«Экономика негіздері»


Несие беру - несие қаржыны белгілі бір мерзімге банк немесе  коммерциялық несие түрінде, бағалы қағаздар шығаруға пайдалану.  Несие (қарызға беру)



Pdf көрінісі
бет118/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124
экономика негиздері кітап

Несие беру - несие қаржыны белгілі бір мерзімге банк немесе 
коммерциялық несие түрінде, бағалы қағаздар шығаруға пайдалану. 
Несие (қарызға беру) - 1) белгіленген мерзімге пайызын қосып 
қайтару шартымен ақшалай қаржы беру; әдетте несие төлем мерзімін 
ұзарту түрінде және қарызшының қарыздық міндеттемесін сатып алуға 
берілуі мүмкін; 2) сенім. 
Сатып алушы несиесі - орташа немесе ұзақ мерзімді несие, оны 
шетелдік сатып алушыға экспортерлермен есеп айырысуға мүмкіндік беру 
үшін контрактының 85 пайызына дейін мөлшерде банк береді. 
Несие карточкасы - банк клиентіне-эмитентке нақты ақшасыз 
бөлшек төлем жасауға мүмкіндік беретін пластик карточка. 
Несие желісі - белгілі мерзімге дейін (әдетте жыл бойына) клиентке 
несие беруге банктің немесе банк синдикатының заң бойынша толтыратын 
міндеттемесі. 


189 
Несие (төлем) өтеу қабілеті - компанияның мезгілінде және толық 
мөлшерде өз міндеттемесі орындау қабілеті. 
Номинал - бағалы қағазда, қағаз ақшада, тиында көрсетілген нақты 
құн. 
Ноу–хау - қадағалау құжаттармен қорғалмаған толық немесе ішінара 
жарияланбаған ілім. 
Олигополия – азғантай ғана аса ірі капиталистік фирмалардың
компаниялардың өндірістегі және нарықтағы үстемдігі. 
Опцион - 1) теңіз тасымалы келісімнің шарты, ол портты 
фрахталушыға тиеуді немесе түсіруді, сондай ақ келісімде сөз 
байланысқан жүкті ауыстыруға құқық береді; 2) биржалық келісімге 
кіргізілген шарт, ол бойынша жақтардың біріне келісімнің жеке қарама 
қайшы шарттардың бірін таңдауға, яғни оның алғашқы ережесін өзгертуге 
құқық беріледі; 3) компанияның өздерінің жоғары лауазымды 
қызметшілеріне тұрақты баға бойынша акция сатып алуға құқық беруі. 
Оферта - мүмкін болатын сатып алушыға өзінің шарттары бойынша 
тауар тобын сататыны туралы сатушының жазбаша ұсынысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет