«Экономика негіздері»


Жалға алушы – мүлікті жалға алушы тұлға, кәсіпорын, ұйым.  Жалдық кәсіпорын



Pdf көрінісі
бет113/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124
экономика негиздері кітап

Жалға алушы – мүлікті жалға алушы тұлға, кәсіпорын, ұйым. 
Жалдық кәсіпорын – барлық шаруашылық қызметі жалдық мүліктің 
кешен базасына негізделген кәсіпорын. 
Жалға беруші – мүлікті жалға беруші тұлға, кәсіпорын, ұйым. 
Жарғылық капитал – құрылтайшылардың кәсіпорынды құрған 
кездегі мүліктер салымдарының ақшалай көрінісі. 
Жарнама - өткізуді арттыру және іскерлік абырой алу мақсатымен 
нақты клиенттер арасындағы фирма, оның тауарлары туралы хабарлар 
тарту үшін бұқаралық ақпарат құралдарын, арнаулы баспасөз 
басылымдарын, плакаттарды пайдалану. 
Жарнама беруші – жарнама жасайтын мекемеге жарнамаға тапсырыс 
беруші адам, фирма, кәсіпорын. 
Жарнама жүргізуші – жарнама өнімдерін (хабарландыру, 
жарнамалық спот) беру мүмкіндігі бар дербес жарнама құралдары 
(баспасөз, теледидар). 
Жарнама алушы – жарнама субъектісі, мақсатты топ, мақсатты адам- 
олар жарнама құралдарының көмегімен жарнамалық төлемді хабарлайтын 
реципиенттер жоспарлайды. 
Жарыспа келісім - міндеттемемен байланысқан экспортерлердің сөз 
байласқан мерзім (2-3 жыл) ішінде қарама-қарсы сатып алуды жүзеге 


185 
асыру 
үшін 
екі 
келісім-шартың 
негізіндегі 
тауар 
айналымы 
операцияларының бір түрі. 
Жұмыссыздық - өндірісте жұмыс істегісі келетін еңбекке қабілетті 
халықтың жұмыспен қамтылуы. 
Жабық компания – осы компанияның директорлары болып 
табылатын бес немесе одан да аз қатысушылар бақылайтын компания. 
Жалгерлік ақы - жалға берушіге жалдау мерзімі. 
Жалпы Ұлттық Өнім - жыл бойында ұлттық экономикада өндірілген 
және түпкі тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтердің құны. 
Жеңілдік - 1) үлес, бөлік, норма, салық салынатын бірліктен 
алынатын салық мөлшері-салық жеңілдігі; 2) картельдік келісім кезінде 
соның шеңберінде әрбір қатысушыға жалпы өндірістен немесе өткізуден 
тиетін үлес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет