Курстық жұмыстың тақырыбы кафедраның әдістемелік семинарының отырысында жаңартылып, бекітіледі (Қосымша 1).
Курстық жұмыстың тақырыбын студент өзі таңдайды.
Курстық жұмыс тақырыбын таңдау барысында студент төменгі критерияларға сүйенуі керек:
Біріншіден, тақырыптың өзектілігі. Тақырыбы өзекті болып табылатын курстық жұмысты орындау;
Екіншіден, таңдалған тақырыптың түрлі қайнар көздерде, оның ішінде Қазақстан Республикасының қайнар көздерінде сипатталу толықтығы;
Үшіншіден, өзінің зерттеу шекараларын нақты анықтау; Төртіншіден, ізбасарлық;
Бесіншіден, мәселенің өңделу дәрежесі.
Курстық жұмыс тақырыбын бекіту үшін студент кафедрада өтініш жазады, онда таңдалған тақырыптың нөмірі мен атауы көрсетіледі (Қосымша 2).
Бір топтың екі немесе бірнеше студенттеріне бір тақырыптағы курстық жұмысты орындауына рұқсат етілмейді.
Курстық жұмыстың сәтті жазылуына зерттелетін тақырыпқа қатысты ақпарат көздерін шығармашылық тұрғыдан зерттеп қарастыру ықпал етеді.
Ақпарат көздерін талқылауға студент курстық жұмыс тақырыбын таңдап, бекіткеннен кейін бірден кіріседі. Осы жұмыс барысында ол курстық жұмыс үшін таңдалған сәйкес зерттеу заттарының қазіргі таңдағы жағдайын талдауы тиіс.
Курстық жұмыстың таңдалған тақырыбына сәйкес студентке, ең алдымен, кафедрамен ұсынылған негізгі әдебиетті талдау қажет, ал содан кейін қосымша әдебиетті студен дербес түрде іріктеп қарастырады.
Мәселелердің тереңнен талқылануы үшін қосымша отандық және шетелдік қайнар көздерді, сондай-ақ нұсқамалар сияқты ведостволық нормативтік құжаттарды пайдалануы қажет.
Периодикалық бөлімдегі аталмыш мәселе бойынша жарияланған мақалалар және материалдармен танысу қажет.
Қайнар көздерге сілтеме жасау барысында оларды шынайы қолдану қажет, оларды талдап, нормативтік құжаттардың ережелері және авторлардың пікірлерімен негізді түрде келісіп немесе келіспеу қажет.
Қайнар көздерді мақсатты түрде іріктеу (таңдау) үшін оқытушыдан кеңес алып, содан кейін ғана әдебиеттің ізденісін бастау керек.
Кітапханалық каталогтармен да танысу керек: алфавиттік, жүйелік, пәндік, сондай-ақ түрлі библиографиялық анықтама басылымдары. Сонымен қатар, журналдар мен газеттердегі мақалаларды да қарастырған жөн.
Жалпы ережелер мен талаптарды ескере отырып, әдебиеттің библиографиялық сипаттамасын бірден дұрыс құру да маңызды. Тақырып бойынша таңдалған әдебиетті алфавит әріптері бойынша бөліктерге бөле отырып, осы үшін арнайы басталған дәптерге жазған жөн. Монография, журналды және газеттік мақалалар бойынша библиографияны құруды ағымдық жылы басып шығарылған еңбектерден бастап, біртіндеп ғана алдыңғы жылдары шығарылған әдебиеттерге көшу керек. Осындай тәртіп (7 қосымшада библиографиялық сипаттама мысалдары келтіріледі).
Достарыңызбен бөлісу: |