«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет129/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Н.Қ. 
Мамыров, 
М.С.Тонкопий, 
Е.М.Үпішев 
«Табиғатты 
пайдалану 
экономикасы» Алматы – 2005 жыл. 
2. Е.М.Үпішев, С.Мұқаұлы «Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау» 
Алматы – 2006 жыл. 
3. Қ.Н. Налмишова «Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік 
географиясы» Шымкент – 2006 жыл. 
4. Ұ.Б.Асқаров «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы – 2007 жыл. 
5. К.Ә.Төлентаева «Қазақстан тарихы» Алматы – 2006 жыл. 
6. Г.С. Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология – экономика» Алматы – 2002 жыл. 
7. М.Жүнісов, Т.Мансуров «Егемендік келбеті» Алматы – 1998 жыл. 
8. Ж.Ж.Жатқанбаев «Экология негіздері» Алматы – 2004 жыл. 
9. А.Насанов «Экология және экономика мәселелері» Оңтүстік Қазақстан – 2006 ж. 
7-ақпан 5 бет. 
ӘОЖ 33.330 
 
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК 
САЯСАТЫНЫҢ МӘНІ 
 
Төреғұлова С.А., студент, Ш.Есенов атындағы КМУТИ, Ақтау қ., 
Ғылыми жетекші: Тасболатова А.А. 
 Ш.Есенов атындағы КМУТИ, Ақтау 
 
Аңдатпа. Халықтың әл-ауқатын арттыру. Еліміздегі экономикалық дағдарыстың 
залалын бәсеңдету.Экономикалық дағдарыс. Әлеуметтік экономикалық көмек берудің 
мемлекеттік бағдарламасы. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу және 
талдау жасау. 
Түйінді сөздер: Экономика, инфляция, бизнес, статистика, өндіріс. 
 
Білім, денсаулық, зейнетақы, тұрғындардың кірісі мен өмір сүру деңгейін қамтитын 
әлеуметтік саласының даму негізі экономика болып табылатыны ешкімге құпия емес. 
Мықты экономика,қуатты қаржы айналысы жалпы елдегі, аймақтағы, өндірістегі қажетті 
әлеуметтік жағдаятты сақтауға және тұрақты адам капиталын қамтамасыз етудегі бірден-
бір маңызды фактор болып табылады. Сонымен қатар, кері вектор әсері, яғни қоғамның 
әлеуметтік саласы мен тұрғындардың әлеуметтік жағдайының экономика мен қаржы 
саласына әсерін ескеруіміз қажет. Әлеуметтік саланың дамуы, халықтың әл-ауқатының 
артуы өз кезегінде экономиканың өсуіне, қаржы ресурстары көлемдерінің динамикасына 
ықпал етеді. 
Экономикалық дағдарыс мәңгі емес, ол уақытша құбылыс. АҚШ федералдық 
резервті жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспеннің айтуынша, қазіргі әлемдік 


244 
қаржылық дағдарыс – бұл жүз жылда бір рет орын алатын оқиға. Бірақ дағдарыс аз 
уақыттың ішінде де халықтың әл-ауқатын біршама әлсіретуі мүмкін. Бір нәрсе анық, 
экономикалық дағдарыстан шығу үрдісіндегі басты кейіпкер – осы әл-ауқаты әлсіреген 
халық болуы тиіс. Бұл жағдаятта дағдарыстан шығу ұзақ, әрі ауыр режимдегі жағдайда 
өтуі мүмкін. Мұндайда қорытынды өз-өзінен шығып тұрған сияқты, яғни халыққа 
экономикалық дағдарыстың тигізер залалын «әлсірету» қажет. Ал бұл мемлекеттің, 
бизнестің, азаматтық қоғам мен оның институттарының міндеттері. 
Баршамызға мәлім әлемдік қаржы дағдарысы ешбір мемлекетке оң қырымен келіп 
жатқан жоқ. Қазіргі таңда әлемнің ең ірі, алпауыт мемлекеттерінің өзі қомақты қаржылық 
және өндірістік тоқырауларды бастан кешуде, сонымен қатар жүз мыңдаған адамдар 
жұмыссыз қалуда, көптеген шаруашылық орталықтары жабылуда. Дағдарыстың қауіпті 
әсерлерінен Қазақстан да шет қалған жоқ, осы құбылыстың салдарынан өз еңбегімен күн 
кешетін қарапайым халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеді, маргиналдар көбейді 
жұмыссыздық секілді әлеуметтік мәселелердің өсуіне ықпал етті. Осы тұста Қазақстанда 
мемлекеттік саясаттың басым бағыты әлеуметтік сала болып қала берді. 2013 жылғы 
Қазақстанның экономикасы дағдарыс барысында дамыды, бұл іскерлік және 
тұтынушылық көздердің белсенділігінің күрт төмендеуіне әкелді, сонымен қатар 
қаржылық секторға да әсер етіп, экономикалық салаларының динамикалық өсуінің 
бәсеңдеуіне себеп болды. Әлемдік нарықта қолданыстағы өнімдердің бағасының лезде 
қымбаттауы салдарынан ұлттық экономикамызда инфляциялық қысым күшейді. Әлемдік 
қаржы экономикалық дағдарыстың әсерімен Қазақстан Республикасында өндіріс 
қарқыны төмендей бастады, жұмыспен қамтудың төмендеуі және тиісінше халық 
табысының азаюы белең алды. 
Әлеуметтік экономикалық көмек берудің мемлекеттік бағдарламасы негізінде 
азаматтық конституциялық құқығы қамтамасыз етілуде тегін жалпы орта білім беру және 
медициналық көмек беру, қарттарды және еңбекке жарамсыздарды қолдау, ана мен 
баланы қорғау т.б. Оларды қанағаттандыру деңгейі нақты жағдайда қалыптасқан 
қоғамның экономикалық даму деңгейі мен құндылықтық қағидаттарына байланысты 
болады. Өткенді сараптасақ , соңғы он жылдағы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік 
дамуында алға басушылық бар. 2014 жылмен салыстырғанда ІЖӨ көлемі екі есе көбейді. 
Орташа айлық жалақы бес есеге, ал зейнетақы орташа мөлшері үш есеге өсті. Өмір 
сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі төрт есеге азайды. Халық 
денсаулығынң негізгі көрсеткіштері жақсарды. Жол картасы шеңберінде жұмыспен 
қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарын кеңінен қолдану топтар орындары, жастар 
практикасы, қайта даярлау және біліктілікті арттыруға ықпал етті, ал жастар арасындағы 
жұмыссыздық деңгейі алғаш рет елдегі жұмыссыздықтың жалпы деңгейінен төмен 
көрсеткіштерге белгіленді. Жол картасының негізгі нәтижелері шамамен 9 мың жоба іске 
асырылды; 392 мың жұмыс орны құрылды; олардың жартысына жуығы жұмысқа 
орналастырылды; 192 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар 
практикасы шеңберіндегі орындарына орналастырылды. Қаржылық дағдарыс 
жағдайындағы Қазақстанның әлеуметтік саясатының басым бағыттары халықты 
жұмыспен қамтамасыз ету мен мамандарды қайта даярлауға, әлеуметтік төлемдер мен 
бюджеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруға баса назар аударылып отыр. Осы 
бағыттарда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық нысандары, әлеуметтік, мәдени 
нысандар мен жол жөндеу және жылыту жұмыстары, мамандарды қайта дайындау, жастар 
тәжірибесін ұйымдастыру шаралары жүзеге асты. Электр желілері, сумен жабдықтау 
мөлшері 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, 
мәдениет пен спорт нысандары жөнделді. Әлеуметтік-экономикалық қолдау 
бағдарламалы табыстар деңгейінде айырмашылықтарды жұмсартуға ұмтылады. 
«Егерде үкімет батыс елдеріне еліктеп, макроэкономиканың мәселесіне ғана көңіл 
бөліп, бұқара халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды алдыңғы орынға қоймаса, 
дағдарыстан жұрттың кедейленуі шектен тыс артып, қоғамдағы қайшылықтың өршуі 


245 
әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін» деп көрсетеді белгілі сарапшы-экономист Болат 
Дүйсенбі. 
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайына шолу және талдау жасау 
дағдарысты экономикалық жағдайдағы Үкімет қызметінің нәтижелілігі мен тиімділігін 
байқатады. 
Статистика 
атқарушы 
биліктің 
мемлекеттің 
қаржы-экономикалық 
жағдайындағы келеңсіз үрдістердің тереңдеуіне қарсы тұру мүмкіндігінің бар екендегін 
көрнекі түрде көрсетіп берді. Үкімет және жергілікті билік органдары әлемдік қаржы 
дағдарысы басталғалы оның салдарларын жұмсарту үшін қолданып отырған іс-
шараларының тиімділігін, пәрменділігін халықтың бағалауы дағдарысқа қарсы басқару 
жағдайларындағы атқарушы биліктің тиімді қызмет жүйесінің тепе-теңдігін көрсетеді. 
Бүгінгі таңда еліміздегі экономикалық дағдарыстың залалын бәсеңдетуін төмендету 
жолдарын атап көрсетуге болады: 
-Өндірісті, ел экономикасын қолдау 
-Жемқорлықпен күрес 
-Ауыл шаруашылығын дамыту, қолдау 
-Мемлекеттің экономиканы,бағаны реттеуі 
-Зейнетақы, еңбекаңы төлемдерін көбейту 
-Инфляциямен, баға өсімімен күрес 
-Ақшаны үнемдеу бей-берекет шығындарды азайту 
-Жаңа жұмыс орындарын ашу т.б. 
Қорыта айтқанда, Қазақстанда азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы 
Конституциямен кепілдендірілген. Ал әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде тұрақтылық 
пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын тиімді 
жүргізуіне тәуелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет