«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет150/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

ЛИТЕРАТУРА 
 
1. 
Лишин О. В. Воспитывающее воздействие ведущей деятельности в системе 
отношений «ребёнок – взрослый» на формирование личностной на-правленности 
человека: автореф. дис. … д-ра психол. наук. М., 2004. С.1. 
2. 
Сухомлинский В. А. Избр. произведения: в 5 т. Киев: Рад.шк.,1980.Т. 3. С. 
137 
3. 
Мамедов Н. М. Основания экологического образования / Н. М. Мамедов // 
Философия экологического образования / гл. ред. И. К. Лисеев. — М, 2001. — 390. 
ӘОЖ 574 
 
ТҰЛҒАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
Алиева А., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Актау қаласы 
Ғылыми жетекші: Жанғозиева М.С. 
 Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Актау қаласы 
 
Аңдатпа: мақалада тұлға дамуындағы экологиялық мәдениеттің маңыздылығы
туралы айтылып, өскелең ұрпақтың адамзаттық құндылықтарды бойға сіңіруге және 
табиғат байлығын бағалауға, табиғат - қоғам - адам арасындағы дамудың өзара 
байланстығын сақтаудың маңыздылығын және жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім 
тәрбиелеудің негізі екендігі туралы айтылады. 
Түйінді сөздер: экологиялық мәдениет,экологиялық сана,экологиялық апат 
Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптастыру - адамның мінез-
құлқы мен іс-әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасаубүгінгі күннің өзекті 
мәселерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып, жүйелі зерттеліп келе 
жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған 2050 Қазақстан- стратегиялық 
бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. 
Әрбір қоғамның даму сатысында азамат баласының табиғат пен саналы қарым-
қатынас жасауының, яғни өзі тіршілік еткен ортасын қорғау мақсатында, жас ұрпақты 
тәрбиелеуде ұзақ жылдар бойы қалыптасқан өзіндік тарихы бар. Ғұлама ойшылдар 


296 
философ, математик, психолог, педагог, табиғат зерттеушісі Әбу -Насыр -Аль Фараби, Ж. 
Баласағұн, С. Бақырғани, М. Қашқари сонау ерте кезден -ақ табиғат - қоғам - адам 
арасындағы дамудың өзара байланстығын және оның біртұтастығын өздерінің ғылыми 
дүниетанымына арқау ете отырып табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім 
тәрбиелеудің негізі екендігін көре білді. Халқымыздың ақын жыраулары Бұқар жырау 
Қалқаманұлы, Қорқыт ата, Асан қайғы және т.б. барлық уақытта өз жырларында табиғат 
олардың өзекті мәселесі болды. 
Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек адамның құндылығын 
мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа және адамның бастапқы құқығы – таза 
табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкүндігін көрсету. Адам – табиғаттың 
бір бөлігі, барлық табиғатқа қарсы істелген істер адам табиғатына әсер етуіде мүмкүн 
және оның психикасына, ойлау қабілетіне, әлеуметтік белсенділігіне ықпал етуі мүмкін. 
Э.В.Гирусова былай деген “экологиялық мәдениет – бұл біздің ішіміздегі ноосфераның 
пайда болуы” [1]. 
Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы - экологиялық апаттың төнуі. Тірі 
табиғаттағы бір түр болып саналатын адам әрекетінің барлық саласында табиғатпен 
шиеленушілік байқалуда. Мәселенің өзектілігі өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу 
ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қауіпінде. Оны шешу 
үшін әр түрлі ғылымдар саласының өкілдері толғануда және одан шығудың жолдарын 
ұсынуда. Бірақ көбіне бұл технократтық жолдар болып отыр. Шын мәнінде осы сыртқы 
апаттың «дәні» іште жатыр, ол - саналы адамның рухани- адамгершілік 
құндылықтарының жұтауы, ол - кең ауқымды ұғымдағы адам мәдениетінің жетімсіздігі 
мен жетілмегендігі. 
Қазақстан ғалым-философтарының Ә. Нысанбаев, Т. Әбжанов, Ғ. Ақпанбек 
пікірлерінде «табиғатқа саналы көзқарас, қарым-қатынас адам дүниетанымының құрам 
бөлігі» деп қаралып, адамның табиғатты қорғау үшін алдымен оны танып білуі, ол үшін 
өзінің жан дүниесін жан-жақты зерттеуі, түйсінуі керек дейді[2]. 
XX–XXI ғғ. ғылымның бірте-бірте Жер биосферасын терең де қатты өзгертуінің 
куәсі болып отырмыз. Ғылым тіршілік жағдайларын, геологиялық үдерістерді, 
планетамыздың энергетикасын өзгертуде, олай болса, ғылыми ой-пікірдің өзі де табиғи 
құбылыс болып табылады. Осы жөнінде В.И. Вернадский «Натуралистің ой-толғамы. 
Ғылыми пікір планеталық құбылыс ретінде» деген кітабында Жердің геологиялық 
тарихын талдаған. Бұл еңбегінде В.И. Вернадский «Ғылыми ой-пікір мен адам еңбегінің 
әсерінен биосфера жаңа күйге - ноосфераға ауысады» деп анық жазған. Ол ауысу жаңа 
геологиялық күштің - адамзаттың ғылыми пікірінің әсерінен деп пайымдайды
В.И.Вернадский өзінің еңбектерінде: «Экологиялық сана - адамның дүниеге, өзіне 
шығармашылық қарым-қатынасы», - деген пікір айтады [3]. 
Ноосфера жөніндегі ілімнің басты тақырыбы - биосфера мен адамзаттың бірлігі. 
Ғалым өз еңбектерінде осы бірліктің түптамырын, адамзаттың дамуындағы биосфераның 
ұйымдасқандығын ашып көрсетеді. Бұл дегеніміз биосфера эволюциясындағы адамзаттың 
тарихи дамуының орны мен рөлін жете түсінуге мүмкіндік береді, сөйтіп, оның 
ноосфераға айналуының заңды екендігін көрсетеді. 
Жаратылыс өмірінде жаңа дәуір, ғаламат өзгерістер кезі басталды. Адамзат 
Тіршілік (биосфера) әлемінен Сана (ноосфера) әлеміне, яғни балалық шақтан кәмелетке 
толып, саналы өмірге аяқ басты. Бірақ, бұл процесс өз-өзінен бір сәтте жүзеге аспайды. 
Жүзеге асу үшін, ол адамзаттан жаңа сана, жаңа таным, жаңа өлшем, тіршілікті жаңаша 
пайымдап қимылдау мен қатар, Сана әлеміне сай әрекет етуді талап етеді. Негізінен 
бүгінгі әлемдегі бүкіл табиғи апат, экономикалық дағдарыс, саяси-әлеуметтік төңкеріс, 
барлығы Жаратушының Табиғат, Қоғам, Адам деп аталатын үш туындысының ортасында 
үйлесімділіктің азаюынан болып отыр.
Адам ертеңін ойламай «отырған бұтағын кесіп» Табиғатқа қиянат жасаса, Табиғат 
өз кезегінде түрлі апат жіберіп Қоғамнан кек алып, ал Қоғам болса, Адам жайын 


297 
ескермей, оны өз заңына бағындыруға тырысады.Ал, егер, осы үш алып, бір-бірімен 
үйлесімділікке келіп, бір-бірінің заңдарын сыйлап, мүмкіндіктерін есепке алғанда, әлемде 
бұйрықсыз апат, соғыс, дағдарыс, ауру, т.б. келеңсіздіктер болмас еді.Өркениеттің 
жаратылыстану ілімдеріне басымдық берген елдерде, техника өсіп, қаражат көбейіп, 
адамның көзі ашылғанымен көкірегінің көзі жабылып, мейірімділік, адамгершілік 
қасиеттері азайды. Былай тепе-теңдіктің бұзылуы, жылдар өткен сайын осы екі ағымның 
арасын алшақтатып, яғни компьютер мен ертегі қатар жүріп, адамзатқа көптеген 
қолайсыздықтар әкелді. Осылай бір мәдениеттің есепке жүгініп, дәлдікті талап етуі, ал 
екіншісінің шамаға бағынып, шексіз қиялмен қоректене алатындығы қарсыластық заңын 
туғызды.Ал, Сана әлемінде өмір сүру үшін Адамға тек өзінің саяси, әлеуметтік, 
экономикалық мәселелерін шешу жеткіліксіз. Ол, және сондай-ақ, Табиғатпен тіл 
табысып, Қоғам заңын сыйлаумен қатар, өзінің инфантилді (бала іспетті) 
психологиясынан құтылып, санасын көтеріп, рухани күшейіп, үйлесімділікке келуі керек 
[4]. 
Экологиялық мәдениеттің қайнар көзі халықтың ғасырлар бойы жинақталған өмір 
тәжірибесі - табиғатты аялау, оған ұқыпты қарау, қорғау мен үндестікте өмір сүру және 
оның байлығына деген есепті қарым-қатынас.Ерте заманда ата-бабаларымыз табиғатты, 
ондағы тіршілік иелерінің ортамен байланысын жақсы біліп, сауатты пайдалана білген. 
Олар өздерінің табиғат қорларына, табиғатың тылсым жағдайына тәуелді екенін білген. 
Ата-бабаларымыз өзін табиғаттың бір бөлшегі, табиғатпен айырылмастай байланыстамыз 
деп түсініп, жазу, сызу сауаты болмаса да табиғат кітабын оқи біліп, жинақталған білімді 
ұрпақтарына беріп отырған. Халықтық педагогика алғашқыдан бастап еңбекке, табиғатқа 
ұқыпты көзқарас, жоғары адамгершілік қатынастар, адамға халық даналығын 
тасымалдаушы, беруші деп сыйласымдылықпен қарау сияқты тұғырлы негіздерден 
тұрған. Өкінішке орай, адамның табиғатпен қарым-қатынасындағы осындай халықтық 
мәдениеттің көпшілік қырлары жойылып кеткен. Сондықтан халықтың тұрмыс-
салтындағы, әдет-ғұрпындағы табиғат-Ананың орнын қайта жаңғырту бүгінгі күнгі 
педагогика ғылымы мен практикасының аса маңызды да игілікті міндеті болып табылады. 
Экология – табиғатты қорғау. Күні кеше ауыл шетіне келіп, жайылып жүрген 
киіктердің, тастан тасқа секіріп, табиғаттың көркін келтіріп жүрген арқарлардың қазір 
құрып кетуге айналғанын көріп отырмыз. Бұған елін сыйламайтын, көзін ақша тескен, 
жерін қадірлемейтін тексіз азаматтардың сайғақтарды жаудан жаман қырғаны себеп 
болып отыр. Олар он шақты мүйіз алу үшін, жүздеген сайғақты аяусыз жойып жіберіп 
отыр. Қазір сайғақ та, басқа жануарлар да азайды. Бұл мәселе, бұдан 200 жылдан астам 
уақыт бұрын да,бар болғандықтан Бекет Ата секілді елдің біртуар азаматтарын да 
толғандырған.
Кезінде Шыңғыс хан, әскерін ағып жатқан өзенге шомылғаны үшін жазалаған. 
Бұл мәселеге, тек бір қырынан қараған жаулары, оның бұл әрекетін суды «ластамау үшін» 
жасалған әрекет деп емес, «тазалықты білмеген» деген кінә таққан. Ал шынында, олар 
тазаланған, бірақ суды өзеннен меске құйып алып, 40 қадам жерге барып, шомылған. 
Оның үстіне «судың да сұрауы бар» деп, суды бекерге шашпай үнемдейтін болған. (Бұл 
бүгінгі біздің милиорация заңдылығы). Ал, олар өзенді тоңазытқыш ретінде пайдаланып, 
яғни ет, сүт т.б. азығын, әскердің кетіп бара жатырған бағытына қарай, қарынға, меске 
салып, сумен ағызған, яғни өзенді тасымал көлік ретінде де пайдаланған. Сондықтан 
«тамақ салған тоңазытқышты» қалай ластауға рұқсат берсін?! Ал енді біз үлгі алып 
отырған европа өкілдерінің, бөшкідегі суға беті-қолын жуып, содан соң сол судан ішетінін 
кинодан көріп, кітаптан оқып жүрсіңдер. Мұны қатал патша Петр І қойғыза алмады. Бұл, 
оларда таза-лас деген ғана түсінік болғанмен, арам-адал деген түсініктердің жоқ екендігін 
көрсетеді. 
Экология мәселесі, қазіргі таңда, тек бір біздің елде емес, бүкіл дүниежүзінде ең 
өзекті мәселелердің қатарында тұр. Барлық елдер экологияны барынша қорғау мәселесін 
көтеріп жатырғаны қуанарлық жай. Бірақ, бұл мәселені, тек үкіметтің шығарған заңымен 


298 
жөндеу мүмкін емес. Мұндай ауқымды мәселені бүкіл ел болып, барлығымыз шешуге 
кірісуіміз керек. Сонда ғана бәріміздің ортақ үйіміз Жерді аман алып қаламыз. Сондықтан 
бүгін экология заңнамасынан барлығыңыз хабардар болуыңыз керек. оңғы жылдары 
Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі 
аймақтың экологиялық тыныс - тіршілігін шиенеленістіріп отыр. Теңіздің көтерілуі 
жүздеген мұнай бұрғы- скважиналырын, мұнай қоймалары мен өңдеу объектілерін істен 
шығарды. Қазір бұл жерлерде 6 мұнай газ кені, жүздеген елді мекендер,коммуникациялар, 
өнеркәсіп орындары су астында қалды. Нәтижесінде, теңізге көптеген мөлшерде лас 
заттар, мұнай өнімдері, органикалық қосылыстар, ауыр металдар суға араласуда. Оның 
үстіне Еділ мен Жайық өзендерінің лас сулары теңіз суын уландыра түсуде. Өзендегі 
кәсіптік балықтар мен бағалы қара уылдырық және ет беретін бекіре тұқымдас 
балықтардың азайып кетуі тіркелді. Ал, 1999 жылы қырылып қалған 20-30 мың 
итбалықтың және жүздеген мың құстардың өлуі теңіз суының бүгінгі сапасының 
көрсеткіші – биоиндикаторы болса керек. Қазіргі Каспий мұнайын игеру бүкіл әлемді 
дүрліктіріп, шетелдік инвесторларды теңіз «қара алтынын» игеруге ұмтылдыруда. Ал, 
олардың судың сапасы мен ластануына көңіл бөлуі, экологиялық нормаларды сақтауы 
күмән туғызады.
Атырау, 
Маңғыстау 
аймақтарында 
техниканың 
ескілігінен 
бұрғы-
скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. 
Жерге сіңген мұнайдың қалыңдығы 10 метрге жетіп, жер асты суына қосылуда.
Сенбілік. Жастардың, мектеп оқушыларының көктем айларында айнала қоршаған 
ортасын тазарту үшін, гүл отырғызып, ағаш егу үшін жасалған сенбілік – мейрам. Мұны 
жастарың басын біріктіретін, істеген істерінің нәтижесін көрсететін, тазалыққа үйрететін, 
үлкен тәрбиелік әрекет деуге болады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 
экология мәселесіне 18 бап арнап отыр. Бұл, экологияға үлкен көңіл бөлгенін білдіреді. ҚР 
ҚК 277 – бабы экология талаптарын бұзғаны үшін, яғни табиғат қорларын (ресурс) дұрыс 
пайдаланбай және техника т.б. құралдарды пайдалануда, қоршаған ортаны ластағаны 
үшін, қылмыстық қудалау қарастырылған. Ал, ҚР ҚК 281 – бабы суды ысырап ету, және 
ластағаны үшін қудалайды. Егер, осы бап, ертеден бүкіл елдердің ҚК болғанда, бүгінгі 
Арал теңізі суалмас еді. Орта Азиядағы екі үлкен өзен Амудария мен Сырдария 
суларының ысырап болғанының нәтижесінде осы жағдай орын алды. Ол жағдай, өз 
кезегінде, жаңа мәселе туындатып, яғни тұзды тозаңмен, бірнеше облыстардың жерін 
жауып, жерлерін егін егуге жарамсыз қылып тастады. 
Экологиялық білім беруді адамгершілігі жоғарғы жеке тұлғаны 
қалыптастыру үрдісінен ажыратып алуға болмайды. Адам жоғарыдан келетін 
нұсқауларды бұлжытпай орындау емес, өз бетімен дұрыс шешімдер қабылдай алатын 
шығармашыл болуы керек. Ерте жасынан бастап, әр адам өзінің қоршаған ортаға деген 
бейберекет көзқарасы неге әкеліп соғатынын білуі тиіс. Табиғи ортаның ластануы қандай 
ауруларды туғызады қандай генетикалық ауытқуларға апарады? Жануарлар мен 
өсімдіктердің кейбір түрлерінің сан жағынан азаюы немесе, тіпті, таусылу себебі неде? 
Топырақ құнарлығының нашарлауы,ауызсу қорының азаюы неліктен? деген сияқты 
табиғи ортадағы келеңсіз өзгерістер жөнінде білуі керек. Біліп қана қоймай, үрдіске 
қатысатын кез келген адам белгілі бір әрекеттерді өз бетінше таңдай алады. Олардың 
қоршаған ортаға әсерінің пайдалы немесе зиянды болуы осы адамға байланысты. Міне, 
сондықтан әр адамның санасында қоршаған ортаға зиян келтіруге мүмкіндік бермейтін
табиғатпен тиімді әсерлесуге ұмтылдыратын адамгершілік ұстанымдары қалыптасуы 
керек [5].
Дегенмен, жоғары да айтылған пікірді тағы да қайталасақ, экология мәселесін 
жөнге келтіруге жалғыз шығарылған заңнамалардың шамасы келмейді. Бұған, 
барлығымыз, сен, мен болып, атсалысып, қоршаған ортаны бүлдіріп жатқан жеке 
тұлғаларға, және мекемелерге тосқауыл қоюымыз керек. Сонда ғана бұл мәселе өзінің 
дұрыс шешімін табады.Адам тек табиғатпен үйлесімді өмір сүргенде ғана ілгері басады. 


299 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет