«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет116/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124
экономика негиздері кітап

Кепілдеме чек - клиентке банк берген кепілді чек. 
Кепілдеме - клиентке немесе қандай да бір адамдарға ақшалай немесе 
басқа да міндеттемелерді орындауға берілген тапсырыс. 
Қайталама нарық - алғашқы кредиторлар мен қарыз болып 
табылмайтын адамдардың арасында бағалы қағаздардың айналым жасауы. 
Қаржыландыру - қандай да бір шығындарға белгілі мөлшерде қаржы 
бөлу. 
Концерн - қатысу жүйесі арқылы мүлде ортақтағы жеке жөніндегі 
шарттары, патенттік-лицензиялық келісімдері қаржылану тығыз өндірістік 
ынтымақтастығы бойынша бір-бірімен байланысты жеке кәсіпорындардың 
бірлестігі. 
Коньюнктура – 1) нарықтық механизм жағдайында мемлекеттік 
реттеу мен бәсекелестік балансымен, тұтынушы корпорациялар және 
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қабылдайтын шешімдердің 
тәуелсіздігімен айқындалатын процестердің факторлардың нақты 
экономикалық өмір шарттарының жиынтығы дамудың заңды формасы; 2) 
белгілі бір кезеңдегі экономиканың ағымдағы жағдайын сипаттайтын 
белгілер жиынтығы. 
Нарық коньюктурасы - белгілі бір кезеңде нақты орында (аймақта) 
қалыптасқан тауарларды өткізудің әлеуметтік-экономикалық, сауда-
ұйымдық және басқа жағдайлары. 
Корпорация - кәсіби немесе мақсат мүдделері ортақтығымен біріккен 
қоғам, одақ адамдар тобы. 
Котировка - 1) баға-бағыт; 2) биржалық бағана, бағытты белгілеу 
(бағаны котировка жасау); 3) биржадағы бағалы қағаздың немесе тауардың 
құны; 4) бағалы қағаздардың валютаның биржалық құны туралы ресми 
жарнама. 
Купон - келісіп алынатын, содан кейін пайыз немесе дивидент алу 
кезінде қолхаттың орнына берілетін бағалы қағаздың облигацияның 
немесе акцияның бөлшегі. 
Күрделі өсімдер - өсімді табысқа салынатын өсім. 
Лизинг - мамандандырылған қаржы (лизингті) компаниясының 
қатысуымен машиналар, жабдықтар, қозғалатын мүліктер негізгі 
капиталдың басқа да алуды қаржыландырудың ерекше формалары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет