қолдау және жүзеге асыру үшін бағытталынады.
Әрекет етуші аймақтық даму институттары (аймақтық ӘКК және технопарктер) да 
АИЖ қамқорлық кеңесінің келісімі және өздерінің қызметі түріне сәйкес, АИЖ келіп 
түскен инновациялық жобаларды қаржыландыру үшін таңдау жасай алады. Сонымен 
қатар, әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар өнеркәсіптік аудандардың дамуымен 
байланысты инфрақұрылымдық мәселелерді (жалға беру шарты шеңберінде жолдардың 
құрылысы және жөнделуі және жаңа қуаттылықтарды енгізу есебінен электр 
қуаттылығының тапшылығын қысқарту) шешуін қамтамасыз етуі тиіс. 
Инновациялар жобалар бойынша жобалық – сметалық құжатты дайындауды 
жылдамдату қажеттілігі және өздерінің қызметтеріне конструкторлық бюроның 


247 
бағаларын тым жоғары қоюына байланысты бірқатар мәселелерді шешу үшін, 
Қазақстанда шетелдік конструкторлық бюро аккредитациясын ұсыну қажет, себебі 
мұндай жобалар шеңберінде техникалық құжаттама толығымен технологияны сататын 
фирмамен дайындалады.
Сонымен қатар, инновациялық жобаларды табысты коммерцияландыру үшін 
интеллектуалды меншікті бағалау институты қажет, ол өндірістік фирма- инвесторлар 
қаражаттары немесе қарыз қаражаттарын тарту үшін жарғылық капиталға салым немесе 
кепілдік мүлік ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қалыптастырылушы кластерлер шеңберінде жүзеге асырылатын ғылыми 
жобалардың қозғалысын қамтамасыз ету қажет, ол үшін аймақтағы жүйені 
қалыптастырушы корпорациялармен, ірі жер қойнауын пайдаланушылармен және ұлттық 
компаниялармен АИЖ шеңберінде құрылған кәсіпорындар өздерінің өнімдерін өткізу 
мүмкіндіктерін және талап етілетін шикізаттың жеткізілуі туралы мүмкіндікті иеленетіні 
жөнінде технологиялық келісімдер жасалынуы қажет.
Осылайша, аталған бағыттың табысты жүзеге асырылуы үшін келесідей 
ұйымдастырушылық механизмдер ұсынылады:  
- технопарк және кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармасы бір жағынан және екінші 
жағынан ірі жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және трансұлтты 
корпорациялар арасында технологиялық келісім шарт жасалынуы қажет, онда аймақтың 
шағын және орта инновациялық фирмаларымен инновациялық өнімдерді болашақта 
игеруі және одан әрі оны шығаруы туралы мәселелер қарастырылуы керек; 
- ҚР ИДМ және ҚР ҰЭМ инжинирингтік қызметтерді көрсету туралы заңдылыққа 
өзгерістер енгузі бойынша ұсыныстарын білдіру; 
- аймақтағы жүйені қалыптастырушы компанияларымен АИЖ ресурстары есебінен 
оларға бейімделінген жобаларды жүзеге асыру бойынша меморандумлар мен мәмілелерге 
отыру. 
Осылайша, ғылымның кадрлық әлеуетінің табысты дамуы үшін келесідей 
ұйымдастырушылық механизмдер ұсынылады:  
- жыл сайын ғылыми кадрлардың ұдайы өндірісі үшін аймақтың ЖОО және ҒЗИ 
магистратура және докторантурада нысаналы түрде оқу үшін өтініштер тізімін 
орталықтандырылған түрде қалыптастыру; 
- аймақтық еңбек нарығында мамандар тапшылығын жою үшін аймақтың 
кәсіпорындарынан және инновациялық жобалардың ұйымдастырушыларынан жоғарғы 
және орта звенодағы мамандарды дайындауға жыл сайынғы орталықтандырылған тізімін 
дайындау. 
Аймақтарда жинақталынған ғылыми білімді коммерцияландыру үшін банктік 
ненсиелендіруге сүйенбейтін, өндіріске жергілікті әзірлемелерді енгізу процессін 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қаржыландырудың көздерін анықтау маңызды мәнді 
иеленеді, себебі отандық шаруашылық тәжірибе жарғылық капиталға салым немесе 
кепілдік қамтамасыз ету ретінде интеллектуалды меншікті баламалы бағалау 
механизмдерін әзірге дайындаған жоқ. Сонымен бірге, венчурлық қор өтініш 
білдірушілердің әрекет етуші бизнесі жоқ, нолдік жобаларды қаржыландыру үшін өте 
қажетті болып табылады, оның шеңберінде өзіндік ғылыми әзірлемелерді жүзеге асыру 
үшін әрекет етуші «Бизнес жол картасы - 2020», «Өнімділік - 2020», «Экспорттаушы - 
2020» бағдарламаларын пайдалануға болатын еді. 
Облыс 
территориясында 
дайындалатын 
инновациялық 
жобаларды 
қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан территориясында қызмет ететін 
республикалық және аймақтық венчурлық қорлармен әріптестік және келісім бойынша 
жұмысты бастау қажет.
Аймақтық инновациялық жүйенің даму шеңберінде венчурлық қор оның негізгі 
элементі болып табылады. Негізгі салымдар бойынша табыс қорды толықтыру үшін қайта 
қаржыландырылуы тиіс, қосымша салымдар бойынша табыс қор қызметінің нәтижелері 
бойынша инвесторларға төленеді, қаржыландыруды тарту сферасында іскерлік әріптестік 


248 
тәжірибесін иелену. 
Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары негізінде қорды 
толықтыру келешегі бар. Бұл қорда жинақталынған қаражаттарды аймақтың 
кәсіпорындарына инжинирингтік қызметтер көрсету облысында кәсіпорындарды және 
болашағы бар ғылыми жобалары негізінде өнеркәсіптік кәсіпорындарды құруды 
қаржыландыру үшін пайдалануға болады. Қор қызметі негізіне келесідей принциптер 
жатқызылады: 
1. Қор қызметіне жалпы бақылауды Облыс әкімі жетекшілік ететін, Қамқорлық 
кеңесі (12 адамға дейін) жүзеге асырады, онда дамудың аймақтық институттарының, 
ғылыми ұйымдардың өкілдері қатыстырылады. 
2. Қамқорлық кеңесі байқау жүргізу негізінде басқарушы компанияны таңдайды, ол 
қорға жалпы басшылық жасай отырып, қормен қаржыландырылған жобалардың іске 
асырылуы барысына бақылау жасайды.
3. Басқарушы компания жеке инвесторларды тартуға міндетті. 
4. Бұл қордың қызметінен табысты бірінші кезекте жеке инвесторлар алады. 
Басқарушы компания табысты қордың қызметінің нәтижелері бойынша алады.
5. Қордың толықтырылуы жүзеге асырылған жобалардан алынған табыстар 
есебінен немесе жергілікті бюджетке жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары 
негізінде іске асырылады. 
6. Пайданы ұлғайту және қосымша қаражаттарды тарту мақсатында венчурлық қор 
қаражаттарының бір бөлігі технологиялар трансфертіне негізделінетін жобаларды 
қаржыландыруға бағытталынуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет