303
ӘОЖ 373:37.013
ЖАСТАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ -
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕ
Игилманова А., студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы
Ғылыми жетекшісі: Көкшеева З.Т.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Актау қаласы
Аңдатпа: мақалада экологиялық мәдениет ұғымына берілген ғалымдардың
анықтамаларына талдаулар беріліп, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда
білім беру орындарының оқу-тәрбие үрдісіне экологиялық білім берудің ұтымды
жолдарын, әдіс-тәсілдері жайлы айтылады.
Түйінді сөздер: жастар, қоршаған орта, экологиялық мәдениет.
«Теңіздің тұнық болуы – бұлақтардан»
дегендей табиғатты қорғау, қалпына
келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен жүргізудің өзіміз үшін
де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін балалардың, жасөспірімдердің санасына
салып, экологиялық мәдениетін, тәрбиені бесіктен бастау керектігі бүгінгі күннің өмір
талабы.
Табиғат құбылыстарының алуан түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара
байланыста,
қарым-қатынаста, яғни біртұтас бірлікте. Сол себепті де, егер адам табиғат
құбылыстарының бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әрекет етсе, онда ол сонымен
іштей байланысты басқа жақтарының «тынышын бұзуы» мүмкін. Сондықтан, табиғат
қорларына құнтты болу, бүлінгендерін қалпына келтіріп отыру, оларды тиімді пайдалану,
ауаға, жерге, суға өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту
барлық
азаматтардың борышы мен абыройлы міндеті болып саналады.
Біздің елімізде табиғат қоршаған ортаны қорғау саяси, экономикалық және
мемлекеттің әлеуметтік тапсырмасының маңыздылығына жатқызылған. Қазақстан
Республикасы Конституциясында көрсетілген: “Мемлекет өзінің мақсатын адам
денсаулығын және өмірге қолайлы, қоршаған ортаны қорғау қойылған”.Экологиялық
мәдениет - әрбір қоғамдағы жалпы мәдениеттің ең мәнді элементтерінің бірі болып
табылады, өйткені әлеуметтік іс-әрекет ұдайы қоршаған ортаның өмір сүру талаптарымен
байланыста болады. Яғни экологиялық мәдениет әлеуметтік феномен ретінде қоғам мен
табиғаттың
өзара
қарым
–
қатынасын
реттеу
қажеттілігінен
туындайды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру проблемасы бойынша алыс және жақын шет елдік
ғалымдардың қырықтан астам еңбектерінде қарастырылуы оның күрделі де,
сан қырлы
екендігіне көз жеткізеді.
Ғылыми әдебиеттерде «экологиялық мәдениет» ұғымына көптеген түсінік,
анықтамалар берілген. Э.В.Гирусовтың пікірінше, экологиялық мәдениет - қоғамның
материалдық және рухани құндылықтардың бірлігі сондай-ақ, табиғи ортаны сақтауға
бағытталған әрекеттердің бірлігі. Сөйтіп, мәдениеттің мәнін адамның өзіндік материалдық
және рухани қажеттілікке жетелейтін іс-әрекетке байланысты туындайтын өнім деуге
болады. Педагогика теориясы мен тарихында экологиялық білім беру мен тәрбиелеу
мәселелері П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский т.б. ғалым-
педагогтардың еңбектерінен бастау алды.
Ғалым Б.Т. Лихачевтің пайымдауынша экологиялық
мәдениеттің мәні
экологиялық тұрғыда негізделген еркін қалыптастыруы мүмкін. Экологиялық мәдениет
тұлғамен, оның түрлі қыр – сырымен және қасиеттерімен органикалық байланыста
болады.
Ғалымдардың педагогикалық ой-пікірлері бойынша, «экологиялық мәдениет» -
жалпы дүниежүзілік мәдени дамуының құрамдас бөлігі және кезеңі болашақта адамзаттың
304
дамуына игі әсер ететіні өмірдегі барлық жалпы маңызды экологиялық проблемалармен
сипатталады. Бұл анықтамада ерекше назар аударатын тұс – «экологиялық мәдениеттің»
жеке ұлттық немесе ұлтаралық деңгейде емес, бүкіл дүниежүзілік деңгейдегі адамзатқа
әсер ететін проблемалар қатарында сипатталуында.
Ғұлама ойшылдар философ,
математик, психолог, педагог, табиғат зерттеушісі Әбу -Насыр -Аль Фараби, Ж.
Баласағұн, С. Бақырғани, М. Қашқари сонау ерте кезден -ақ табиғат — қоғам — адам
арасындағы дамудың өзара байланстығын және оның біртұтастығын өздерінің ғылыми
дүниетанымына арқау ете отырып табиғатты жеке адамның ақыл-ойы мен сана-сезім
тәрбиелеудің негізі екендігін көре білді. Халқымыздың ақын жыраулары Бұқар жырау
Қалқаманұлы, Қорқыт ата, Асан қайғы және т.б. барлық уақытта өз жырларында табиғат
олардың өзекті мәселесі болды. Қазіргі заманда жеке экология мәдениетін түсіну, бөлек
адамның
құндылығын мойындайтын, оның білімге құқығы, бақытқа және адамның
бастапқы құқығы – таза табиғат ортасында мәнсіз (мағынасыз) өмірсүру мүмкүндігін
көрсету.
Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамаларды пайымдауда олардың
мазмұны мен басты идеяларына қарай бірнеше бағытта қарастырылғандығын көрсетеді:
экологиялық мәдениет – жалпы мәдениеттің бір бөлігі; экологиялық мәдениет адамдардың
табиғатпен қарым – қатынастары жөніндегі қалыптасқан дүниетанымы, сенімі, түсініктері,
білімі, іскерлігі, құндылық бағдар жүйесі; экологиялық мәдениетке – адамның өмірлік
белсенді
тұғырнамасы; экологиялық мәдениет адамның табиғатты теориялық,
материалдық-практикалақ, рухани ізгілікті меңгеруі және жаңартудағы мәнді күш-
қуатының өлшемі, іс — әрекетінің жиынтығы; экологиялық мәдениет – адамның
табиғатпен ғана емес, әлеуметтік – тарихи ортамен, биосферамен өзара әрекеттестігі.Олай
болса, орта білім беру жүйесін жаңарту жағдайында жас ұрпақтың экологиялық
мәдениетін ғылыми және тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде қалыптастыру, оның
қоршаған ортаға жауапкершілігін және құндылық бағдарын, рухани сипаттағы іс-әрекетін
қамтамасыз ету маңызды бағыт болып табылады.Жоғары мектеп оқушылар мен студент
жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда білім беру орындарының оқу-тәрбие
үрдісіне экологиялық білім берудің ұтымды жолдарын,
әдіс-тәсілдерін анықтап,
тақырыптар бойынша сабақ өткізу әдістемесін жетілдіру қажет деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: