«Экономика негіздері»


Импорттық алымдағы үстеме



Pdf көрінісі
бет115/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124
экономика негиздері кітап

Импорттық алымдағы үстеме - төлем тепе-теңдігі жағдайын реттеу 
үшін әкелінетін тауарларға алымдағы уақытша арттыру, кейде фискальдық 
немесе саяси мақсатты да көздейді. 
Қор биржасы - бағалы қағаздардың сауда жасайтын биржа. 
Құжаттар орнына қолма-қол ақша - есеп айырысу түрі, ол бойынша 
экспортер банкке жөнелту құжаттарын тапсырғаннан кейін төлем алады 
немесе импортер құжаттарды төлегеннен кйін алады. 
Кадастр - 1)салық салынуға тиіс адамдардың тізімі; 2) тиісті 
обьектілерді (мәселен жерді, суды) мезгіл-мезгіл немесе ұдайы бақылау 
жолымен жасалатын жүйеленген мәлімметтер жинағы. 
Калькуляция - өнім бірлігінің немесе орындалған жұмыстың өзіндік 
құнын есептеп шығару. 
Капитал – міндеттемелерді шегергеннен кейінгі кәсіпорынның қалған 
меншікті капиталының үлесі. 
Картель - бір тектес өнім өндіретін, белгілі бір нарыққа үстемдік 
бақылау жасауға жету үшін ұйымдасқан тәуелсіз өнеркәсіп орындарының 
ассоциациясы. 
Клиринг - банктер арасындағы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу түрі. 
Коммерциялық (фирмалық) несие - сатушылардың сатылған 
тауарларға төлемді кейінге қалдыру түрінде сатып алушыға тауар 
формасында беретін несие, әдетте сатып алушыға нарықта есепке 
алынатын тратта көрсетіледі. 
Көрінбейтін операциялар - төлем тепе-теңдігінің факторлардан, 
қамсыздандырудан, өсімнен және дивиденттерден, бағалы қағаздардан
саяхаттардан, ауысымдардан, ақылы қызмет көрсетулерден түсетін 
төлемдер мен түсімге қатысты статьялары. 
Бұқаралық коммуникация - техникалық құралдардың (баспасөздің, 
радионың, кинематографияның, теледидардың) көмегімен мейлінше кең 
аудиторияға ақпарат тарту процесі. 
Конверсияланатын валюта, еркін айналатын валюталар
ағымдағы нарықтық баға бойынша барлық жерде төлемге қабылданатын 
валюта. 
Конверсия - 1) айырбастау, есеп айырысу, валютаны конверсиялау - 
қолданылып жүрген валюта құны бойынша бір валютаны екіншісіне 


187 
айырбастау. Қарызды конверсиялау - бұрын шығарылған қарызды оның 
мерзімін және қарыздық пайыз мөлшерін өзгерту мақсатымен жаңасымен 
алмастыру; 2) өнеркәсіпті әскери өндірістен азаматтық өнім өндіруге 
көшіру. 
Келісім-шарт - ауызша немесе жазбаша келісім, ол бойынша 
жақтардың бірі екіншісі үшін белгілі шартпен және нақты мерзім ішінде 
бірдеңе жасауға міндетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет