«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Дискреционды  емес (автоматты) фискалды саясат



бет29/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Дискреционды  емес (автоматты) фискалды саясат үкіметтің арнайы

шешімдерін  талап етпейді, себебі ол мемлекеттік шығындардың және мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің автоматты өзгеруіне әкелетін кіріктірме тұрақтандырғыштардың әрекетіне негізделеді. Бұл мемлекеттің белсенді емес фискалды саясаты.

     Кіріктірме (автоматты) тұрақтандырғышы – бұл экономикалық конъюнктураның өзгеруіне автоматты реакция беретін экономикалық механизм.

     Кіріктірме тұрақтандырғыштар өзін өзі реттеу негізінде экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Кіріктірме тұрақтандырғыштарға жатады: прогрессивті табыс салығы, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, кедейшілік бойынша жәрдемақы, фермерлерге субсидиялар және пайданы бөлісу.

Кіріктірме тұрақтандырғыштар көмегімен экономикалық конъюнктураға байланысты салық түсімдері және мемлекеттік трансферттер өзгертіледі. Құлдырау кезінде кіріктірме тұрақтандырғыштар мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің азаюына, әлеуметтік төлемдердің көбеюіне, мемлекеттік бюджеттің тапшылығына әкеледі. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет