«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»


Мұнай шламдарын өңдеу және қайта өңдеудің биохимиялық әдісі



Pdf көрінісі
бет21/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

1. Мұнай шламдарын өңдеу және қайта өңдеудің биохимиялық әдісі. 
Мұнай шламдарын биохимиялықөңдеу мұнайды тотықтырғыш микроорганизмдермен 
мұнай өнімдерін ыдыратуға негізделген. Микроорганизмдердің көмегімен ластанған 
топырақты рекультивациялауды жүзеге асырады. Алайда бұл әдістің кемшіліктері мен 
ерекшеліктері бар. 
Әдістің кемшілігі: 

минералдану тек қана органикалық компоненттердің тек бір бөлігінде ғана 
жүреді, оны одан әрі басқа органикалық қосылыстарға трасформациялау кезінде 
түзілетін табиғи биоценоздың табиғаты әлі зерттелмеген

қысқа температуралық диапазонда ұзақ уақыт жүргізуді талап етеді; 

бұл әдісті мұнай өнімдерінің мөлшері төмен мұнаймен ластанған топырақты 
өңдеуде немесе басқа әдістерді қолданғаннан соң соңғы тазалау әдісі ретінде 
пайдалануы. 
Әдістің ерекшелігі: Биохимиялық процесс қарапайым аппараттармен 
рәсімделеді және қоршаған ортаға зияндылығының төмен көрсеткішімен ерекшеленеді.
2. Мұнай шламдарын қайта өңдеудің термиялық әдісі.
Мұнай шламдарын термиялық өңдеу әдісі –мұнай өнімдерін термиялық ыдырату 
процесіне 
негізделген. 
Мұнай 
өнімдерін 
толық 
ыдырату 
нәтижесінде 
деструкциялаудың соңғы өнімдер –СО
2
мен Н
2
О түзіледі. 
Термиялық қайта өңдеудің кең қолданысқа ие негізгі әдістеріне –жағу, 
газификация, 
пиролиз 
жатады. 
Бұл 
әдістердің 
бір-бірінен 
айырмашылығықолданылатын оттегінің мөлшерінде [3]. Мұнаймен ластанған 
топырақты бейтараптандырудың ең кең тараған тәсілі- пештерде күйдіру. Алайда жағу 
әдісінің де өз кемшіліктері бар: 
Әдістің кемшілігі:жағу әдісі - экономикалық тиімсіз, экологиялық қауіпті әдіс 
болып келеді, себебі мұнай шламдарының құрамындағы көмірсутектерді жаққанда 
жану өнімдерінің үлкен мөлшерін бөліп шығарады, ал олардың басым көпшілігі улы 
болып келеді. Сонымен қатар, мұнайдың жоғалуына және атмосфераның ластануына 
алып келеді, сондай-ақ жылудың үлкен мөлшері шығындалады. Осы келтірілген 
кемшіліктердің барлығын ескере отырып, жағу әдісі құны қымбат әдіс екендігін ескере 
кетуіміз қажет. 
Табиғатты қорғау саласының талаптары күрделене түскендіктен мұнай 
шламдарын жағу жолымен термиялық залалсыздандыру әдісінің ролі үнемі 
төмендеуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет