Экономикалық теория және



бет9/15
Дата12.02.2024
өлшемі74.51 Kb.
#491660
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
metod rekom tgu kaz 22-23 (1)

Формулалар мен теңдеулер


Формулалар мен теңдеуді мәтіннен бөлек жолмен бөліп көрсету керек. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдік (=) белгісінен кейін немесе плюс (+), минус (–), көбейту (×), бөлу (:) немесе өзге математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі белгі келесі жолдың басында қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде, «х» қолданылады.
Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген жалғастығымен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.
Курстық жұмыстағы формулаларды бүкіл курстық жұмысы шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңгелек жақшаларда араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Мысалы:


А=а:б, (1)

Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаларда беріледі. Мысалы – ... формулада (1).


Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір цифр алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб цифрларының бөлек нөмерлерімен нөмерленуі тиіс, мысалы формула (А.1).
Курстық жұмыста математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.

Пайдаланылған және сілтеме жасалған әдебиеттер тізімі


Дерек көздері туралы мәліметті курстық жұмыстың (жобасының) мәтініндегі дерек көзедеріне сілтемелер жасаудың пайда болу тәртібімен орналастыру, нүкте қоюсыз араб цифрларымен нөмерлеу және шегініс жасап абзацтан басу керек (Қосымша 8).
Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сүйену көзделеді.
Стандарттарға және техникалық шарттарға сүйену кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер жасау квадрат жақшаларда келтіріледі. Мысалы, [2,б.17].
Газеттерден ақпараттарды пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет