188
Маклер - қор тауар және валюта биржаларында келісім жасау
кезіндегі делдал.
Маржа - сатушы мен сатып алушының валюта курсы арасындағы
өзгешелік, банктің шығындарын жабуға пайдаланылады және әдетте пайда
әпереді.
Пайда маржасы - өткізілген өнім
немесе капитал мөлшерінің
пайданың проценттік көрсеткіші.
Маркетинг – тауарлар мен қызмет көрсетуге тұтынушылардың,
бизнестің және мемлекеттің сұранысын қанағаттандыру мақсатын
көздейтін шаруашылық қызметінің түрі.
Мерзімдік депозит немесе вексель - мерзім белгіленген (қайта талап
етілген депозиттен немесе вексельден өзгешелігі) депозит немесе вексель.
Мониторинг - аймақтық саясат, белгіленген
деңгейде сақталатын
белгілі мөлшердегі бақылау.
Нарықты мемлекеттік реттеу - нарықтың әр түрлі тұтқалар арқылы
(ресурспен қамтамасыз етудің мақсатты бағдарламасы, салықтар және
кеден тарифтері,
мемлекеттік тапсырыстар, субсидиялар, несиелер,
кепілдемелер қамтамасыз ету) қоғамдық өндірістің келешек дамуына және
әлеуметтік проблемаларды шешуге ықпал ету мақсатында әлеуметттік-
экономикалық, валюталық-қаржылық, құрылымдық-инвестициялық саясат
арқылы жүзеге асыратын қызметіне мемлекеттің араласуы.
Нарықтық инфрақұрылым - нарықтағы тауарлардың және қызмет
көрсетудің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекеме мен ұйымдар
жүйесі.
Нарықтық тепе теңдік - экономикалық
заңдарға ұқсас сұраныс пен
ұсыныстың тепе теңдігі, тауармен қызмет көрсетудің көлемінің және
құрылымның оларға сұраныстың көлемі мен құрылымына сай келуі.
Несие үшін өсім - несие бергені үшін банк өндіріп алатын төлем,
оның
мөлшері несиенің мөлшеріне, пайдалану мерзіміне, жылдық төлем
деңгейіне, сондай ақ экономикалық факторларына байланысты болады.
Достарыңызбен бөлісу: