Иллюстрацияларды (сызбаларды, графиктерді, компьютерлік басып шығаралыған беттерді, диаграммаларды) курстық жұмыста, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.
Иллюстрациялар компьютермен орындалған болуы және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасалмауы мүмкін.
Компьютерлік басуды пайдалану арқылы графиктерді, диаграммаларды, сызбаларды орындауға рұқсат етіледі.
А4 форматынан кіші мөлшердегі фотосуреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.
Қосымшалардағы иллюстрацияларды қоспағандағы иллюстрацияларды, жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді.
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді.
«Сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді. Иллюстрациялардың, қажет болған жағдайда, атауы және түсініктеме деректері (суреттердің астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет» сөзі мен оның атауы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.
Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.
Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 2-суретке сәйкес...» деп жазу көзделеді.
Кестелер
Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, кесте сөзінен кейін келесі жолға шегініс жасап абзацтан орналастыру керек (Қосымша 6).
Курстық жұмыста кестені, ол туралы бірінші айтылатын мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру керек.
Барлық кестелерге жұмыста сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмерін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қоспағандағы кестелер жүйелі, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб цифрларымен нөмірленеді.
Көп жолдарды алатын кестені екінші параққа ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін екінші параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан
«Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмерін көрсетеді, мысалы: 1-кестенің жалғасы. Кестенің бір бөлігін төменгі горизонталь сызыққа ауыстыру кезінде, шектеуші кестені жүргізбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |