ЛИТЕРАТУРА
1. Самедова Ф.И., Аллахвердиев А.А.Технология получения битума.-Баку,-
2017,с.127,131.
2. Рябов В.А., Горячева Ю.Н.Нефтепереработка и нефтехимия.- 2000.№7, с.63.
3. Самедова Ф.И., Аллахвердиев А.А.Битумы из нефтей Азербайджана -Баку,-
1991,с.37.
4. Федоров А.А., Бауэр В.П., Сударкин Г.А. Нефтепереработка и нефтехимия.-
2011, №7, с.45.
УДК 349.6(574)
ҚАЗІРГІ ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ ӨЗЕКТІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Джунебаев А.Д., студент, Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, Ақтау.
Ғылыми жетекшісі: Басшыкызы Д.
Ш. Есенов атындағы КМТжИУ, Ақтау
Аңдатпа. Бұл мақалада экология мәселесі бүгінгі таңдағы адамзат өркениетінің аса
ауқымды мәселелері қарастырылған. Аталмыш мәселелердің пайда болуының басты
алғышарты - қоршаған ортаға адамзат перзентінің антропогендік һәм техногендік
ықпалдарының ұзақ жылдар бойы тигізіп келген әсері деп тұжырым жасауымызға болады.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында адамзаттың шаруашылық әрекеттері мен
өндірістік қатынастарының ғылыми-техникалық жаңару биігіне көтерілуі - экономикалық
реформалардың ерекше сипат алуына (модернизациялануы мен интеграциялануына)
түрткі болды.
Түйінді сөздер: экология, демография, мұнай-газ өнеркәсібі, инженерия,
радиоактивті қалдықтар, ландшаф, Семей полигоны.
Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамысқа көшу күн тәртібіндегі негізгі
мәселенің бірі болып табылады. Табиғи ресурстарды игеру есебінен елдегі экономиканың
өсуі тек белгілі бір кезеңде ғана пайдалы болуы мүмкін. Қазіргі жағдайда өсім мен даму
неғұрлым озық тетіктерді талап етеді.
Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының экологиялық тұрақтылығын
қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасында саяси, мәдени және
экономикалық көпір бола отырып, Қазақстан құрлықта ландшафтар мен экологиялық
жүйелердің дамуында осы тектес байланыстырушы қызмет атқарады. Қазақстан
аумағының көлемі, климат жағдайларының әр түрлілігі, өңірдің су теңгерімінің
ерекшеліктері Еуразияның күллі аумағындағы экологиялық жағдайды оның
Қазақстандағы тұрақтылығына айтарлықтай тәуелді етеді.
Қазақстандағы саяси ахуал бүкіл әлемге тұрақтылықтың, конфессияаралық
келісімнің, еліміздің барлық азаматтарының мүддесінде демократия мен қоғамдық
институттарды дамытудың бірегей үлгісін танытып отыр. Қазақстанның орнықты саяси
дамуы әлемдік қоғамдастық үшін теңгерімді бастамалардың көзі ретінде еліміздің
қалыптасуында маңызды рөл атқара алады. Осы орайда Қазақстан өзінің дамуында
еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін біршама кедергілерге кезігуде.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытқа дейінгі экономикалық өсуіне негізінен
әлемдік нарықтағы шикізат бағасының өсуі мен табиғи ресурстардың елеулі бөлігін
тұтыну есебінен қол жетіп отыр. Табиғи капиталдың барынша ысырап болуы мен
78
құлдырауы орын алуда. Ішкі жалпы өнімнің өсуі қоршаған ортаға қалдықтардың көп
шығарылуымен қатарласа жүруде. Қазіргі бағалау бойынша, ел аумағының 75%-ға жуығы
экологиялық тұрақсыздықтың жоғары тәуекеліне ұшыраған [1].
Қазақстан өңірлерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайларында айтарлықтай
алшақтық бар. Демографиялық жағдай мен халықтың денсаулығының жай-күйінде
көптеген проблемалар бар және әзірге оның құқықтық, экономикалық, экологиялық
сауаттылық деңгейінің жеткіліксіздігі орын алуда. Бұл кедергілерді еңсеру Қазақстан
Республикасының орнықты дамуға көшу жолындағы басты кезеңдік міндеті болып отыр.
Орнықты дамуға көшу өлшемдеріне талдау және болжам жасау: Қазақстан
Республикасындағы көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемалардың негізгі себебі
елдегі ресурстарды өндіру мөлшерімен салыстырғандағы оларды тепе-тең мөлшерде
тұтынбау жағдайындағы қалыптасқан тарихи теңсіздік болып табылады.
Қазақстанның экологиялық жағдайына қосымша талдау жасағанда Солтүстік
Қазақстан бойыша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Павлодардағы ірі
өндіріс орнының зиянды экологиясы айтпаса да түснікті. Батыс Казақстанда мұнай-газ
өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. га., жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3
млн.га. жерді қамтып отыр (1 – сурет) [2].
1 cурет - Мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерінің ластануы
Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халықка әкелген зардабы жайлы
маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып
отырған 1,4 млн. га. жер радиоактивті ластануда. Семей қаласынан небәрі 120 шақырым
жерде орналасқан сынақ полигонда 40 жыл ішінде 485 ядролық жарылыс жасадды.
Олардың 88-і ауада, 30-ы жер бетінде, 340-ы жер астындағы сынақтар еді. Қуаты бірнеше
килотоннадан 1,5 мегатоннаға дейін болды. Бұл цифрлар ұлттың жанын жегідей жейтін
аса ауыр қасіретті көрсетеді. Қазақтар ядролык, қарудан көп зардап шеккен
жопондықтардан кейінгі екінші орын алады. Одақтың басшылығымен және әскерилермен
болған төзімділікпен жүргізген шиеленісті күрестен кейін, 1991 жылғы 29 тамызда
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жарлығымен полигонды жапты (2 – сурет) [3].
79
2 cурет - Семей полигоны
Каспий теңізінің 268 млн. га. жағалауы су астында қалып, олардың мұнай
өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық
Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол
жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты, ондағы техногендік, өндірістік
ластану, радиоактивтілік және ракета-космос қалдықтарымен (Бетпақдала) ластану
топырақтың құнарсаздануьна, жайылымдардың тозуына жоғар деңгейде әсер етуде.
Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен
Сырдария бассейнінің 2 млн. га. жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға,
тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология
проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. ға.
сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының
да экологиясы мәз емес. Әсіресе, Қапшағай, Тасөткел су қоймаларының салынуы, суды
көп қажет ететін күріш, техникалық дақылдардың егілуі — суармалы жерлердің тозуына
әкеп соқты. Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті
жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстан жағдайында да экологиялық проблемалар
жеткілікті. Түсті металлургия, вольфрам, қорғасын, мырыш өнеркәсіптері елді мекендер
мен қала тұрғындарына апат әкелуде.
Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас қаланың қатарына
жатады. Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн. т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған.
Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,3 млн. адам мутангез ауруын
шалдыққан. Елбасының қолдауымен 1999 жылы біздің республикада «Экологиялық
қабылданған. Университет үшін экологиялық білім бағдарламасы, оқулықтар мен оқу
кұралдары жарық көрді. Мұның бәрі Қазақстанда 2030 бағдарламасын іске асыру
бағытында орындалып жатқан игі істер асыру бағытында орындалып жатқан игі істер
болса керек. 2003 жылы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына» (№1241 Жарлығымен) қол қойды.
Бұл Қазақстанда қалыптасып отырған экологиялық ахуалды жақсартудың шараларын
белгілеген аса маңызды кұжат. Бұл құжаатты мемлекет деңгейінде, соның ішінде Білім
және ғылым министрлігі іске асыруға міндетті. Бірақ әлі де сөзбұдайға салып,
қабылданған көп кұжаттың бірі ретінде қаралып келеді. Табиғат — біздің анамыз. Оны
таза ұстау, қорғау, экологаялық орта қалыптастыру біздің еліміз, адам баласының
келешегі үшін қажет. Сондыктан экологиялық күрес — өмір үшін күрестің негізі болып
табылады (3 – сурет) [4].
80
3 cурет - Радиоактивті қалдықтар
Қазақстан Республикасындағы тұрғын халқының саны орнықты дамудың маңызды
өлшемі болып табылады. Халықтың тығыздығының төмен болуы (шекара ұзындығы
айтарлықтай созылған жағдайда) әрдайым мемлекеттің дамуындағы тұрақсыздық факторы
болып табылады. Ел аумағының елеулі бөлігін шаруашылыққа игеру үшін қиын және
халықты Қазақстанның барлық өңірлеріне біркелкі орналастыру міндетін қою мүмкін
еместігіне қарамастан, халық санын белгілі бір деңгейде ұстап тұру қажет. Сонымен бірге
еңбек нарығы проблемасын шеше отырып экономикалық мүмкіндіктерді өрістету,
қазақстандықтардың көршілес әлем ұлттарының арасында генетикалық және мәдени
әлеуетін сақтау, өңірлер арасындағы инфрақұрылымның әлсіздігі мен демографиялық
теңсіздікке байланысты жағымсыз саралануды еңсеру қажеттігі туындайды.
Экономикалық өсім процесінде экологиялық талаптарды арттыру, қоршаған ортаға
антропогендік қысымды азайту қажет. Ол үшін 2024 жылға қарай экологиялық
орнықтылық индексін ең кем дегенде, қазіргі ең жақсы көрсеткіш – 88 балға дейін жеткізу
қажет болады. Сол арқылы өмір сүру сапасының көрсеткіштерін ең жоғары әлемдік
көрсеткіштерге жақындатып, айтарлықтай жақсарту қамтамасыз етілетін болады.
Орнықты дамуға көшу кезеңдері:
Қазақстан Республикасы үшін орнықты дамысқа көшу кезең-кезеңімен жүзеге
асырылатын болады. Ол үшін орнықты дамыстың әр кезеңіне арналған белгіленген
өлшемдер анықталды.
Бірінші кезең (2007-2009 жылдар) – бұл кезеңде орнықты даму қағидаларын
қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына енгізу, экономиканы әртараптандыру,
технологиялық алға озуды жүзеге асыру үшін жағдай жасау мақсаты алға қойылады.
Екінші кезең (2010-2012 жылдар) – бұл кезеңде Қазақстан Республикасының
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруін қамтамасыз ету мақсаты
жүзеге асырылады.
Үшінші кезең (2013-2018 жылдар) – бұл кезең өмір сүру сапасы деңгейі бойынша
әлемдік дамудағы көшбасшылар арасындағы еліміздің жағдайын нығайту, табиғи
ресурстарды орынсыз пайдалану салдарынан болатын шығындарды айтарлықтай
қысқарту, елдің экологиялық орнықтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге
бағытталады [5].
Достарыңызбен бөлісу: |