І кезең-1998-2000 жж.
1. Өңірлік біршама тәуелсіздігін қамтамасыз етуге тиісті, саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы шаралар кешенін әзірлеу.
Экономиканың тоқыраулық жағдайын және артта қалған
өңірлердің әлеуметтік аясын дамытуды жеңуге бағытталған,
мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық жағдайына сәйкес аумақтық басымдылықты негіздеу.
Елдің барлық аумағындағы экономиканы мемлекеттік ынталандырумен кейбір өңірлерді іріктемелі мемлекеттік қолдаудың ұштастырылуы.
II кезең-2001-2010 жж.
Шешілетін міндеттердің әрі қарай тереңдетілуі:
Еңбек және капиталдың, институциональдық және рыноктық инфрақұрылымның өңірлік және жалпы мемлекеттік дамуы
мен нығаюы.
Шағын және орта қалалардағы шаруашылықты қолдау және
қайта құрылымдау, олардың экономикасын дағдарыстан шығару
проблемаларын және әлеуметтік-экономикалық дамуын бірінші
дәрежеде шешу.
Артта қалған ауылдар мен селолардың өркендеуі үшін материалдық негіздерін құру.
III кезең - 2011-2030 жж.
Экономиканың өңірлік кеңістікті құрылымын қалыптастыру. Оның аумақтық ұжымдарын жетілдіру, аймақтық шаруашылықтың салааралық және ішкі салалық үйлесімсіздігін бірте-бірте жұмсарту, өңіраралық инфрақұрылымдар құру.
Өндірістік кешеннің ресурстық-шикізаттық теңдестігін
қамтамасыз ету, экологиялық және экономикалық теңдестікті
сақтау (орнына келтіру), әлеуметтік-техникалық және аумақтың
табиғи ресурстарын одан гөрі тиімдірек пайдалану.
Өңірлер бойынша өмір сүру деңгейі мен сапасының
ақталмаған айырмашылықтарын теңестіру, экономиканың тоқырау
жағдайын жену және элсіз дамыған аймақтардағы әлеуметтік аяны
игеру.
Мемлекеттің дамуында өңірлер мен олардың билік органының рөлін көтеру оқшауланған емес мәнді жағдаймен қатар шартталған әлемдік беталысы болып табылады:
шешуші рөл әлеуметтік аспектілеріне, адами факторына бекітіледі;
аумақтық азара байланыс елеулі өседі;
еңбек ресурстарының жинақылығы артады;
өндірістік инфрақұрылым мен аймақтың инфрақұрылымы өзгереді;
- аумақтық еңбекті бөлу тереңдейді, барған сайын оның халықаралық аспектісі маңызды мәнге ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |