162
- материалды құндылықтардың есебін ұйымдастыру бөлімінде,
кәсіпорынның есеп
саясатымен танысу және оның нормативті құжаттармен және заңдылықпен сай болуын
тексеру;
- материалдың дайындалуы, түсуі және босатылуы бойынша операциялар
бухгалтерлік есептің және құжаттық рәсімделудің тәртібімен орындалуын және оның
әрекеттегі нормативті актілерге сай болуын тексеруі қажет;
- материалдық құндылықтар қорларының нормативтерінің орындалуын және
олардың сақталу тәртібінің орындалуы және қозғалысының барлық сатыларында сақталуына
бақылау орнату.
Кесте 1 – Объектілердің және оларды сатып алу көздерінің тізімі
Объектілер
Сатып алу көздері
Сатып алу циклі:
-
негізгі құралдар;
- материалды емес активтер;
- тауарлы-материалдық қорлар.
Сатып алудың негізгі бағыттары (көздері):
1. Жарғылық капиталға өзінің салымдары есебінен
құрылтайшылардан кіріс:
- сатып алынған;
- қолма – қол ақша;
- несиеге;
- кейінгі төлемдерге;
- ақысыз.
2. Жабдықтаушылар және мердігерлер
3. Есеп беруші тұлғалар
4. Мемлекеттік органдардан қайтарымсыз субсидиялар.
5. Қайырымдылық, демеушілік түсімдер
6. Қоймаға тауарлы –
материалдық құндылықтардың
түсуінің келесідей мүмкіндіктері де бар: негізгі
құралдардың объектілерін жоюдан, қоймаға ТМҚ
мүмкін болатын баға бойынша кіріске алу
7. Жөнделмейтін ақауды анықтаған жағдайда қоймаға
ақауланған өнімнің кейбір бөлшектері қабылданады
8. Жалға алынған негізгі құралдарды сатып алу тәртібі
бойынша
9. Өзінің кәсіпорнынан даярланған
және есепте кіріске
алынған негізгі құралдар
10. Біріккен қызмет туралы келісім шарты бойынша
мүлікті қайтару
Ескерту – [1,3] әдебиеттер негізінде құрастырылған
Ішкі аудиттің бастапқы кезеңінен бастап басқару жүйесіндегі барлық
мүмкіншіліктерінен пайдалану жеткіліксіз болуы сияқты кәсіпкерліктің де ақпараттық
сұранысы толыққанды қанағаттанарлықсыз. Дегенмен ішкі аудиттің ұзақ мерзімдегі
кәсіпкерлік шеңберінде дамуын анықтау күрделі, өйткені қазіргі
кезеңдегі ішкі аудиттің
дамуы негізінен алғанда өтпелі кезеңдегі қойылған экономиканы басқарудағы талаптарды
шешумен байланысты. Алайда оның жақын арадағы даму жолдарын болжап білу оңайға
соқпайды дей отырып, ішкі аудиттің дамуының: басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік
және технологиялық жолдарының негізгі бағыттарын белгілеуге болады.
Қорыта айтқанда, Қазақстан экономикасында ішкі аудит және бақылаудың дамуын
ынталандыратын экономикалық факторлар және ұйымдастырушылық
жағдайлар әрекет
етеді. Ол заңнамалық және атқарушы мемлекеттік басқару органдармен олардың өзара
әрекеттері және өзін-өзі реттеудің тиімді механизмін құрумен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: