40
2. Салықтардың негізгі түрлері. Лаффер қисығы.
Мемлекеттің салық
саясаты.
3. Мемлекеттік қарыз және оларды басқару проблемалары.
1. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттің табыс көздері және
шығындарының құрылымы. Мемлекеттік бюджет тапшылығы және
артықшылығы. Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың негізгі
әдістері
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары.
Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен
мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және
әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол
мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік
кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады.
Бюджеттің
шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен
көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік
жәрдемдер; білім, денсаулық сақтау,
мемлекеттік басқару, қорғаныс
шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары,
халық шаруашылығы,
мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын
басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.
Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:
-
ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін
атқаруға берілген ақша қаражаттары,
- субсидиялар - мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі,
- субвенция - мемлекеттің белгілі
бір мақсаттың орындалуына
бағытталған ақша қаражаты,
- дотация - зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.
Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:
-
Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни
мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады.
Оларға
мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен
қызметтерді сатып алуы жатады.
-
Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей
мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй
шаруашылығына көмек ақшалар,
әлеуметтік қорғау шығындары.
Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн,
дегенмен, көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден
асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік
тапшылықтың себептері көп:
- қоғамдық өндірістің құлдырауы;
- ақша эмиссиясы;
41
- мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік қызметтерінің өсуі;
- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;
- әскери шығындарының өсуі;
- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;
- көлеңкелі экономиканың дамуы.
Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе
шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін
мемлекет мынадай шаралар қолданады:
- мемлекеттік несие;
- салық салу жүйесін қатайтады;
- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.
Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: