«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет114/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124
экономика негиздері кітап

Индентификациясалыстыру, айқындау, бір нәрсенің екінші бір 
нәрсеге ұқсауы. 
Инвестиция – күрделі қаржының әр қилы түрлері. 
Инвестор - инвестицияны жүзеге асырушы жеке адам, ұйым немесе 
мемлекет. 
Индекс – белгілі бір экономикалық құбылыстың арақатынасын 
білдіретін жарнама көрсеткіш. 
Ақшалай табысты индекстеу - тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың 
мемлекеттік жүйесінің бір бөлігі және ақшалай табыстан сатып алу 
қабілетін қолдауға бағытталған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету 
бағаларының өсуіне байланысты шығында толық немесе ішінара өтеуді 
қарастырады. 
Индоссант - өзіндік пайдасына бағалы қағазға беру жазбасы 
жазылатын адам. 
Инжиринг - соңғы жылдары сыртқы сауда операциялары сипатына ие 
болған техникалық қызмет көрсету жиынтығы. 
Инкассо – есеп айырысу құжаттарының негізінде ие адамның тапсыру 
бойынша оған тиесілі соманы банктің үшінші адамнан алуы. 
Инкассалық операциялар -сыртқы сауда келісіміндегі есеп айырысу 
түрі, экспортер өз банкіне импортерден берілген товар үшін белгілі 
мөлшерде валюта алуды тапсырады. 
Инновация 
(иновациялы 
процесс) 

жаңа 
бұйымдарды, 
технологияны, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және 
сапалық жетілдіруге бағытталған процесс. 
Интерграция - белгілі бір бөлшекті, бөлікті қалпына келтіру
толықтыру, тұтас етіп біріктіру. 
Өндірісті интенсивтендіру - мейлінше тиімді өндіріс құралдарын 
ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін паш ететін еңбекті 
ұйымдастыру мен технологиялық процестердің жетілдірлетін түрлерін 
қолданудың қолда бар өндірістік мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланудың 
есебінен өндіріс көлемін ұлғайту. 


186 
Инфляция – ақшалай тауарға қатысы бойынша құны жоғалған, соның 
салдарынан тауарлы құнның артуы басталатын елдегі қағаз ақша көлемінің 
шамадан тыс көбейіп кетуі. 
Инфрақұрылым - қалыпты жұмыс істеуді, қоғамдық еңбек бөлісі 
процесінде пайда болатын технологиялық, өндірістік, экономикалық және 
ұйымдық байланыстарды жүзеге асыратын халық шаруашылығы 
саласының жиынтығы. 
Ипотекалық банк - қозғалмайтын мүлкін кепілдікке алып, ұзақ 
мерзімді ақшалай несие беретін, сондай-ақ қозғалмайтын мүлікті 
кепілдікке беруді қамтамасыз ететін кепілдік қағазын шығаратын несие 
мекемесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет