Экономикалық теория және


Курстық жұмыстың құрылымы



бет6/15
Дата12.02.2024
өлшемі74.51 Kb.
#491660
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
metod rekom tgu kaz 22-23 (1)

Курстық жұмыстың құрылымы


Курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің атауы
«Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды»,
«Қолданылған әдебиеттер тізімі» курстық жұмыстың құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған курстық жұмыстың мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоюсыз, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Егер атауы екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Курстық жұмыстың парақтарын нөмерлеу


Курстық жұмыстың парақтарын, курстық жұмыстың бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмерленуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмерлеу көзделеді. Беттің нөмірі төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Бірінші (титулдық) бет, мазмұны, бірінші (титулдық) беттегі Кіріспе беттер жалпы нөмерлеуге кіреді. Бірінші (титулдық) беттегі, Мазмұндағы беттердің нөмері қойылмайды. «3» цифры Кіріспенің екінші бетіне қойылады.
Жекелеген парақтарда орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер курстық жұмыс беттерінің жалпы нөмерлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарады).

Тарауларды, параграфтарды және тармақтарды нөмерлеу


Курстық жұмыстың тараулары, шегініс жасап абзацпен жазылған және нүктесіз араб цифрларымен белгіленген, бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф номері, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде санау келтірілуі мүмкін.
Әрбір санаудың алдынан дефис қою немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде санаулардың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.
Санауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қойылатын араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу абзацтан шегініс жасау арқылы жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет