«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша дәріс кешені


Салық жүйесін  құрудың қағидалары, негізгі құралдары



бет31/44
Дата02.01.2022
өлшемі406 Kb.
#452315
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
3. Салық жүйесін  құрудың қағидалары, негізгі құралдары.

      Экономиканы мемлекеттік реттеуде салық жүйесі маңызды роль атқарады. Салық жүйесі – бұл мемлекетпен міндеттелетін салық, алым, баж және басқа да төлемдердің жиынтығы. Баж – бұл белгілі бір елдің заңдылығымен қарастырылған тиісті мемлекеттік органдармен алынатын ақша жинақтары. Кең тараған баж салығының түрлері:регистрациялық, гербілік, пошталық, соттық, мұрагерлік, кеден. Орта ғасырда баж ретінде мемлекетпен, қалалармен, феодалдармен жолдарды, көпірді пайдаланғаны үшін және сот процестерін жүргізгені үшін төлем қарастырылды.

      Алым  – бұл белгілі бір құқықтарды немесе рұқсатты (лицензияны) беру шарты болып табылатын ұйымдар мен заңды тұлғалардан алынатын міндетті төлем.

      Салық – бұл заңды тәртіп негізінде алдын ала белгіленген және бекітілген шаруашылық субъектілердің табыс бөлігін мемлекет мүддесіне алу.

      Салық салу – бұл мемлекеттік қаржының көздерін толтыру және табыстарын реттеу тәсілі.

 

      Қалыптасу механизмі бойынша салықтар екі негізгі топқа бөлінеді: тікелей және жанама. Тікелей салықтар табыс алушылар, мүлікті иемденушілерден алынады. Жанама салықтар тауарлар мен қызметтерді сатып өткізу және тұтыну саласында алынады. Тікелей салықтарға тұрғындардың табыс салығы, корпорация пайдасына салық, капитал өсіміне салық, мұрагерлік пен сыйлыққа салық, мүлікке салық жатады. Жанама салықтарға айналымнан салық, қосымша құнға салық, жеке тауар түрлеріне салық (акциз), кеден бажы жатады.



      Қазақстанда салықтар екіге бөлінеді: республикалық және жергілікті салықтар. Республикалық салықтар жалпы міндетті болып саналады және республика бюджетіне тең үлестермен түсіп отырады. Жергілікті салықтар жартылай міндетті болып саналады және салықтардың бір бөлігі жергілікті билік органдарының шешімімен бекітіледі.

     Кез келген мемлекеттің салық жүйесі үнемі өзгеріп отырады, себебі ол елдегі болып жатқан көптеген жағдайларға  ықпал етеді. 


 
 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет