«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет23/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1. Мазлова Е.А. Проблемы утилизации нефтешламов и способы их 
переработки.Монография.Издательский дом «Ноосфера»,2001.-56с. 
2. У.Ж.Джусипбеков и др. Химико-экологические последствия влияния 
тяжелых нефтей Озенского месторождения на окружающую среду. –Алматы, 2004.-
114с. 
3. Лотош В.Е. Переработка отходов природопользования.-Екатеринбург: Изд-
во ПОЛИГРАФИСТ, 2007.-503с. 
 
 
 
 
 


44 
 
 
ӘОЖ 692.8
АЗАМАТТЫҚ ҒИМАРАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ КОНСТРУКТИВТІК 
ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
М.Амангелдиева, студент, Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау
Ғылыми жетекшісі: Шайхиева К.М. 
 Ш. Есенов атындағы КМТИУ., Ақтау
Аңдатпа. Бұл мақалада ғимарат құрылымы туралы айтылған. Студенттердің өз 
бетінше жұмыстарын қалай жасау туралы сөз болған. Тірек сызбаға қарап жұмыс 
жасаудың қыр-сыры айтылған. Сәулеттік жұмыстарда ең маңыздысы іргетастан 
басталатыны және барлық сейсмикалық жағдайларда сол іргетасқа күш түсетіндігін 
ескерткен. Құрылысқа керекті материалдардың көпшілігі Маңғыстау өңірінен 
табылатыны айтылған. Жалпы болашақта құрылыс мамандығы дами беретіні нақты 
айтылған. 
Кілт сөздер: Ғимарат, өзіндік жұмыс, іргетас, қабырға, еден, конструкция, 
горизонталь, элемент. 
Студенттердің өз бетінше жұмысын “Кластер”педагогикалык технологиясы 
бойынша көрсету дегеніміз-тірек сызбаға сүйене отырып, тақырыпты басынан бастап 
тармақтап, әрбір тармағын тереңдете дамытып, қорытынды жасау. 
Мысалы, студенттердің өз бетінше жұмысына алған «Азаматтық ғимараттар және 
оның негізгі конструктивтік әлементтері» тақырыбын тірек сызба түрінде көрсетеміз. Енді 
осы тірек сызбаға сүйене отырып, жеке элементтерді талдаймыз. Ғимарат құрылымы - ол 
ғимараттың негізін құрушы конструктивтік әлементтер. 
Іргетас бұл - ғимараттың барлық жүктемесін өзіне қабылдап, және оны топыраққа 
жеткізуші ғимараттың жер асты бөлігі. Есептеу негізінде іргетасқа түсетін жүктеме қате 
есептелсе, геодезиялық жұмыстардан ақау кетсе, онда ғимарат іргетасында жарық пайда 
болады. Мысалы, іргетасты өмірмен салыстырып қарайық. Баланы жастан деген мақалды 
алып көрсек, бала тәрбиесіне бесіктен белі шықпай жатып,үлкен мән берілуі керек. Ата-
ананың отбасында балаларына берер өнегесі көп болса, ол баладан ел сүйсінетіндей 
азамат шығады. Сол сияқты ғимарат іргетасының конструкциясы дұрыс есептеліп
кұрылыс материалының сапасы жоғары болса, іргетас өте мықты болып, жарамдылық 
мерзімінде толыктай қызмет етеді. 
Іргетас мықты, берік болса, ғимаратты құраушы конструкциялар арасындағы 
күрделі байланыстар жоғары дәрежеде қызмет атқарады. 
Енді қабырғаға тоқтатылып өтейін, қабырға конструктивтік шешіміне қарай негізгі, 
өз салмағын көтеруші және аспалы болып бөлінеді. 
Негізгі қабырғаларға төбе жабындысының екі шеті келіп тіреледі, яғни төбе 
жабындысының жүктемесін өзіне қабылдап іргетасқа жеткізуші және ғимараттың ішкі 
кеңістігін биіктігінен бөлмелерге бөлуші конструктивтік әлемент. Өз салмағын көтеруші 
қабырғалар мен аспалы қабырғалар өздерінің жүктемесін ғана көтеруші әлемент. 
Жасалуына қарай қабырғалар тас қабырғалы, іріпанельді және монолитті болып келеді. 
Қабырғаны жаңа технологияға сай, монолит, яғни темір бетоннан кұймалы түрде 
жасайды. Монолитті қабырғалардың жасалу технологиясына тоқталсақ, бірінші 
арматуралардан тор өреді де, осы торды темір қалыппен қаптайды. Темір қалыптардың 
үстінен арнайы насоспен немесе бадья(үлкен ыдыспсн)бетон қоспасын кұяды. Оны 
электровибратормен тығыздайды. Бір,екі күннен кейін қалыптарды жинайды.Дайын 


45 
қабырғаның кейбір ақауларын қол құралдарының көмегімен тегістейді. Міне, осылай 
қабырға дайын болады. 
Талдауымызды ары қарай жалғастырамыз. Жұмыс барысында ғимараттың негізгі 
конструктивтік әлементтерінің қандай материалдан жасалғанын, оның физикалық, 
механикалық және химиялық қасиеттерімен жете танысуымыз қажет. Енді 
конструкциянын монтаждау жұмыстарына тоқталайық.. 
Біз тірек сызбаға қарап, арматуралардың горизонталь және вертикаль болып 
бөлінетінін, және олардың өзіндік маңызын көріп отырмыз. Арматуралар жұмысшы және 
монтаждық болады. Жұмысшы арматура төбе жабындысының және шатырдың 
жүктемесін өзіне қабылдайды, ал монтаждық арматура жұмысшы арматураларының 
майысуына кедергі жасайды. Жүктеменің салмағына карай арматуралардың диаметрі 
қабылданады. Жасалу технологиясына тоқталсақ, арматуралар жоғары сапалы болаттан 
жасалады. Себебі, болат серпімділікке жақсы жұмыс жасайды, ауыр соққыға төтеп бере 
алады. Арматура тегіс және бұдырлы болып келеді. Басында айтып кеткендей, іргетас пен 
қабырға арасында өте тығыз байланыс бар, яғни олардың арасында вертикаль 
және 
горизонталь гидроизоляция жасалынады. Осылай тірек сызбамен ғимарат құрылымын 
тарата беруге болады. 
Өзіміз теледидардан көріп куә болып жүрген, кейбір елдердегі, мысалы, Қытайдағы 
жер сілкінісін көрдік. Жер сілкінісі болуы мүмкін сейсмикалық аймақта іргетас 
конструкциясын есептеу үлкен жауапкершілікті талап етеді. 
Қабырғаның табиғи материалдан тұргызылған түріне келсек, тас қабырғалар біздің 
өлкеміздегі ғимараттарда көптеп кездеседі. Табиғи тас, яғни ұлутас Жетібай, Ақтау, 
Бейнеу және Форт-Шевченкода деген жерлерден өндіріледі. 
Бұлар дайын материалдар болып табылады. Ұлутас Маңғыстаудың табиғи 
байлығы. Ұлутастан ғимараттың негізгі қабырғасындағы екі бағана арасын өреді. 
Тасымалдауға кететін шығынды есептесек, табиғи тас материалдары заводтан дайын 
күйінде теміржолмен жеткізілетін ірі панельдер, блоктардан гөрі экономика жағынан өте 
тиімді және үнемді. Табиғи ұлутас Кеңес Одағының дәуірінде шетелге жөнелтілді. 
Мысалы, 1980 жылы Москва Олимпиадасындағы олимпиада қалашығы ұлутастан 
тұрғызылды. Жетібай аймағынан шығатын ұлутастардың кеуегі өте аз, оның тығыздығы 
жоғары, яғни үстінен түскен жүктемеге төтеп бере алады. Сол себепті ұлутасты 5 қабатты 
ғимараттың қабырғаларын қалауға қолданады. 
Ғимараттың келесі горизонталь конструктивтік элементі қабатаралық төбе 
жабындысы болып келеді. Қабатаралық төбе жабындысы ғимараттың ішкі кеңістігін 
горизонталь жазықтықпен қабатқа бөлуші конструктивтік элемент. Қазір жаңа 
технологияға сай, құймалы темір бетон қабатаралық төбе жабындысын дайындайды. 
Қабатаралық төбе жабындысының монтаждауына, осының алдындағы монолитті 
қабырғалардың қалай жасалуы көз алдымызға келеді. Бірақ, қабатаралық төбе 
жабындысында арматуралар горизонталь түрде тор жасалып, арматуралар дәнекерленіп 
немесе сыммен бекітіледі. Мырышты беттіктің астынан ағаш балкалар жатады. Ағаш 
балкалардың екі ұшы көлденең балкаларда бекітіледі. Осы көлденең балкаға темір тіреуіш 
орнатылады. 
Енді төбе жабындысына келейік. Төбе жабындысы - ғимаратты атмосфералық 
жауын-шашыннан сақтаушы конструкция. Төбе жабындысының монолитті түрінен басқа 
заводта дайындалған темір бетон плиталы түрі болады. Бірақ конструкцияны 
тасымалдауға көп қаражат жұмсалатындықтан кұрылыста көбінесе монолитті төбе 
жабындысы қолданылады. 
Ғимараттың негізгі архитектура конструктивтік шешімдеріне жоғарыда аталған 
күрделі конструктивтік элементтермен бірге есік, терезе, баспалдақ элементтерінің 
шешімдері де жатады. Осы күрделі әлементтердін жылу техникалық, дыбыс изоляциялық, 
жарық изоляциялық есептері толығымен жасалуы қажет . 


46 
Фонарлар. Төбе жабындысындағы фонарлар жұмыс орындарын қоғамдық 
орындарды табиғи жарықпен және ауа алмастырумен қамтамасыз етеді. Фонарлардың 
негізгі тіреуші элементі болат рамалар болып саналады. Қазіргі уақытта қоғамдық 
ғимараттарда зениттік фонарлар кеңінен қолданылады. Зениттік фонарларды органикалық 
шынылардан жасайды. Бұндай фонарлар купола түрінде болады. 
Тірек сызбаға сүйене отырып, оқушылар өзіндік жұмыстарын жүйелеп, нақты 
түрде қорғауға болады. Тірек сызба оқушылардың шығармашылық жұмысы болып 
саналады, және есте сақтау қабілетін арттырады. Болашақ құрылысшы маман ретінде 
айтсақ, Ақтау қаласында тұрғын үй, қоғамдық ғимараттар, күннен күнге бой түзеп, 
жарасымды ансамбль кұрып тұр. 
Әрине, бұдан он бес жыл бұрынғы Ақтау қаласын күні бүгінгі Ақтаумен 
салыстыруға болмайды. Қаламыздың көркейіп, еліміз күн санап дамуда. Туған 
қаламыздың архитектуралық - құрылыстық шешімдерін қабылдауға біздің де үлесіміз 
болуы қажет. Ғимараттың әрбір қабырғасында құрылысшы маманның қолтаңбасы 
сақталуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет