«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет60/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124
экономика негиздері кітап

3 сұрақ. 
Акционерлік қоғамдардың акциялары. 
Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын 
куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы 
қағаз. 
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес 
салынған капиталына белгілі бір дивидидент алуға құқық береді. Акцияны 
иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы 
қағаз иесінен айырмашылығы ол акцияны сатып алу барысында қоғам 
капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алушысы 
болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісімшарт жасайтын 
кредитор болып табылады. Акционерлік АҚ- ның несие берушісі болып 
саналмайды. Және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты 
дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды 
талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының 
шамасы байланыста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы 
жиналысында бұл пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары 
шешіледі. 
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік 
капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері 
акционерлер санын ұлғайтуға ұмытылмайды, себебі әр акционерлердің 
жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген 
акционер өзіндік бар “ескі” акциялар сатып ала алады. 
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор биржасында бір 
кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нарықты 
қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға ие 
болуы мүмкін. Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, 


93 
акцияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасын және сол 
акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға 
бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп 
қарауға болады.
Акция бағанының деңгейіне, сондай – ақ бағалы қағаздарға сұраныс 
пен ұсыныс сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді. Мұнда дүрбеленді 
сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ықпалдардың болуы мүмкін. Бұл 
жақтардың әрқайсысының артында тиісті “қаржылай” ой – пікірлерді 
қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы іс әрекеттері 
тұрады.
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы 
дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есептелетін барлық таза пайда, 
оған бөлінген пайданы қосқандағы шамасына да сүйенеді. Акцияның 
нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай формуламен анықталады: акция 
бағамы тең бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген бағам 
бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына.
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін 
акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуінше және атаулы 
түрлері болады. Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне компанияның 
акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы 
акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде 
тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола 
алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр 
алуан құқықтық актілер қызымет етеді. Кейбір елдерде мәлімдеуші 
акцияларға көңіл аударатын болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға 
мән береді. Акцияның әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен 
кемшіліктері болады.
Мәлімдеуінше 
акциялар 
біршама 
қарапайым 
және 
сауда 
операцияларына өте қолайлы. Мұндай жағдайда компанияларды 
иеленушілердің аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны сату және 
сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам 
құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі 
қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін.
Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық 
негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға 
құқық береді. Артықшылығы бар акциялар жай акциялармен 
салыстырғанда оның иеленушілері үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі 
бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың бірінен артықшылығы бар 
акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс шамасы белгілі 
болғанға дейін төленеді.
Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда 
тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы 
бағам бойынша акцияларды сатып алу арқылы пайданы бөле алмайды. 
Артықшылығы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да 
шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға: 10% 


94 
денгейінен асқан жай акциялардың дивидентінің әр пункті үшін 
артықшылығы бар акциялар бойынша 0,5-дан дивиденттің ең жоғарғы 
деңгейі 20-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артықшылығы бар 
акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылығы, ол акционерлік қоғам 
жойылуы барысында, оның мүлкін бөлісуде артықшылық құқтарды иелену 
мүмкіндігімен сипатталады.
Жай акцияны өтуден бұрын артықшылығы бар акцияны иеленушілер 
үшін АҚ жойылуы барысында орын алатын жағымсыз жақтары да бар. 
Акционерлік қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті заңды түрде құрылған 
жасырын резевтері болады, соның нәтижесінде жай акциялардың бағамы 
олардың номиналдық құнына біршама жоғарғы мөлшерде өтеді. 
Акционерлік қоғамдардың облигациялары
Облигациялардың 
экономикалық 
жаратылысы 
келесідей 
үш 
ерекшелігімен сипатталады: 
облигация – шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын 
капитал шоғырландыру құралы; 
облигация – онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын 
борыштық құрал; 
облигация – ұзақ мерзімді борыштық міндеттеме. 
Шаруашылық жүйенің дамуы мен қоғамның және шаруашылық 
міндеттердің біртіндеп қиындай түсуі, ұзақ мерзімді несиеге деген 
қажеттіліктің маңызын арттыра отырып, әр алуан шаруашылық ұйымдарда 
шығындарды қаржыландыру үшін және зайымдарды сату жолымен жүзеге 
асырылуы акциалар шығаруға қарағанда біршама тиімді. 
Облигация өзінің заңды және несие құралы ретінде қызмет етеді. 
Оны шығару және сатудағы дербестігі, сондай – ақ қор биржасы 
арқылы кеңірек айналысы, облигацияның ұзақ мерзімді несиеге деген 
қажеттілікті қанағаттандыру және капитал жинақтаудың тартымды 
құралдарының біріне айналдырады. Облигацияны сатып алу барысында 
ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі, оған 
қаражат керек болған жағдайда, оның облигацияны сатып алуға кеткен 
капиталды қайтарып алады. Екінші жағынан инвестордың қаражатқа деген 
мұқтаждығы болмаса, яғни оның ісі ойдағыдай болса, онда ол өзінде бар 
облигация бойынша ұзақ уақыт бойы пайыз түрінде белгілі бір мөлшерде 
немесе тұрақты табыс алып отыруға кепілдік береді. 
Облигация мынадай басты элементтерден тұрады. Облигация деген 
жазу: облигацияны шығарушы фирманың аты және орналасқан жері; 
фирма немесе сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі туралы жазу; 
номиналдық құны; пайыз төлеу уақыты; шығарылған жері және күні; сол 
сияқты облигацияның сериясы мен нөмірі; эмитенттің өкілетті 
тұлғаларының қол қою үлгісі мен құқықтары. 
Негізгі бөлігінен басқа облигацияға пайыз төлеуде қолданылатын 
купон қосылады. 


95 
Пайыз төлеуге арналған купон мынадай негізгі элементтерді қамтиды: 
пайыз төлейтін купонның реттік нөмірі; пайыз төленетін жыл және 
облигация элементінің өкілеттік тұлғаларының қол қою үлгілері. 
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен 
ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады. 
Қамтамасыз ету әдістеріне қарай облигациялар заңды құжаттармен 
қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің 
қолында болады. 
Қамтамасыз етілген облигациялар заңды құжаттармен қамтамасыз 
етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында 
болады. 
Қамтамасыз 
етілген 
облигацияларды 
шығаруда 
және 
оны 
ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен роль беріледі. 
Қамтамасыз етілген облигациялар – қоғам мүлікімен қамтамасыз 
етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені білдіреді. 
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқтарына 
байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі. 
Қайтарып алатын облигациялар – эмитенттеріне номиналдық құнынан 
алатын бағада ертерек төлеуге құқық береді. Арнайы өтеулі мерзіміне 
дейін аз уақыт қалса, соғұрлым ‘қайтару бағасынан’ төмен болып келеді. 
Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін пайыз мөлшері 
тұрақты болмайды.
Жинақталған қор облигацияларды – бұл пайдада алынатын 
қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Мұндай 
бағалы қағаздарды сатып алу тең партиялармен сатылап жүргізілумен 
қатар, олардың жоғары сапалылығын қамтамасыз етеді. Жинақталған қор 
бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына 
номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді. 
Табысты облигациларға байланысты төлемдер сол қаржылық 
жылдағы қоғамның пайдасына тәуелді. 
Ұлғаймалы облигациялар оны ұстаушыларына жоғары пайызбен 
өтелуі мерзімін созуға құқық береді. 
Қысыңқы облигациялар ұстаушыларына белгіленген шығару шартына 
байланысты облигацияны тапыруға құқық береді. 
Сериалды облигациялар негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, 
төленетін пайызды жылдан жылға жоғарлатуды қамтамасыз етеді. 
Айырбасталатын облигациялар – инвесторларды акционерлік қоғамға 
бекіту мақсатында шығарылатын және жай немесе артықшылығы бар 
акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді. 
Айырбастау жағдайында кейде ұстаушы аз ғана сыйақы алады. 
Ордерлі облигациялар – жаңа облигацияларды немесе акцияларды 
тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай-ақ облигациялар 
акциямен байланысты сатылуы мүмкін мұнда сауданың танымалы 
қағидасы “жүктеме ” қолданылады. 


96 
Пайыз тұрақты болып табылмайтын, яғни белгілі бір ірі банктердің 
пайыз мөлшеріне байланысты, бірақ алдын ала белгілеген минумумнан 
төмендемейтін облигацияларды сатып алуға болады.
Тұрақты табысты өнеркәсіптік облигациялардың акциялардан 
айырмашылығы, олар номиналдық бағасымен төменгі бағамда сатылуы 
мүмкін, мысалға 100 теңгенің орнына 97 теңгеге. Облигация бағасының 
мұндай мөлшерде төмендеуін келісім бойынша номиналдық құнына 
жоғары бағамда сатылуын. Яғни 100 теңгенің орнына 104 теңгеге 
сатылуын айтуға болады. Ажио облигацияның өтелу мерзімі сәйкес 
келгенде, пайыздық төлемдермен қатар, қосымша табыс түрінде беріледі.
Ол облигацияның ажио және дизажио пайызына негізделетін 
табысының сомасы облигацияның сатып алу шартына баға берудегі 
маңызды көрсеткіш болып саналады. Іскерлік әлемде бағалы қағаздармен 
түсетін табысты рендит сөзімен бейнеленеді. Тұрақты пайыз әкелетін 
бағалы қағаздар рендиті мынадай формуламен есептеледі: 
Өнеркәсіптік облигацияның көптеген түрлері болады. Иелеріне 
қарыздарын қайтармай өмірлік пайыз төлеп отыратын облигациялар және 
т.с.с түрлері болады.
Өнеркәсіптік облигациялардың эмитенттер үшін бірқатар кемшіліктері 
бар. Өнеркәсіптік облигациялар бойынша төленетін тұрақты пайыз фирма 
үшін тұрақты шығындардың өсуін білдіреді. Өндірістік құлдырау 
уақытында мұндай шығындар дивиденттерге қарағанда ерекше сезіледі.
Тұрақты табысты бағалы қағаздардың бағамы әр түрлі болады. 
Сондықтан да олар қор биржасында мүдделендіру құралы болып 
табылады. Мұндай бағалы қағаздардың бағамының өзгеру себебі, әр уақыт 
кезіндегі ұлттық өндірісте жаңа облигациялардың шығуына, тұрақты 
табысы ұлғайған мөлшерде басқа да бағалы қағаздардың шығуына 
байланысты, соның нәтижесінде бұрын шығарылған бағалы қағаздардың 
бағамдар өзгереді. Тұрақты пайыздық облигациялар немесе басқа да 
бағалы қағаздары бар әрбір иеленуші мынадай міндеттерді шешеді: ескі 
үлгідегі облигацияны біршама төменгі бағада сатып алу барысында 
немесе ескі үлгідегі облигацияны сатып алуда, сондай – ақ жаңа үлгідегі 
біршама жоғарғы тұрақты табыс бар облигацияларды сатып алғаннан, ол 
не зиян шегеді немесе ұтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет