3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
Дағдарыс жағдайында үйлесім құрылымына мемлекеттік ықпал етудің барлық әдістері пайдалануы тиіс. Шартты түрде оларды жанама және тікелей деп атауға болады.
Қаржылық және ақшалық реттеудің жанама әдістері өзіне салықтық және кредиттік саясатты қосады.
Салықтық саясат басты назарды салықты жинауға, өтелім сая-сатына (өтелім мөлшерін белгілеу, өтелім аударымын индекстеу, тездетілген өтелім) бағыттайды. Кредит саясаты - мөлшер есебін, кредитті шектеу немесе өктемдік беру, мемлекет кепілдігін реттеуге бағытталады.
Одан басқа кеден саясаты, бағаны реттеу маңызды рөл аткарады.
Тікелей мемлекеттік қаржылық реттеу бюджеттік инвестицияны, қаражаттандыруды, субвенцияны (жәрдем қаржы) және аумақтың дотациясын (демеу қаржы), сондай-ақ тікелей ықпалды басқа шараларды бөлуде көрінеді.
Мемлекеттік құрылымдық саясатты жүргізу келесі тұжы-рымдық негізде (көзкараста) болуы тиісті.
1. ЖІӨ құрылымы, секторлық құрылым, макроүйлесім мемлекетпен реттелуі, ал, мезо және микроүйлесім таңдаумен реттелуі тиіс.
Тұрақтылық, алдын ала болжау және өндіріс өсуін ынталандыруды құру.
2. Сұраныстың көбеюін шетелдік экспорттаушылар емес, отандық өндірушілер пайдалануы үшін, іріктеу қолдампаздығы жүйесі қызмет істеуі тиіс.
3. 5-10 жылға даму болжауы мен жоспарын әзірлеу мақсатына сәйкес, басқа макро көрсеткіштермен бірге құрылымдық та маңызды орын алар еді
4. Құрылымдық қайта құру түрлерін таңдау: бірінші түрі машина құрылысы мен құрылыстағы инвестициялық кешеннің басымды салалары санатында қарастырылады; екінші түрі бойынша мұнай-газ өндіру басымдылық алады, ал басымды колдануды - кен өндіру саласындағы ресурс сақтайтын технология алады.
Сөйтіп, экономикалық құрылымды өзгертуу бойынша мем-лекеттік саясат ғылымды қажетсінетін салаларды қамтамасыз етуге (оның ішінде қорғаныс кешені шеңберінде), сондай-ақ, қазақстандық экономикадағы оның құрылымындағы тұтыну секторындағы үлесін елеулі көбейтуге көмектесетін, салалардың дамуына бағытталады.
Достарыңызбен бөлісу: |